ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет313/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   309   310   311   312   313   314   315   316   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

Нұр көшесі -
Ветелки ауылындағы бұрынғы Верхняя көшесі қазір осылай аталады.
Нұр көшесі
– «Бәйтерек» шағын ауданындағы жаңа көше.
Нұр, сәуле, жарық, шұғыла мағынасындағы абстракты ұғым. 
Н.А. Некрасов көшесі.
Некрасов Николай Алексеевич 1821 жылы 10 желтоқсанда қазіргі Витебск облысында 
дүниеге келген көрнекті орыс ақыны. Балалық шағы Ярославль өзенінің Грешнево селосында 
өткен. 1832-1837 жылдары Ярославль гимназиясында оқыған. 1839 жылы Петербургке келіп, 
екі жылдай университетте еркін тыңдаушы болған. Некрасовтың алғашқы жинағы- «Армандар 
мен әуендер». Ол 1841 жылы “ Литературная газета” “Отечественные записки ” 
журналдарында қызмет істеген. Некрасов басқаруымен шыққан “ Петербург жинағы ” (1846 


218 
жылы) “ Бірінші апрель альманахы” (1840 ж.) сол кездегі мектептердің басты оқулығына 
айналған. Бұл басылымдарға Б.Г.Белинский, И.С.Тургенов, Ф.М.Достоевский т.б. ақын – 
жазушылардың еңбектері кірістірілген. Некрасов 1847 – 60 жылдары аралығында 
революцияшыл – демократтық ой – пікірдің ұйытқысы ретінде “ Современник ” журналын 
бастырып шығарушы және оның редакторы қызметін атқарған. Некрасов өмірінің соңғы он 
жылында “ Отечественные записки ” журналымен тығыз байланыста болған. Осы кезде ол “ 
Русьте кім жақсы тұрады? “Орыс әйелдері ” тағы басқа көптеген поэмалық туындыларды 
жазған. “Өмір сәні-жастық шақ”, “Ана”, “Белгісізбін мен әлі” “Элегия” т.б. өлеңдері шаруаның 
ауыр бейнетін, жоқшылық, қайыршылықпен өксіп өткен өмірін шындықпен бейнелеген. ХYIII 
ғасырдың 60-80 ж.ж. демократиялық поэзияны қалыптастыруға үлкен әсер еткен. “Қызыл 
шұнақ аязы” поэмасы 1939 жылы қазақ тіліне аударылып, басқа да кітаптары бірнеше мәрте 
басылып шыққан.
Ф.М. Неусыпов көшесі 
Неусыпов Филипп Маркович (1892-1918) – саяси қайраткер, ақын. Жайық өңірінде Кеңес 
өкіметін орнатуға қатысушы және оның алғашқы құрамының мүшесі. Қазіргі Деркөл 
кентіндегі ауыл-шаруашылық училищесін тәмамдаған. Жергілікті «Уральец» газетінде, 1918 
жылы Мәскеудегі «Трудовая казачество» журналында қызмет істеген. 1918 жылы оның
«Фиалково – Грустные Грозы» атты өлеңдер жинағы жарық көреді. Осы жылы РКФСР 
Халкомкеңі өлкеде Азамат соғысын болдырмау мақсатында Неусыповты, И.С.Ружейниковты, 
И.И.Уляновты В. И. Ленин қол қойған маңдатпен кеңес өкіметінің бейбітшілік ұсынысын 
тапсырыруға Орал қаласына жібереді. Казактардың Войскалық үкіметі ұсынысты 
қабылдамайды. 1918 жылы 19 маусымда ф.Неусыпов 2-ші рет бітімшілік миссиямен келгенде, 
Орал казак-орыстары оны тұтқындап, атып өлтіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   309   310   311   312   313   314   315   316   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет