ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы


Мұрат Мөңкеұлы атындағы көше



Pdf көрінісі
бет305/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

Мұрат Мөңкеұлы атындағы көше
- Зашаған кентіндегі жаңа көше.
Мұрат Мөңкеұлы 1843 жылы Атырау облысының Қызылқоға ауданы, Қарабай ауылында 
дүниеге келген. Ақын. Ресей патшасы саясатының нағыз өрлеу үстіндегі кезеңде өмір сүрген. 
Қазақ жерін Ресей отаршылдық езгісінен құтқарудың жолын іздеп «Үш қоңыр» атты жыр-
дастан жазған. Мұрат - жыр өнеріне, әсіресе, айтыс өнеріне елеулі үлес қосқан адам. Ол - 
халқымыздың асыл мұрасы болып табылатын Ноғай кезеңіндегі «Қырымның қырық батыры» 
атты жар-дастанды жеткізген ақындардың бірі. 
Ж.Молдағалиев көшесі -
(бұрынғы Красноармейский көшесі). 
Жұбан Молдағалиев (1920-1989) қазақ халқының танымал ақыны, Қазақстанның Халық 
жазушысы, КСРО Мемлекеттік және Қорғаныс министрлігі сыйлықтарының лауреаты
А.Фадеев атындағы алтын медальдың иегері. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Жұбан 
Молдағалиев 1920 жылы Орал облысының Тайпақ ауданында Сайқұдық деген жерде (Қазіргі 
«Өлеңті» совхозында) туған. Әкесі жастай қайтыс болып, ол ана тәрбиесінде өскен. Өз аулында 
орталау білім алады. Кейін Оралдың ауыл шаруашылық техникумында оқиды. Болашақ 
ақынның әдебиетке әуестенуімен өлең жазуға жасаған алғашқы талабы да Оралда басталады. 
Ол әдебиет үйірмелерінің жұмысына белсенді қатысады. 1939 жылы «Комсомол ұрпағы» атты 
облыстық жастар газетінде оның «Ленин тірі» деген тұңғыш өлеңі жарық көреді. 1940 жылы 
Жұбан міндетті әскери қызметке шақырылады да, сонда жүріп Ұлы Отан соғысын қарсы 
алады. Ақынның одан кейінгі шығармашылық өмірі майдан жағдайында өтеді. Совет Армиясы 
қатарынан кейін Жұбан «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті» газеттері мен «Жұлдыз» 
журналының редакцияларында, Қазақстан жазушылар Одағында басшы қызметтер атқарды. 
1949 жылы оның «Жеңіс жырлары» атты тұңғыш өлеңдер жинағы жарық көреді. Одан бергі 
дәуірде ақын «Қызыл галстук», «Нұрлы жол», «Бастаушымыз партия», «Жыр туралы жыр», 
«Заман тынысы», «Жесір тағдыры», «Ғашық көзбен, «Мен - қазақпын» тағы басқа кітаптарын 
жариялады. Оның поэзиялық тілі соғыс тілімен, қатал күндердің қатал үнімен шыққан, жүрек 
пен ойды билеп алған отаншылдық сезімге суарылған. Бұрын «Асан боп туған қазақтың Асан 
қайғы боп өлетінін» еске алып, бүгін «Асан боптуып қазекең жасайды Асан батыр боп» дейді. 
Сөйтіп Асан қайғы мен Асан батырды екі дәуір адамының нақты бейнесіне айналдырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет