Жеңіс көшесі – (бұрынғы Набережная көшесі)- Деркөл кентіндегі жаңа көше.
Жәңгір хан көшесі - (бұрынғы Волгоградская көшесі)
Жәңгір хан Бөкейұлы (1801-1845) - Кіші жүздің Әбілқайыр хандығынан бөлініп шыққан
Бөкей ордасының соңғы ханы, Әбілқайырдың шөбересі, Нұралының немересі. Оның шын аты -
Жиһангер. Әкесі Бөкей Еділ мен Жайық арасындағы елін әуелі сұлтандық дәрежеде басқарады
да, кейін орыстың қазақ хандықтарын бөлшектеп, әлсірете беру саясатына орай 1812 жылы хан
атағын алады. Бірақ ол хандықтың қызығын көп көре алмай, 1815 жылы қайтыс болады. Хан
тағы мұрагерлік жолмен Бөкейдің артында қалған үш баласының үлкені сыртта Астрахань
губернотары Андреевскийдің үйінде оқып жүруіне байланысты, ол ер жетіп, оң солын жете
танығанша билікті Бөкейдің інісі Шығай сұлтан қолға алады. Еуропалық білім алып, орысша
тәрбиеленіп, хандықты әкімшілік жағынан басқару тәсілдерін үйреніп келген жас жігіт 1823
жылдан бастап билік тізгінін өз қолына алғаннан кейін, патша өкіметінің саясатын бұлжытпай
орындап, Батыс Қазақстанда жүзеге асырушы қуыршақ ханның бірі болады. Ішкі Орданың
іргесі бекіп, ішкі әлеуметтік — шаруашылық жағдайы қалыптасып, нығайған тұсы 1823 —
1845 жылдары Жәңгір хан басқарған кезең болатын. Көзі ашық, көкірегі ояу, орыс, татар, араб,
парсы тілдерін жетік меңгерген Жәңгір - Ресей үкіметінің көптеген наградаларымен
марапатталып, алтын тәжбен безендірілген I дәрежелі Әулие Анна орденінің кавалері атанып,
генерал — майор шеніне дейін көтерілген тұңғыш қазақ ханы. Жәңгір 1824 жылдың күзінде
Орынбор муфтиі Мұхамеджан Хусейновтың қызы Фатимаға үйленеді. Фатима европаша білім
алған, тілдерді жетік меңгерген, би, музыкаға жақын болатын. 1826 жылы хан Жәңгір жұбайы
Фатима ханшамен Орыс патшасы Николай I-нің таққа отыру рәсіміне шақырылады. Мәскеу
қаласында өткен салтанатта Фатиманың білімділігі мен мәдениеттілігіне орыс
интеллигенциясы, Фатиманы биге шақырған Николай патшаның өзі де, оның орысша таза
сөйлеп, билегеніне тәнті болады. 1827 жылы Жәңгір хан патшаға ерекше шеберлікпен
жасалған киіз үйді сыйға тартады. 1829 жылы императрица Александра Федоровна Фатима
ханшаға бразилия топаздарымен безендірілген алтын диадема, тарақ және сырға сыйлайды.
Жәңгір билік еткен кезде Еділ, Жайық өзендері мен Каспий теңізінің жағалауындағы жерлерді
қазақ шаруаларының пайдалануына тиым салынады. Олардың бұл өңірлерге мал жаюға, балық
аулауға қақылары болмайды. Бұған салықтың көбеюі мен бөлісінде шаруалар үлесінің кемуі
келіп қосылды да, осының бәрі жиылып келіп, Бөкей ордасында Исатай Тайманов пен
Махамбет Өтемісов бастаған шаруалар көтерілісінің тууына әкеп соғады. Жәңгір хан өзі билік
құрып тұрған кезде елді отырықшылыққа көшіру, мектеп ашып балаларды оқыту мәселесіне
ерекше көңіл бөлді. Ол ашқан мектептен білім алған алғашқылардың бірі белгілі қазақ
этнографы, Орыс география қоғамының қызметкер мүшесі Мұхаммед Салық Бабажанов бұл
ретте былай деп жазады:
ханның ықпалымен және жанашырлығымен Ордадағылар білімнің қажеттілігін сезіне бастады. Шәкірттер мен мұғалімдерді ынталандыру үшін марқұм хан ақшасын да, өзінің ынтасы мен ордалықтарға оқу білімнің пайдасы жөнінде түсіндірмек болған ынтасын да аямады. Өзінің сарайында мектеп ашып, 60 адам ислам діні, орыс жазуы және тіл жөнінде дәріс алды. Бұл мектеп сарай маңында осы күнге дейін «Жәңгір мектебі» деп аталып келді. Ондағы 30 бала Орданың шаруашылық қаржысы есебінен білім алуда»». Кезінде Жәңгірдің өзі де Қазан университетінің кітапханасына араб, парсы, түркі тілдерінде
жазылған маңызды қолжазбаларды сыйға тартады. Оның ағартушылықты таратуға деген
еңбегін құрметтеп, 1844 жылы университеттің ғылыми кеңесі Жәңгірді «Қазан университетінің
құрметті мүшесі» етіп сайлайды. Жәңгір орыс басылымдарын, газет-журналдар, әртүрлі
кітаптар алдырып, бай кітапхана қорын жинақтаған. Оның үйіндегі жеке кітапханасында
186
«Северная пчела», «Отечественные записки», «Современник» басылымдары, Шинкелдің
«Архитектура XIX ст.», Гогольдің «Мертвые души» кітаптары болған. Жәңгір хан - бойында
жақсылығы мен жамандығы жарыса өріліп, атқарған ісінен орайына қарай осының екеуі де
көрініс беріп тұратын күрделі тұлға. Жақсысын көріп, асқақтатып, аспанға шығармай,
жаманын көріп, жатқа санап, жарға итермей, адамгершілікті биік парасаттылықпен тарихи
бағасын халық беріп отыр. Қалайда Жәңгір ханның халқымыздың тарихында өзіндік орны бар
екені ешқандай дау тудырмаса керек.