193
қалалық училищені бітірген. 1915 ж. әскер қатарына алынып, майданға жіберіледі. Атты әскер
бөлімінде кіші унтер-офицер шенінде 1-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Ресей империясының
2 дәрежелі Георгиев кресімен марапатталған. 1918 ж. тамызда
Қызыл Армия қатарына
қосылып, Азамат соғысына қатысады,
алдымен қатардағы жауынгер, кейін взвод және
эскадрон командирі қызметтерінде болады. Жоғарғы командирлер
даярлайтын курстарда
оқиды, әрі атты әскерде эскадрон, полк, бригада, дивизия, корпус командирі қызметін атқарды.
1939 жылы тамызда Халкин – Гол өзені бойында Жуков неміс – моңғол біріккен әскер тобына
басшылық жасай отырып, Жапонияның 6 – армиясын қоршауға алып талқандады. Жуковқа
Кеңес Одағының батыры атағы беріледі. 1940 жылы ол армия генералы шенінде Киев ерекше
әскери
округінің қолбасшысы, ал 1941 жылдың қаңтарынан Бас штаб бастығы және КСРО
Қорғаныс халкомының 1 – орынбасары қызметтерін атқарады.
ҰОС басталысымен Жуков
Жоғарғы Бас қолбасшының жанындағы Ставканың мүшесі ретінде оңтүстік – батыс майданға
жіберіліп, Киев қаласын қорғауды ұйымдастырады. Жуков Резервтік әскерлердің,
Батыс
майдан әскерлерінің қолбасшылығына бекітіледі. 1942 жылы 26 тамызда Жуков Жоғары Бас
қолбасышының 1 –
орынбасары болып тағайындалады, Ставканың өкілі ретінде Сталинград
шайқасына, Ленинград қорғанысы мен Курск шайқасына басшылық жасайды.
Кеңес үкіметінің тапсырмасы бойынша Жуков 1945 жылы 8 мамыр күні одақтастармен
бірге Германияның жеңілгені туралы пактіге қол қояды, сол жылдың 24
маусымында Мәскеуде
өткен Жеңіс шеруін басқарады. 1953 жылы наурызда КСРО қорғаныс Министрінің 1 –
орынбасары, 1955 жылы ақпанынан КСРО қорғаныс министрі болып тағайындалады. КСРО-ң
6 рет Ленин,
Қазан рев-сы, 3рет қызыл Ту, 2 рет 1 –
дәрежелі Суворов, 2 рет «Жеңіс»
ордендерімен, сондай-ақ көптеген медальдармен марапатталған.
Достарыңызбен бөлісу: