ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы


Қ.Жұмалиев атындағы көше -



Pdf көрінісі
бет286/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

 
Қ.Жұмалиев атындағы көше -
Зашаған
 
кентіндегі
 
жаңа көше атауы.
Академик Қажым Жұмалиев 1907 ж., 28 желтоқсанда Қаратөбе ауд., Саралжын аулында 
дүнеге келіп, 1968ж. Алматы қаласында дүниеден озған.
1925-1932жж. Орынбор мектебінде, Шымкент ауыл шаруашылығы техникумында 
оқыған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген. 1932-1937 М.Өтемісов 
атындағы мемлекеттік университетте қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі,Алматы 
жоғары оқу орындарында ұзақ жылдар ұстаз болған. 
Жазушы, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым 
Академиясының академигі. Тұңғыш өлеңі – «Батырақ Ғалиасқар». Қ. Жұмалиевтің «Ерғожа 
мен Егізбай», «Шабуыл» өлеңдер жинағы, «Айқас прозасы», «Қанды асу» кітаптары, «Қазақ 
әдебиеті» оқулығы, «Әдебиет теориясы», «Стиль - өнер ерекшеліктері» атты монографиялары 
мен еңбектері жарық көрген.
 
Исатай-Махамбет көтерілісінің тарихынан жазыла бастаған 
романның үзінділері «Айқас» деген атпен басылған. 1930 жылдардың соңғы кезінен бастап 
қазақ фольклорын,әдебиет тарихы мен теориясын зерттеумен шұғылданады. Орта мектеп 
оқулықтары көлемінде әдебиет тарихын жүйелеумен айналысып, 8-9-сыныптар үшін қазақ 


192 
әдебиеті оқулықтарын жазды. Махамбет шығармаларын жинап, бастырып ақын 
шығармашылығына қазақ фольклоры мен әдебиетінің байланыстарына, Абай поэзиясына 
арналған монографиялық еңбектер жазбы. Көп томды «Қазақ әдебиетінің тарихын» жазуға 
қатысып, 2-томның редакциясын басқарды. 
2010 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Қазақ филологиясы кафедрасы 
ғалымның 100 жылдық мерейтойына орай 7 томдық шығармалар жинағын шығарды.
Жұмекен Нәжімеденов көшесі
– Орал қаласының Зачаганск ауылдық округі, «Сарытау» 
шағын ауданындағы жаңа көшеге берілген атау.
Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденов - 1935 жылы 28 қарашада Атырау облысы, Құрманғазы 
ауданы Қошалақ елді мекенінде дүниеге келіп, 1983жылы 22 қарашада Алматы қаласында 
дүниеден озған. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының (мәтіні) авторы, көрнекті 
ақын, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері. 
Жұмекен атасы Нәжімеден Стамғазиевтің бауырында өсіп, тәрбие алған. Сөз бен тарих 
және туған халқының дәстүрлеріне деген ыстық сүйіспеншілік сезімді бала бойында 
қалыптастырған сол кісі.
1956-59 жылдары Қазақтың мемлекеттік консерваториясының халық аспаптар 
факультетінде оқыған.1959-74 ж.«Жазушы» баспасының редакторы«Лениншіл жас» газетінде 
бөлім меңгеруші, Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, 1974-78 ж, Қаз.КСР Баспа, 
полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитеттің редакторы, 978-83 ж. 
«Мектеп» баспасында бөлім меңгеруші болып қызмет атқарған. 
Жұмекен Нәжімеденовтің алғашқы «Егіс» лирикалық жинағы 1961 жылы жарық көрді. 
Төрт жылдан кейін «Жоқ, ұмытуға болмайды» атты поэмалар жинағы шықты. 
Ж.Нәжімеденовтің тірі кезінде барлығы он өлеңдер жинағы мен «Ақ шағылдар» (1973ж), 
«Кішкентай» (1975 ж), «Атақ пен дақпырт» (1978ж) атты үш романы басылды. 
Ақын өлімінен кейін жарық көрген он жинағына тірі кезінде жарияланбаған өлеңдері, 
поэмалары, повестері мен романдары, мақалалары мен аудармалары және тоғыз күй енді. 
Оның шығармалары көптеген тілдерге аударылып, басылды. Ақын А.Вознесенскийдің, 
Е.Евтушенконың, Н.Хикмет пен Ә.Файзи шығармаларын аударған. 
Жұмекен Нәжімеденов Қазақстанның қазіргі әнұран мәтінінің авторы. «Менің 
Қазақстаным» әні оның шығармашылық жолының басында, ақынның 21 жасында жазылған. 
Ол кісінің жұбайы Нәсіп апайдың айтуынша, Жұмекен әнді осыдан 50 жыл бұрын, 1956 жылы 
Алматыда, белгілі шаңқобызшы Гүлсара Піржанованың үйінде жазған. Бұл өлең бір қарағанда 
Қазақстан миллиард пұт астық жинағанына арналып жазылған сияқты болып көрінгенімен , 
негізінен «ел, жер менікі» деген отаршыларға қарсылықтан туған. Оны сезіп қалған 
коммунистер әнді мүлдем шығармай тастауға айналғанда Жамал Омарова ара түсіп, эфирден 
шырқауға мүмкіндік алған. Сөйтіп халыққа жетпей жатып қудалана бастаған ән бағы жанып, 
бейресмиден тәуелсіздіктің арқасында ресми әнұранға айналды. 2006 жылдың 11 қаңтарында 
«Менің Қазақстаным» әні елдің мемлекеттік әнұраны сипатында алғаш рет астаналық 
«Ақорда» резиденциясының шаңырағы астында, Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан 
Президенті лауазымына салтанатты түрде кірісу сәтінде орындалды. 
Алпысыншы жылдардан бастап өлеңдері мен шығармалары, үш романы, аударма 
кітаптары "Жазушы", "Жалын" баспаларынан жарық көрді: "Балауса", "Сыбызғы сыры" ,"Өз 
көзіммен", "Жоқ, үмытуға болмайды", "Жарық пен жылу" , "Күй кітабы" "Мен туған күн" 
"Мезгіл әуендері" "Ұлым, саған айтам" ,"Қызғалдақ жайлы баллада" "Ақ шағыл" , 
"Кішкентай" ,"Даңқ пен дақпырт" ,"Жеті бояу" ,"Шуақ", "Темірқазық" ,"Ашық аспан" , "Менің 
топырағым" ,"Ұрпағым, саған айтам" ,үш томдық шығармалар жинағы "Мен — тамырмын" 
дастандар, "Қасірет пен қайсарлық" ,"Жұмекен" ,"Жаңғырық".
1967 жылы "Жоқ, ұмытуға болмайды!" атты поэмасы үшін Қазақстан Ленин комсомолы 
сыйлығының лауреаты атанған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет