ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы


Е. Тоқсанов атындағы көше -



Pdf көрінісі
бет328/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   324   325   326   327   328   329   330   331   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

Е. Тоқсанов атындағы көше - 
(бұрынғы Николаевская көшесі) 
Есет Тоқсанов - қоғам қайраткері, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы.
Есет Мырзағалиұлы Тоқсанов 1920- 1938 жылдары шаруашылықты басқару саласындағы 
қызметте болған. Шебер ұйымдастырушы, іскер басшы ретінде облыс басшыларының 
назарына ілініп, 1934 - 1938 жылдары Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің (КазЦИК) 
мүшелігіне сайланады. Бәйбішесі Зайда Шәкірқызы оқуағарту саласының маманы болған. 
 
Есет Мырзағалиұлы мен Зайда Шәкірқызы дүниеге келген қызына Клара (К.Цеткинге 
ұқсасын деп), ал одан кейінгі ұлына Вилен (В.И.Ленин есімінің қысқарған атауы), оның інісіне 
Марлен (Маркс пен Ленин) деп ат қойыпты. Дегенмен сонау саяси қуғын сүргін белең алған 
зобалаң жылдарында Есет ағаның партияға деген шын сенімі оны басына төнген «қара 
бұлттан» қорғай алмады. Жалған «деректермен» жоғары жаққа жазылған домалақ арыздың 
соңы дүрбелеңге ұласты.
Жаңақала аудандық атқару комитетінің төрағасы болып жүрген Есет Тоқсановты «халық 
жауы» деген жаламен тұтқындап, 1938 жылдың қараша айында КСРО Жоғарғы сотының 
көшпелі сессиясының шешімімен оны Алматы қаласында соттап, ату жазасына кескен. Үкім 
сол күні орындалып, елім деп еңбек етіп жүрген азаматтың өмірі үзілген.


231 
Сол жылы қызы Клара – сегіз, Вилен алты жаста, ал кенжесі Марлен екі айлық екен. 
Зайда 28 жасында «халық жауының» жесірі атанғанымен, бауырындағы балаларын ешкімнен 
кем етпей өсірді.
Ұрпақтары бар. Ұлы Вилен Қаратөбе елінде ұзақ жылдар басшылық қызметтерде болған.
Ақтайсай мен Қалдығайты, Жақсыбай өзендерінен жолға шығуы үшін жасалған көпір 
Халық «Тоқсанов көпірі» деп аталады.
Ұрпағының ізденісі нәтижесінде қала әкімдігінің шешімі облыс әкімдігі тарапынан 
қолдау тауып, Есет Тоқсанов тұрған үйдің қабырғасына мәрмәр тастан ескерткіш тақта 
орнатылды. Қала әкімінің шешімімен жаңадан салынған көшеге Есет Тоқсановтың аты берілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   324   325   326   327   328   329   330   331   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет