ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет293/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

И.Куличев көшесі - 
(бұрынғы Кирпичная көшесі)
Куличев Иван Андреевич (1920-1979) – Кеңес Одағының Батыры. Балалық шағы Орал 
қаласында өткен, Пермь әскери-авиация мектебін бітірген. Курск шайқасына қатысқан. 155-
гвардиялық авиациялық полк звеносының командирі. Ленин және 3 мәрте Қызыл Ту, 
Александр Невский, 1 және 2 дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған. 
Әскери Әуе күштері академиясын бітіргеннен кейін, Орынбордағы авиациялық училещенің 
бастығы болған. Өзінің түлегі Ю.А.Гагаринді космосқа дайындап, Әскери-әуе инженерлік 
академия факультетіне жетекшілік еткен. Орал қаласындағы 7-орта мектеп Иван Куличевтің 
есімімен аталады.
Қ 
 
Қажымұқан көшесі
– Орал қаласының Зачаганск ауылдық округі, «Сарытау» шағын 
ауданындағы жаңа көшеге берілген атау.
Қажымұқан Мұңайтпасұлы - Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. 
Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге 
жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді 
көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген Қажы Мұқан 
бабамыз. 


199 
Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ 
алыбы! Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 54 мемлекетте күреске түсіп, 48 медаль 
олжалаған Қажымұқандай мықты XX ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта 
ғана болды. Ресейдің балуандар тобында Қажымұқаннан күші асқан ешкім болмағанын да 
айтуға тиіспіз. Дүние жүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, 
Иван Заикин, Георг Лурих, Георг Гаккеншмидт, Поль Понс, Вейланд Шульц сынды 
жампоздармен қатар жүру, боз кілемдегі айқастарда осы балуандарды шетінен жығып, бәйге 
алу - сол заманда нағыз ерлік еді. Ол кезде империяның буына семірген Ресей күресінің 
қожайындары қазақты шын мәнінде менсінбеуші еді. Қажымұқан сондай ортада намысын 
жатқа берген жоқ. Кеудесін ешкімге бастырмады. Күрес қожайындарының, төрешілердің сан 
мәрте әділетсіздігіне белі бүгілмеді, еңсесі түспеді. 
Тарихи деректерге сүйенсек, ол 1871 жылғы 7 сәуірде Ақмола уезі, Қараөткел деген 
ауылда дүниеге келген. Кейбір зерттеулерде, оның1886 жылы туғандығы айтылады. 
Қажымұқан кедей шаруаның баласы болғандықтан, орыс байларына және дәулетті адамдарға 
жалданған. Сөйте жүріп, күреске түсіп, той томалақтарда елге көрініп, бала балуан деген атқа 
ие болған. 
Былай басталатын өлең жолдары оның сал-серілігінен де хабардар етеді: 
Атандым Мұқан палуан, бала жастан. 
Ішінде күштілердің болдым астам. 
Талай-талай жерлердің дәмін татып, 
Өтті дәурен осылай біздің бастан 
Сонда сол циркте жеңген палуан, ең соңында жеңген палуан мен Қажымұқан күреске 
түседі. Оны жыға алмайды, дегенменен халық арасына танылады. Злобин деген цирктің 
қожасына ұнайды да, бұл жаңағы барлық зерттеулерде жазады ол «Ваня ағай» деген атақты 
алғашқы кәсіби Санкт-Петербургдағы мектепті ашқан атақты Лебедевке хат жазып жібереді. 
Сол арқылы ол сол жаққа барады. Сол жақта үш жылдай дәріс алады. Содан кейінгі өмірі 
Қажымұқанның үлкен өрісте болады, жылдан жылға.биіктей түседі.
Сонда ол орыстың көптеген палуандарымен танымсып, дос болады. Олардың ішінде 
Иван Поддубный, Иван Шемякин сияқты мықты мықты дүние жузіне белгілі жауырыны жерге 
тимеген, Иван Зайкин тәрізді балуандар бар, Шульц деген палуан осылармен тек қана күресіп 
қана қойған жоқ, рухани жағынан жақындасып, ұзақ жылдар дос болды. 
Қажымұқанның тұңғыш рет әлемдік деңгейде көрінген шағы — 1906 жыл. Алманияда 
өткен дүниежүзілік сайыста ол әлем чемпионы атанады. Бірақ орыс әкімшілігіне бұратана 
халықтың атын шығарған палуан онша ұнай қоймайды. Сол үшін де Қажымұқан орыс 
палуандарының атымен күресуге мәжбүр болды. Қажымұқанға неше түрлі лақап аттар 
беріледі. Сол кездегі саясат бойынша, бізде тек орыстар ғана емес, жапондықтар да күреседі 
деген жарнамалар жасалып, Қажымұқанды «Ямагата Мухунури» деген лақап атпен күрестіреді. 
Сонымен қатар, Мухан, «Иван Чёрный» сияқты лақап есімдері болған. 
1909 жылғы халықаралық палуандар жарысына ол «Қара Мұстафа» деген атпен шыққан. 
Сөйтіп бүкіл дүние жүзіне Мұқанның неше түрлі лақап аттары тарай бастайды. 
1910 жылы Мұқан тұңғыш рет Оңтүстік Америка құрлығына табан тірейді. 
Аргентинаның астанасы Буэнос-Айрес қаласында өткен еркін күрестен болған біріншілікте ол 
Америка чемпионы атанады. 
1911 жылы Мұқан Мұңайтпасов Ыстамбұлға барады. Сол кезеңде әлемде түрік 
палуандарынан мықты палуандар жоқ сияқты көрінетіндігі соншалық , ол жаққа орыс 
палуандары аяқ баспайтын-ды. Осы ретте намысқой Қажымұқан өзі түркі халқының өкілі 
ретінде Түркияға баруға бел буады. 
Ол поляк қызымен отау құрған. Омбыда мешітке апарып, оған Бәтима деген ат беріп, 
мұсылман дініне кіргізген. Патша үкіметі құлаған соң, балуанның отбасы азамат соғысы мен 
аштықтың салдарынан біраз сергелдеңге тап болады. 
1937 жылы Қажымұқанның ізіне ІІХҚ қызметкерлері түсіп: «Бұл патшаның адамы, оның 
қолынан медаль алған, сыйлық алған сыбайласы» — деп қудалауға ұшыратады. Сол себепті 
Қажы Мұқан отбасын тастап, Түркістан мен Өзбекстанда бас сауғалайды. Өмірінің соңғы 
кезеңі Түркістан жерінде өтеді. 


200 
Ұлы Отан соғысы басталған кезде Қажымұқан ҚКСР Жоғарғы кеңестің төрағасы 
Қазақбаевқа жолығып, оған «Ел аралап, цирк өнерін көрсетсем, сол арқылы ақша тауып, 
майданға көмектессем» — деген ұсыныс айтады. Бұл ұсынысты үкімет қолдап, екі жылға жуық 
жүріп цирк өнерін көрсетіп, 100 мың сомдай ақша табады. 
Егер ол өз заманында тәуелсіз елдің азаматы болса, оның Мұқан Мұңайтпасұлы деген 
шын есімі әлемдік спорт тарихында алтын әріптермен жазылар еді. Өмірінің 55 жылын күрес 
пен цирк өнеріне арнап, 50 шақты медальдің иесі болып, жеңіс тұғырынан түспеген дара тұлға 
— қазақтың нағыз хас батыры. 
Ол 1948 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданы, Ленин туы колхозында қайтыс 
болды. Темірлан деген ауылда, қабырының басына ескерткіш орнатылған. Оның төрт әйелінен 
тараған ұрпақ Түркістан мен Ақмола өңірінде өмір сүруде. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет