175
Тарихшы, қоғам қайраткері, заңгер Мұсағалиев (Мусин) Ғабдолғазиз 1880 жылы Бөкей
ордасында туған. Алғаш ауыл молдасынан сауат ашқан Ғабдолғазиз одан
әрі Қазақ медресесіне
оқуға түскен. Медресені аяқтағаннан кейін арнайы ақсүйектер мектебінде оқиды. Каирдегі әл-
Каһира университетінің заң факультетіне оқуға түсті. Мысырдың бай кітапханасын сүзіп,
халифат дәуіріндегі қолжазбалармен танысты, түркі халқыньщ ежелгі тарихын зерттеді.
Шетелдің 8 тілін (қытай, араб, парсы, түрік т.б.) білген. «Гүлжиһан»
атты дастанды зерттеп,
қазақ тіліне аударды. Университетті бітірген соң 1909-1910 жылдары Үндістан,Пәкстан,
Индонезия, Жапония т.б. елдерді аралайды. Сапардан оралған соң, Жетісу облысының Қапал
уезіне келіп, «Мамания» мектебінде сабақ береді. 1912-1914 жылдары қазақ, татар тілдерінде
жарық көрген мерзімді басылымдарда қазақ халқының тарихы мен мәдениеті, қоғамдық-саяси
мәселелері туралы көлемді мақалалар жариялады. Ғ.Мұсағалиев «Айқап» журналы мен«
Қазақ» газетінің тұрақты авторларының бірі болған. «Айқап» журналында оның «Тарих»,
«Қазақ жайынан», «Ухшат», «Бәдәуит һәм мәденият», «Жазу мәселесі», «Айқапты ұлкейту
қақында», «Кімге өкпелерге керек?» т.б.
мақалалары жарияланып, оларда қазақ елінің арғы-
бергі тарихы мен
мәдениетінің өзекті мәселелері, шет елдермен қарым-катынастары жөнінде
мәліметтер келтірілді. Ғ.Мұсағалиевтің [[« Жетісу қазақтары жайынан»]]
атты мақаласы
(«Қазақ» газеті, 1914 ж.) ғылыми құндылығын осы кезеңге дейін жоймаған. 1917 жылы Ордада
«Ұран» аталатын жартылай ресми газет шығарды. 1918 жылы сәуір-мамырайларында өткен
Бөкей ордасы Кеңестерінің бірінші съезіне төрағалық етті. Мұсағалиев Ордада 2-5 қыркұйекте
өткен мұғалімдердің бірінші съезінде төралқаның тұрақты төрағасы міндетін атқарды.
«Дұрыстык жолы» газетін, « Мұғалім» атты журналды (10 нөмірі жарық көрді) шығарып,
таратуға үлес қосты. 1923 жылдан бірыңғай әдеби қызметпен айналысады. Ғ.Мұсағалиевтің
бұдан кейінгі өмірі жөніндегі деректер тым аз. 1933 жылы Алматыда қайтыс болған.
Достарыңызбен бөлісу: