217
1916 жылы қазақ жігіттерін тыл жұмысына алу дүрбелеңі тұсында Меңдешев,
М.Сәрсенбиндермен бірге жұмысшы жасақтарына адам алуды шаруа жағдайына байланысты
шегере тұруды талап етті. Сол жылы тамыз айында Хан ордасына келген Астрахан
губерниясының губернаторы Соколовскийдің қабылдауына Меңдешевпен бірге кіріп, жағдайы
төмен, күнкөрісі қиын отбасынан шыққан жігіттерге жеңілдік жасауды сұрады.
Патшаның
маусым жарлығына (1916) наразылығы үшін губернатор бұйрығымен Меңдешев екеуі бірге
тұтқындалып, Астрахан түрмесіне қамалды.
Абақтыдан 1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін шығып, Бөкей өңіріндегі Залиев
төңкеріске қызу араласты.
жылы 28 қазанда РК(б)П мүшелігіне кандидат, 1919 жылы 28 қазанда мүше болды.
1918 жылы өткен Бөкей облысы Кеңесі 1-съезінің, Бөкей өңірі мұғалімдерінің 1- және 2-
съезінің делегаты,1919 жылы қаңтардан Бөкей облысы атқару
комитетінің жанындағы
халық ағарту бөлімінің төралқа мүшесі, осы бөлім жанындағы ұлттық мектептер
секциясыньң мүшесі. Сол жылғы тамызда Меңдешевтің орнына халық ағарту бөлімінің
меңгерушісі болып тағайындалды.
1920 жылы қаңтарда Ақтөбеде өткен қазақ қызметкерлері конференциясына Бөкей
коммунистері атынан қатысқан делегат. Бөкей облысы 4-съезінде 1-Бүкілқазақ Кеңестер
Құрылтай съезіне делегат болып сайланды.
Қазақтың тұңғыш 297 педогогикалық басылымы «Мұғалім» журналының (1919, Орда)
авторы.1920 жылы Қамыс-Самар уездік атқару комитетінің төрағасы. 1922 жылдан 2-Өлкелік
Бүкілқазақ конференциясында ҚАКСР халық ағарту комиссариатының төрағасы, кейін
Кеңестердің 3-4 съездерінде ОАК-іне мүше болды. Шалғай
ауыл-аудандарда мектеп ашу,
мектеп жүйесін оқулықтармен, әдістемелік құралдармен жабдықтау, қазақша оқу құралдарын
шығару ісін ұйымдастырды. В.Ленин шығармаларын қазақ тіліне аудару жөніндегі мемлекетік
комиссияның төрағасы болды. 1924 жылы Гурьев уездік РК(б)П комитетінің хатшысы, 1925
жылы ақпанда уездік атқару комитетінің төрағасы болып сайланды. Атырау жерінде мұнай,
борат кәсіпшілігін, балық және мал шаруашылығын өркендетуге елеулі үлес қосты. Осында
алғашқы мойынсеріктер,
қосшы одақтарын ұйымдастыру, мәдени-ағарту саласын жолға қою ісі
де оның есімімен байланысты. 1925-26 жылы Гурьев-Доссор тар табанды теміржолы
басшылығымен салынды. 1927 жылы сәуірде Орал губерниясының атқару комитетіне төраға
болып жоғарылатылды.
1930-35
жылы Қостанай, Ақтөбе губерниясының Халық ағарту басқармаларының
бастығы, 1936-37 жылы Орынбордағы қазақ мұғалімдер курсының директоры.
1937 ж. 22 қыркүйекте ІІХК органдары
тарапынан тұтқындалып, 1938 ж. 15 ақпанда
КСРО Жоғарғы соты Әскери коллегиясы «үштігінің» қаулысымен Ақтөбе қаласында 57
адамдық топпен бірге атылды. Бейіті Ақтөбе қаласынан 25 шақырым жердегі Түйетөбе
мекенінде
.
Соңыңда Нариман, Манал есімді ұл-қыз қалды. Зайыбы Аппақ Нұғыманньң Зеленов
ауданындағы туысы Залиев Дәулеткерейді сағалап барған, 1938 жылы қайтыс болды. Балалары
жетімдер үйінде өсті. Нариман
Ұлы Отан соғысында
қаза тапты, қызы Манал ҚазПИ-ді (Абай
атындағы Қазақ Ұлттық Педагогика Университеті) бітірді, өмір бойы
Алматы
қаласында
жалғызілікті өмір сүріп, 1982 ж. қайтыс болған.
Достарыңызбен бөлісу: