ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет331/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   327   328   329   330   331   332   333   334   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

В.Тарасенко көшесі - 
(бұрынғы Меховой комбинат) 
Тарасенко Василий Федорович(1912-1979)– Кеңес Одағының Батыры. 
Ұлы Отан соғысы кезінде инженерлік бөлімінде сапер болған. 1943 жылы Тарасенконың 
бар саперлар тобына Днепрден өтіп, десанттарды өзеннің арғы жағалауына жеткізу міндеті 
қойылады. Ол жараланғанына қарамастан тапсырманы орындап шығады. Осы ерлігі үшін оған 
1943 жылы 30 қазанда Батыр атағы берілді. Соғыстан кейін туған жеріне оралып, еңбек етті. 
Ленин, Қызыл Ту ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған. 
Таңшолпан көшесі 
– «Бәйтерек» шағын ауданындағы жаңа көше. Жұлдыз атауы.
 
Төлеген Иманғазиев көшесі
-
 
Орал қаласының Зачаганск ауылдық округі, «Арман» 
шағын ауданындағы жаңа көшеге берілген атау.
Иманғазиев Төлеген 
- Алаш орданың батыс бөлігінде саяси қызметтер мен 
педагогикалық қызметтерді қоса атқарған қоғам қайраткері. Ол бұрынғы Орал облысы, Ілбішін 
уезі, Жақсыбай болысы, Айтқали ауылында дүниеге келген. Әкесі Орал - Жымпиты - Ойылды 
жалғастыратын күре жолдың бойында дең ұстаған лаушы, дәулетті адам болыпты. Дең ұстаған 
адамның үйіне елдің игі жақсылары коп келеді, сондықтан Төлеген жастайынан төңіректің 
төрт бұрышынан хабар алып, көзі ашық болып ер жетеді. Ол 1887 жылдан бастап, Гурьев 
уезіне қарасты Есбол ауылында екі сыныптық болыстық мектебін, онан соң 1890 жылы Орал 
қаласындағы екі сыныптық орыс-қазақ мектебін тамадайды. 1890-1894 жылдар аралығында 
Орынборда орыс-қазақ мұғалімдер мектебін алтын медальмен бітіреді. Оқуын аяқтаған соң 
1894-1896 жылдары Торғай облысындағы Әулиекөл болыстық орыс-қазақ мектебінде, 
Алшынбай ауылында, 1896-1904 жылдары Орынбор орыс-қазақ мұғалімдер мектебінде, 1904-
1917 жылдар арасында ел ішінде мұғалім болады. 1904 жылы Жымпиты уезі Соналы 
болысының басқарушысы болып сайланады. 1917 жылғы ақпан төңкерісінен кейін өзін- өзі 
басқару жүйесін құру ісімен шұғылданады. Батыс Алашорданың оқу-білім комитетіне мүше 
болып қабылданады. 1918 жылы Қаратөбеде өткен үшінші Орал облыстық қазақ съезінің 
делегаты болады. Алаш милициясының Ойылдағы мектебінде мұғалім болып, Алаш 
әскерлерін тәрбиелеумен айналысады. 1929- 1937 жылдары Жақсыбай орта мектебінде мұғалім 
болады. 
1937 жылы бұрын болыс болғаны және Алаш орда үкіметіне қызмет еткені үшін 
«Панисламизмді насихаттаушы, белсенді Алаш ордашыл» деген айыппен тұтқындалып, 1938 
жылы 15 ақпанда Орал түрмесінде атылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   327   328   329   330   331   332   333   334   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет