214
АҚ –ның «Тазасу» жобасының директоры. «Қазан революциясы», «Еңбек Қызыл Ту»
ордендерімен, «Қажырлы еңбегі үшін» медальімен марапатталған.
Б.Мұхамбетов көшесі -
(бұрынғы Чувашинская көшесі) Мұхамбетов Бисенғали (1908-
1966)- Даңқ орденінің толық иегері. 1908 жылы Шыңғырлау ауданының Лубенка ауылында
туған. 1942 жылдың қаңтарында Кеңес армиясы қатарына шақырылады. Оңтүстік-батыс, 3-
Украин және 1-Белорус майдандарында соғысқа қатынасып, Днепр, Висла, Одер өзендерін
алушылардың қатарында болады. Ұлы Отан соғысын Берлинде жеңіспен аяқтайды.
Бисенғали Мұхамбетов соғыстан соң Шыңғырлау ауданының «Шыңғырлау» совхозында
еңбек етеді. 1966 жылы қайтыс болған.
И.Мордасов көшесі -
(бұрынғы Низовая көшесі)
Мордасов Иван Андреевич (1923-1943) – Кеңес Одағының Батыры.
1943 жылы Днепр бойындағы соғыста ерлікпен қаза табады. Мүрдесі Лоев ауданының
Казероги кентінде жерленген. Қайтыс болғаннан кейін батыр атағы берілген.
Л. Мирзоян көшесі
- (бұрынғы Транспорт көшесі)
Левон Исаевич Мирзоян (1897-1939) - Кеңес одағы кезіндегі мемлекет және қоғам
қайраткері. 1897 жылы таулы Қарабахта, Ашан аулында орта шаруа жанұясында дүниеге
келген. Ұлты - армян. 1919 жылдан партия қызметінде болады. 1926-29 жылдары Азербайджан
ССР ы Орталық партия комитетінің ІІІ хатшысы болып, 1933-38 жылдары Қазақ ССР ы
Орталық партия комитетінің өлкелік және кейін І хатшысы болған. Приморья өлкесіндегі
корей халқын Қазақстанға қүріш өндіруге тұрақтандыру үшін қоныс аударуға 1938 жылы
Сталиннен рұқсат алған. Ленин орденінің иегері. НКВД жұмысына өзінің келіспейтіндігін
жеткізгені үшін 1938 жылы ұсталып, түрмеге отырады. 1939 жылы 26 қаңтарда қайтыс болады.
1958 жылы ақталады.
Достарыңызбен бөлісу: