204
тұлпар», «Қарлығаш», «Тұрымтай», «Тумыш», «Аға тұлпар» атты бес поэзиялық, «Ойға келген
пікірлерім», «Бәдел қажы» зерттеу еңбектері және т.б. жарық көрген.
М.Көпбергенов атындағы көше
(1922-2001)
-
Желаев кенттік округіндегі жаңа көше
атауы.
Мүсірғали Көпбергенов - ауыл шаруашылығын дамытуға үлес қосқан қоғам қайраткері,
Ленин орденінің иегері.
Құлагер көшесі
-
Зашаған
кентіндегі
жаңа көше атауы.
Құлагер - Ақан серінің атағы әйгілі, жүйріктігі жыр болған тұлпары. Қазақ халқының
тарихында Ақан сері мен оның атақты тұлпары «Құлагер» туралы аңыз қалды. Олардың
тағдыры трагедияға толы. 1876 жылдың күзінде «Сағынайдың асы» деген дүбірлі бәйгеде
бірінші болып, жеке-дара келе жатқан Құлагерге тарихта бұрын-соңды болмаған қастандық
жасалады. «Жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар» атанған Құлагер Ерейментаудың Құсақ көлінің
тұсында қанішер Батыраштың қолынан мерт болады. Құлагер – «Ер қанаты – ат» деп өскен
атқұмар қазақтардың символы іспеттес еді Халқымызда «Тұлпарға қиянат қылғанның тұқымы
құриды» деген қағида да осыдан қалса керек. Кейін Құлагерге зұлымдық жасаған Батыраш,
Қотыраштар әулетімен сотталғаны – сотталып, атылғаны-атылып, өмірден жоғалып кеткен.
Ұлы халықтың ұрпағымыз, сондықтан бүкіл қазақ халқына ортақ әйгілі сәйгүлік, нағыз
тұлпар Құлагерге көшенің атын беру туралы ұсыныстың болғанына қуанбастан басқа шара
жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: