221
Қошқарбаев Рақымжан (1924 —1988 жж.) – Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен
қазақ азаматы, Халық қаһарманы (1999).
Рақымжан Қошқарбаев Ақмола облысының Астанаға жақын орналасқан Тайтөбе
ауылының маңындағы қыстақта 1924 ж. 19 қазанда дүниеге келді. Ол ата-анасынан ерте
айырылды: 4 жасында анасы дүниеден өтті, ал әкесі болса, жалған саяси жаламен сотталып,
ГУЛАГлагерьлерінде болды. Рақымжан Тайтөбе балалар үйінде тәрбиеленді. 7 жылдық
мектепті бітірген соң, осы арадан Балқаш қаласындағы фабрика-зауыт училищесіне (ФЗУ)
жіберілді. Өзінің өмірі және ФЗУ туралы Қошқарбаев өзі жазған "Штурм" деген кітабында
жан-жақты баяндады. Оның балалық шагы туысқансыз және жанашырлық білдіретін
адамдарсыз өтті. Оған ананың мейірімі мен жылы алақанын, әкенің қамқорлығын сезіну
бұйырмады.
Ол осындай алғашқы, жартылай әскери және қатаң шынығумен 1942 жылы 18 жасында
әскер қатарына келді.
1943 жылдың жазында офицерлік училищеде оқытуға сержанттардың бір тобы іріктеліп
алынды, Рақымжан осы топқа ілігіп, Ресейдің Тамбов қаласынан қоныс аударып, Фрунзе
қаласына орналасқан офицерлік училищеге келеді. Рақымжан училищенің қоғамдық өміріне
белсене араласты және партия мүшелігіне кандидат болып қабылданды.
Бұл жағдай салтанатты түрде өткізілді, оның әскери қызметке деген адалдығы мен
ынталылығы, жақсы әскери және дене шынықтыру даярлығы да аталды. Училищені 1944
жылдың қазан айында тәмамдап, оған кіші лейтенант шені берілді.
Берлиннің өзінде болған соғыстарда ол өзінің взводымен ең алдыңғы шептерде болды,
Король алаңына — "Гитлердің үйіне" бірінші болып жетті. "Бірінші" дәрежелі Ұлы Отан
соғысы орденімен марапатталды. Одер өзенінен өтудегі қанды шайқастан кейін оны партия
мүшелігіне қабылдады. Ал партия билеті аса маңызды бекіністі және саяси маңызды мақсатқа
жетудің мадақтау белгісі ретінде "Гитлердің үйінде" табыс етілді. Осында "Гитлердің үйінде"
барлау взводының командирі, лейтенант Қошқарбаевқа Рейхстагқа Қызыл туды тігу туралы
тарихи жауынгерлік бұйрық берілді. Жалауды оған батальон командирі Давыдов және саяси
жетекші Васильченко табыс етті. "Гитлер үйі" мен Рейхстагка дейін арақашықтық 360 метр
ғана, бірақ ол жан-жағынан оқ жаудырылған ашық алан, үстінде еді. Рейхстагқа ол Григорий
Булатов деген солдатпен бірге жетті және бұйрықты орындап, Рейхстагтың фронтанына туды
тікті. Омырауын жауынгерлік "Қызыл ту", "1 дәрежелі Отан соғысы" ордендері, "Берлинді
алғаны үшін", "Варшаваны азат еткені үшін" медальдары ажарландырып тұрды. "Жауынгерлік
Қызыл Ту" ордені Рейхстагқа ту тіккені үшін беріліпті. Халық қаһарманы атағы
Р.Қошқарбаевқа 2001 жылы берілді. Ал Рақымжан 1988 жылы дүниеден өткен еді. Батырдың
жұлдызын тапсыру сәтіне Қошқарбаевтың жары Рахила, қызы Әлия жөне майдандас досы
Ж.Жанасов шақырылды. Награданы тапсыру кезінде еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев Қошқарбаевтың батырлық ерлігіне барынша жоғары баға берді, оның тәрбиелік
және патриоттық мәнін атап айтты.
Достарыңызбен бөлісу: