ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет285/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

«Жеңіс» шағын ауданы.
4-ші және 6-шы шағын аудандардың арасы осылай аталады. 
Ұлы Отан соғысының жеңісі құрметін білдіретін абстракты ұғым.
Жалын
көшесі – Зашаған
 
кентіндегі
 
жаңа көше. От, жылулық мағынасындағы абстракты 
ұғым.
 
Б.Жәнекешов көшесі 
Жәнекешов Бисен
 
1888 ж Жәнібек ауданында дүниеге келіп, - 1921ж. Орда ауданында 
дүниеден өткен. Ақын, БҚО-да Кеңес үкіметін орнату жолындағы күреске белсене қатысушы. 
1918жылдан РКП(б) мүшесі. 1916ж. Уфа медресесін бітіріп, ауылда мұғалім болады. Қазан 
революциясынан кейін жергілікті жерде Кеңес өкіметін орнатуға белсене қатысты. 1918ж. 


191 
"Қазақтың 1-ұлттық" атты әскер полкына өз еркімен қосылып, қазақ өлкелік соғыс 
комиссариятының саяси комиссары.
1919 жылы атты әскер полкінің сапында Азғыр, Нарын, Күйгенкөл, Шоқай, Қаракөл, 
Сайқын маңында ақ гвардияшылардың тұрақты әскери бөлімдерін талқандауға қатысады. 
Бөкей ордасы ауданының бір ауылы Б. Жәнекешов есімімен «Бисен» аулы аталды. Сондай-ақ, 
БҚО-да танымал журналистер үшін «Бисен Жәнекешов» атындағы арнаулы жүлде 
тағайындалған. 
М.Жұмабаев атындағы көше -
Зашаған
 
кентіндегі
 
жаңа көше атауы. Мағжан Жұмабаев 
(1893-1938) – ХХ ғасырдың басында қазақ әдебиетінің көгінде жарқырай жанған жарық 
жұлдыздарының бірі. Туған жері - қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы. Әкесі 
Бекен (Бекмағанбет) орта дәулетті, өзінің әділдігімен, адамгершілікті парасатымен ел арасында 
беделі жоғары адам болған. Ауыл мұғалімінен хат танып, сауат ашқан Мағжан 1905 жылы 
Қызылжардағы медресеге оқуға түсіп, оны жақсы үлгеріммен аяқтайды. Ол оқу іздеп Уфаға 
аттанып, «Ғалия» медресесіне оқуға түседі. Қазан қаласында Мағжанның «Шолпан» атты 
тұңғыш жинағы жарық көреді, кейін Омбыдағы мұғалімдер семинариясына түседі.Жастайынан 
орысша оқып, орыс әдебиетінің мәдениетіне еркін жеткен Мағжан қазақ поэзиясына өзіндік 
ерекшелігімен, дарынды болмысымен келеді. Ақындық жүзінде Абайдан соңғы әдебиетке жаңа 
түр кіргізіп, соңына шәкірт ерткен, мектеп ашқан күшті ақын Мағжан екенінде дау жоқ», - деп 
жазады Жүсіпбек Аймауытов өзінің 1923 жылғы «Мағжанның ақындығы туралы» деген 
мақаласында. Бұл кез оның қазақтың ардақ азаматтары Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып 
Дулатұлынан дәріс алып, шығармашылықтың жаңа бір белесіне құлаш ұрған шағы еді.
Азамат! Анау қазақ ханым десең, 
Жұмақтың суын апар, жаным десең. 
Болмаса, Ібіліс бол да у алып бар, 
Тоқтатам тұншықтырып қанын десең 
Екінің бірі, басқа жол жоқ!- деп жазады.
Мағжан «Шолпан», «Сана» журналдары, «Ақ жол» газеті редакцияларында қызмет істеп 
жүргенде де, Москваның Жоғары әдебиет және көркемөнер институтында оқып жүргенде де, 
үнемі ізденіс үстінде, шығармашылық өрлеу жолында болады. Білімі толысып, тәжірибесі 
молайып, кемелді шағына бет алған тарпаң дарынның тағдырына тұтқиылдан келіп араласқан 
Қызыл империяның қызылкөз жендеттері оның жолын кесіп, түрмеге қамайды. Сөйтіп 1929 
жылдан бастап ақын қуғын сүргінге ұшырайды. Әуелі жалған жабылған жаламен он жылға 
сотталады. Одан М. Горкий мен оның әйелі Е. Пешкованың араласуымен, 1936 жылы 
босатылады да, бір жылдан кейін «Халық жауы» деп қайта сотталып, келесі жылы наурыз 
айында ату жазасына кесіледі. 
Мағжан – сыршыл ақын. Оның «Тілегім», «Мені де, өлім, әлдиле», «Сүйемін», 
«Сәрсембайдың жыры», «Жазғы түнде» тәрізді өлеңдері - қазақ поэзиясының қазынасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет