195
Белорусь майдандарына қатысқан. 2-дәрежелі Отан соғысы ордені, 3 Даңқ орденімен,
медальдармен марапатталған.
О.Исаев көшесі
Исаев Ораз Жанұзақұлы 1899 жылы қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық
ауданында дүниеге келіп, 1939 жылы өмірден озған. Мемлекет және қоғам қайраткері, саяси
қуғын-сүргін құрбаны. Қарасудағы орыс-қазақ мектебінде білім алған. Ол 1915 – 1918 жылдар
аралығында байларға жалшы болған. 1919 – 1924 жылдары Орал губерниясын кеңестендіру
науқанына белсене қатынасып, болыстық кеңесте хатшы, губернияның төтенше
комиссиясында, Орал губерниялық комитетінде жауапты қызметтер атқарады. Жымпиты уезі
партия комитетінде жауапты хатшы болған. Азамат соғысына қатысып, ақ гвардияшыларға
қарсы күреске араласқан. Орал губерниясында комсомол, кәсіподақ ұйымдарын құрған. 1924 -
1925 жылдар аралығында РК (б) П Қазақ өлкелік партиялық бақылау комиссиясы мен
жұмысшы – шаруа инспекциясы төрағасының орынбасары, КАКСР халкомы болады. КСРО
ОАК және оның төралқасының мүшесі, КАКСР ОАК-ның жауапты хатшысы. Ал 1925 – 1929
жылдары БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің екінші хатшысы. 1925 – жылдан БК(б)П Қазақ
өлкелік комитетінің мүшесі және оның бюро мүшесі. Қазақстанның өнеркәсібі мен ауыл
шаруашылығын өрістетуге, мәдениеті мен әлеуметтік хал – ауқатын дамытуға зор үлесін
қосқан. КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты және КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасының мүшесі.
1935 жылы Ленин орденімен марапатталған. 1939 жылы жазықсыз репрессия құрбаны болды.
Кейін 1956 жылы ақталды.
Достарыңызбен бөлісу: