ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет326/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   322   323   324   325   326   327   328   329   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

Тәттімбет көшесі
- Орал қаласының Зачаганск ауылдық округі, «Сарытау» шағын 
ауданындағы жаңа көшеге берілген атау.
Тәттімбет Қазанғапұлы - 1815 ж., қазіргі 
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында туып, 
1862 ж. қайтыс боған. Күйші-композитор, домбырашы, шертпе күй орындаушылық мектебінің 
негізін қалаушылардың бірі, халық күй өнерінің классигі. 
 
Тәттімбет атқа ерте мініп, ел ісіне ерте араласқан адам. Батыс-Сібір генерал-губернаторы 
генерал-майор Фон Фридрихс Тәттімбет туралы арнайы жинаған мәліметінде мынандай дерек 
келтіреді: «Тәттімбет - ақ сүйектер әулетінен, бірақ көпестер гильдасына тіркелмеген. 
Қарқаралы округіндегі Нұрбике-Шаншар болысында 1842 жылдың 20 қаңтарынан 1845 
жылдың 25 қаңтарына дейін болыс болды. Бұл жұмыстан өз арызы бойынша 1854 жылдың 29 
шілдесіндегі бұйрықтың негізінде босатылды, қылмыс жасамаған, тергеуде, сотта болмаған» 
Тәттімбет Ресей патшасы Александр II-нің таққа отыру салтанатына қатысқан. Сондай-ақ, 
Шоқан Уәлиханов, Григорий Николаевич Потанин, Адольф Янушкеевич сияқты оқымысты-
ғалымдармен, Алшынбай, Құнанбай, Шорманның Мұсасы, Жайықбайдың Ыбырайы, 
Кішкентайдың Аққошкары, Сандыбайдың Ердені, Уәлиханның Шыңғысы сияқты дала 
шонжарларымен, Жанақ, Шөже, Кемпірбай, Біржан-сал, Жаяу Мұса, Орынбай сияқты әнші-
ақындармен, Тоқа, Ықылас, Итаяк, Шашақ сияқты күйшілермен қадірлес-сыйлас болған. Бұл 
адамдар Тәттімбет көкірегінен күмбірлеп төгілген әсем күйлердің тұсауын кесіп, талғампаз 
сарапшысы болып отырған. 


229 
Тәттімбет талай-талай додалы күй айтыстарына түсіп, қарсыласын тосылту үшін, 
домбырада қалыс, шалыс, теріс, қосақ бұрауларын көп қолданған. Бұл дәстүрдің орнығуына 
мұрындық болған. Абайдың анасы Ұлжанға апа болып келетін Малқара қыз, Шұбыртпалыдан 
шыққан Итаяқ, Найман ішіндегі Шашақ сияқты дәулескер домбырашылармен Тәттімбет күй 
айтысына түскенд, домбыраны бірде башпайымен қағып, келесіде ұстарамен тартып, енді бірде 
пернелерін қиып тастап тартып өнер көрсеткені туралы қызықты әңгімелер ел ішінде күні 
бүгінге дейін айтылады. Домбырашылық өнер арғы ата-тегінен дарыған. Алғаш домбыра 
тартуды әкесі Қазанғаптың інісі Әлиден үйреніп, анасы Ақбөпеден тәрбие алған. Тәттімбеттің 
әр түрлі тақырыпты қамтитын 40-тан астам күйі бар. 
1855 жылы 24 наурызда Ресей патшасы Александр ҚҚ-нің таққа отыру тойына Тәттімбет 
өнерпаз ретінде Сарыарқа қазақтарының өкілдерімен бірге Санкт-Петербургға барған. Осы 
сапарында өзінің тамылжыта тартқан күйлері арқылы Ресей астанасының өнер сүйер 
қауымының назарын аударып, күміс медальға ие болды. Сол медалі Егіндібұлақ ауданы 
“Қаратау” кеңшарының тұрғыны Тәттімбеттің шөбересі Өзек Кәбішұлында сақталып қалған.
Қазақ композиторларының камералық-аспаптық, симфониялық және опералық 
туындыларында Тәттімбеттің көптеген күйлері пайдаланылды. Мысалы, Евгений 
Брусиловскийдің “Қыз Жібек” операсында “Былқылдақ”, “Қос басар”; “Жамбыл” фильмінде 
“Сары жайлау” күйлері орындалады. М.Сағатов Тәттімбеттің “Сылқылдақ” күйін эстрада 
оркестрінің сүйемелімен трубаға арнап пьеса жазды. 
Тәттімбеттің жалпы бізге белгілі 40-тан астам күйі бар: 
“Қосбасар”, “Сары 
жайлау”,“Сары 
өзен”,“Теріс 
қақпай”,,“Сылқылдақ”,,“Былқылдақ”, 
Бестөре”, 
“Азамат”,“Алшағыр”,“Азына”,“Көкей кесті”,,“Боз торғай”,,“Қорамжан”,,“Боз айғыр”,,“Ерке 
атан”,,“Ноғай-қазақ”,,“Кер киік”,,“Қашқан қалмақ”,,“Қара жорға”,,“Балбырауын”,,“Жетім 
қыз”,,“Сал қоңыр”,,“Көш жанаған”,,“Сары қамыс”, “Шәйір қалды”. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   322   323   324   325   326   327   328   329   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет