ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы


Егер сен от болсаң, лаулап жан



Pdf көрінісі
бет306/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   302   303   304   305   306   307   308   309   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

Егер сен от болсаң, лаулап жан
Бықсықта жылу жоқ, түтін көп. 
Күл-күбір, қоқсықтан аулақ жан 
Жалының көрінсін бүтін боп. 
Ақынның «Қиял қанаты», «Мереке дастарқаны», «Мен-қазақпын», «Айттым сәлем», 
«Туған жер» сияқты поэмалары бар. Поэмалар қазақ әдебиетінің аса бағалы үлгілерінің 
қатарынан орын алады. 
 
Жұбан Молдағалиевтің туғанына 80 жыл толуына орай Орал қаласында ақын құрметіне 
ескерткіш орнатылған, сондай-ақ оның есімімен аталатын мектебі бар. Жұбан Молдағалиевтің 
туған жерінде ақынның құрметіне орай ескерткіш орнатылды, ал облыстық ғылыми әмбебап 
кітапханасы оның есімімен аталады. 
Әлия Молдағұлова көшесі - 
(бұрынғы Гвардейская көшесі)
Әлия Кеңес Одағының Батыры (1944), снайпер, ефрейтор. Шын есімі - Ілия, майдандас 
достары «Лия» деп атапты. Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова 1925 жылы 15 маусымда 
Ақтөбе облысы Қобда ауданындағы Бұлақ ауылында Нұрмұхамбет Сарқұлов пен Маржан 
Молдағұлованың отбасында дүниеге келді. 1933 жылы анасы қайтыс болғағаннан кейін
нағашы ағасы Әбубәкір Молдағұловтың отбасында тәрбиеленеді.
1933 жылы Әбубәкір отбасымен Әулиеатаға көшіп барады. Сол жерде Әлия мен Сапура 
/Әбубәкірдің қарындасы/ №11 мектепте оқиды.
1935 ж. бастап Ленинград, Красногвардейский ауданы, Гурдин көшесіндегі №46-шы 
балалар үйінде тәрбиеленген. Санкт-Петербургтегі 9-орта мектебінде оқыған. Оқудағы 
озаттығы және үлгілі тәртібі үшін Әлия Қырымдағы Бүкілодақтық пионерлер лагері – Артекке 
жіберіледі. Артекте батырлар тақтасына Рубен Ибаррури, Тимур Фрунзе сияқты батырлармен 
қатар Әлия Молдағұлованың да суреті енгізілген. Соғыс басталған соң балалар үйімен бірге 
Ярослав облысының Вятское селосына эвакуацияланған. Вятское орта мектебінен 7-сыныпты 


213 
бітірісімен Рыбинск авиациялық техникумына оқуға түседі, бірақ көп ұзамай Жұмысшы-
Шаруа Қызыл Әскеріне майданға жіберу туралы өтініш жасайды.
1943 ж. Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 ж. бастап 54-ші 
арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған. Жау әскерінің 30-дан аса 
сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған. 1944 ж. 14 қаңтарда Псков облысының 
солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза табады. Мүрдесі Новосокольники ауданының 
Монакова ауылында жерленген. 
Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға 1944 ж. 4 маусымда Кеңес Одағы Батыры атағы 
беріледі. Ленин орденімен марапатталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   302   303   304   305   306   307   308   309   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет