ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет325/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   321   322   323   324   325   326   327   328   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

А.Стрижаченко көшесі - 
(бұрынғы Чичерная көшесі)
Стрижаченко Алексей Аврамович (1911 -1985) – Кеңес Одағының Батыры.
Алматы кооператив техникумын бітіргеннен кейін, Батыс Қазақстан облысы Теректі 
ауданының тұтынушылар қоғамының төрағасы болған. Ұлы Отан соғысы кезінде Сталинград 
түбінде танк ротасының командирі болады. Днепр үшін шайқас болған кезіндегі көрсеткен 
ерлігі үшін Батыр атағы берілген. 
П.Садомсков көшесі - 
(бұрынғы Тепловая көшесі)
Садомсков Павел Степанович (1923- 1992) – Кеңес Одағының Батыры, ұшқыш. 1942 
жылы Украинаны азат ету шайқасына қатысады. 1943 жылы 9 қыркүйекте соғыс 


228 
операциясында көрсеткен ерекше ерлігі үшін оған Батыр атағы беріледі. Соғыстан кейін 
Куйбышев қаласында тұрған.
Сұлтан Бейбарыс көшесі
– Орал қаласының Зачаганск ауылдық округі, «Сарытау» 
шағын ауданындағы жаңа көшеге берілген атау.
Сұлтан Байбарыс - 1223-77 жылдары Мысырда билік құрған сұлтан. 
1223 жылы беріш руынан туған. Мәмлүк мемлекетінің төртінші сұлтаны. Рукн ад-дин 
Бейбарыс-Әл-Мансури Әл-Мысридің тағдыры өте қызықты және қарама-қайшылықтарға толы. 
Бейбарыстың әкесі — Жамақ, анасы — Әйнек. Ол хорезмдік, бербендік қыпшақ. Оның 
ақсүйектер руынан шыққанын тарихшылар дәлелдеген. Сол кезде беріш руы Қырым өңірінде 
тұрған (бергі замандарда беріш руы көбінесе Атырау облысында қоныстанған). Әмір Айтегін 
әл-Бұндуқтар Димашқ құл базарында сатып алған, сондықтан Байбарыс 
әл-Бұндуқтари
деп 
аталған деген дерек бар. 
Т 
А. Тайманов көшесі 
- (бұрынғы Орджиникидзе көшесі)
Академик
 
Асан Тайманов Дабысұлы (1917-1990) атақты ғалым, физика-математика 
ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан ҒА академигі. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 
Еңбек Қызыл Ту ордені және бірнеше медальмен марапатталған Тайманов Асан Дабысұлы - 
1917 жылы 7 қарашада Орда ауданы, Бисен ауылында дүниеге келген. Ғалым, физикалық-
математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі. 
Ұлы Отан соғысының ардагері.
1947- 1954 ж. Қызылорда педагогикалық институтында, 1954-1960 ж. Иваново және Щуи 
педагогикалық институтында доцент, 1960- 67 және 1971 ж. КСРО-ның Сібір бөлімшесінің 
Математика институтында аға ғылыми қызметкер, 1961-1965 ж. Новосибирск университетінің 
геометрия кафедрасының меңгерушісі. 1968-70 жылы Қазақстан FA физика-математематика 
бөлімінің академик-хатшысы. 1970 жылы Қазақстан FA Математика және механика 
институтының директоры. Таймановтың негізгі ғылыми еңбектері теориялық жиынтық 
типологияны, үздіксіз бейнелеудің таралуын, борель жиынтығын зерттеуге, модельдер 
теориясына, эвклип кеңісгігі элементгер теориясына, т.б. арналған. Ол - 50-ден астам ғылыми 
еңбектің авторы. Қазақстан үшін математик кадрлар даярлауға үлкен үлес қосқан. Еңбек 
Қызыл Ту ордені және бірнеше медальмен марапатталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   321   322   323   324   325   326   327   328   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет