ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет314/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   310   311   312   313   314   315   316   317   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

Д.Нұрпейісова көшесі - 
(бұрынғы Театральная көшесі)
Дина Нұрпейісова қазақ саз мәдениетінің аса көрнекті қайраткері, Қазақ ССР Халық 
әртісі. 2 рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, бірнеше медальмен марапатталған. 
Дина Нүрпейісова 1861 жылы Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданына қарасты 
Бекетай құмы деген жерде дүниеге келеді. Дина тоғыз жасынан Дәулеткерей, Мүсірәлі, Әлікей, 
Түркеш, Ұзақ, Есжан сияқты күйшілердің күйін нәшіне келтіре тартып, «домбырашы қыз» 
атанған. Қарашадай қыздың даңқын естіп, әйгілі Құрманғазы арнайы іздеп келген. Дина тоғыз 
жасынан бастап он тоғыз жасына дейін Құрманғазының баулуында болып, күйшілік 
шалымының жетілгені сонша - ұлы ұстазының өзі: «Сенің сол қолың, менің оң қолым бір 
адамға бітсе, дүниеде одан асқан домбырашы болмас еді», деп сүйсінген екен. Құрманғазыдай 
дәулескер күйшінің ұстаз болуы Динаның ғана бақыты болып қойған жоқ, иісі қазақтың күй 
өнерінің бағы да болды. Динаның домбыра тартысына сүйсінген ұлы күйші оның болашағынан 
үлкен үміт күтіп, батасын береді. Тоғыз жасында Құрманғазыдай ұлы күйшіден бата алған 
Дина, 90 жасқа толған салтанат кешінде сол Құрманғазының күйін шабыттана тартып, дүйім 
жұртты таң қалдырыпты. 1880-ші жылы Беріш ішіндегі Бесқасқа руынан шыққан Тұрманұлы 
Қанас деген жігітке тұрмысқа шығады. Қанас пен Динадан Нүрпейіс атты бір ұл туған. Алайда, 
алғашқы перзенті дүниеге келген соң Қанас көп кешікпей қайтыс болады. Дина ата салтымен 
қайын інісі Шәпекке қосылады Динаның алғашқы күйеуінен көрген перзенті Нұрпейіс 14 
жасында қайтыс болады. Ел ішінде санақ пен сайлауда тізім алып, құжат толтыру науқаны 
келгенде дәстүр бойынша аталарының атын атай алмаған Дина фамилиясының орынына 
қайтыс болған тұңғышы Нұрпейістің есімін атаған. Міне, Динаның Нұрпейіс келіні атануының 
сыры осында. Ұзатыларда әкесінің еншің деп мінгізген қара қасқа атына арнап шығарған 
«Қарақасқа ат» күйі, өзі пір тұтатын күйшілері Дәулеткерей мен Түркешке еліктеп шығарған 
«Бұлбұл», «Жігер», «Баймұжа» сияқты күйлері, ақылды да айбарлы, сұлу да сырбаз абысынына 
арнаған «Кербез» күйі, үлкен ұлы Жұрымбай 1916 жылғы «июнь жарлығы» бойынша әскерге 
шақырылғанда тартқан «Он алтыншы жыл» күйі, қадірлес замандастарына сүйсінуден туған 
«Қосалқа» күйі, балдай тәтті, бауыр етіндей жақын баласы Қоңырға арнаған «Әсемқоңыр» күйі 
Динаның өзіндік қолтаңбасын айқын танытатын біртуар күйлер. Бұл күйлері арқылы Дина 
қазақ күйлерінің өрісін ұзартып, өресін биіктетумен бірге, өзі де ұлы күйшілермен терезесін 
теңестіреді. 1937 жылы 75 жастағы Дина Алматыға тұңғыш рет келіп, халық өнерпаздарының 


219 
Бүкілқазақстандық байқауында бірінші орынға ие болады. 1939 жылы 77 жасында халық 
аспаптарын тартатын өнерпаздардың Москвада өткен Бүкілодақтық бірінші байқауында, 1944 
жылы 83 жасында Орта Азияның бес республикасынан өнерпаздар қатысқан Ташкенттегі 
онкүндікте жүлделі орындарды жеңіп алған. Ташкенттегі онкүндікте Динаның өнерін көзімен 
көріп, құлағымен тыңдаған музыка зерттеушісі А.Островский былай деп жазды: «Онкүндік 
кезінде халық дарындарының шоқ жұлдыздары көрсеткен өнердің бірде-бір әйгілі 
Құрманғазының тамаша шәкірті, қазақтың сексен жастағы домбырашысының шаңына да ілесе 
алмады. Оның домбыра тартысының әсері қайталанбайтын керемет, тыңдаушысын билеп 
әкетеді» деп жазған екен. 
Дина шеше Қазақстанның 20 жылдығына орай шығарған «Тойбастар», Ұлы Отан соғысы 
басталғанда хылықты майданға шақыра тартқан «Ана бұйрығы», сол соғыстың жеңіспен 
аяқталуына орай «Жеңіс» сияқты күйлерін шығарған. Нұрпейіскеліні Дина дүниеге күй тартып 
келіп, сол жарық дүниемен күй тартып қоштасқан жан. 1955 жылы Дина қайтыс боларынан 
бірер сағат бұрын домбырасын сұратып алдырып, әлсіз саусақтарымен өмірлік серігін аялай 
қағып, Құрманғазының «Қайран шешем» күйіне салып, саусақтары икемге келмей, күйді 
көкірегінде жаңғыртып жатып көз жұмады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   310   311   312   313   314   315   316   317   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет