№ 24 жалпы білім беру мектебі
1-3 сыныптарға арналған
математика пәнінен
логикалық тапсырмалар
Павлодар-2016
Жинақтап құрастырған:
бастауыш сынып мұғалімі
Садвокасова Гүлнар Каиртасовна
Пікірсарапшы
ПМПИ математика физика кафедрасының
меңгерушісі, физика математика
ғылымдарының кандидаты : Сарымова Ш.Н.
Алғы сөз
Ұсынылып отырған бұл әдістемелік құрал – жалпы білім беретін
мектептің 1 – 3 сыныптарына арналған.
Құралда ойындар мен логикалық тапсырмалар беріліп отыр.
Мұндай тапсырмалар арқылы бастауыш сынып оқушыларының ойлау
қабілетінің дамуымен қатар, танымдық, қызығушылық, белсенділік,
тапқырлық қасиеттері қалыптасады.
Ойынды мұғалім баланың ойлау іс- әрекетін жандандыруға арналған
әдістемелік тәсіл ретінде қолдана алады және тапсырмаларға өзгерту
енгізіп, түрлендіре алады.
Негізгі мақсат: сабақта және сабақтан тыс уақытта логикалық
жаттығуларды орындау арқылы баланың ақыл-ойын, ой ұшқырлығын
дамыту.
Осы тапсырмаларды өз іс тәжірибемнен және әр түрлі
әдебиеттерден, ғылыми педагогикалық журналдардан пайдалана отырып,
жинақтадым. Мұғалімнің міндеті осы тапсырмаларды пайдалана отырып,
оқушыларға түрлі дағды мен қабілетті меңгертуге қол жеткізу.
1
логикалық есептер
1- сынып
1.Тиісті әріп пен тиісті санды тап.
2.Неше ағайынды?
Ерланның бір інісі, бір ағасы болса, олар неше ағайынды?
3.Қандай шар?
Төрт жәшіктің әрқайсысында ақ, қызыл, қара, жасыл түсті доп жатыр.Әр
жәшікте көрсетілген жазу шындыққа сәйкес емес. Әр жәшіктегі доптың
түсін анықта.
ақ
жасыл
немесе
ақ
қызыл немесе
жасыл
қара не жасыл,
немесе қызыл
4. Шығыршықтар
2- суреттегі шығыршықтың қайсысы бір- біріне бекітілген?
5. Қандай дәптер?
Асыл сөмкесіне бір торкөз, екі ұзынжол дәптер салып қойған-ды. Ол
қарамай бір дәптер алатын болса, дәптер қандай болуы мүмкін?
6.Қанша балық?
Айбек екі балық ұстаған кезде, Нұрбек бір балық ұстайды. Егер олар
барлығы он екі балық аулаған болса, қайсысы қанша балық аулады?
7.Қайсысы бойшаң?
Асан тапал, Асқар сұңғақ бойлы. Қайсысы бойшаң?
8. Неше теңге?.
Екі бала, Қанат пен Жанат дүкенге тәтті тоқаш сатып алуға шықты. Олар
жолда келе жатып, 20 теңге тауып алды. Егер Қанат жалғыз өзі дүкенге
барса, неше теңге тауып алар еді?
9.Серуен.
1
Б 5
?
А 3
Г
?
Мұражайға 30 бала баруы керек еді.Оның екеуінен басқасы серуенге барса,
нешеуі барған жоқ?
2
10.Шарлар.
3-суретті жалғастыр.
11.Қанша аяқ?
Аулада бірнеше қаз жүр. Олардың аяқтарының саны 22. Оларға 3 үйрек
пен 4 лақ қосылды. Аулада қанша аяқ қыдырып жүр?
12.Ойланған сан.
Мен екі таңбалы сан ойладым. Бірді кеміттім. Нәтижеде бір таңбалы сан
қалды. Мен қандай сан ойладым?
13.Әжем үйінде.
Әжеммен бірге дүйсенбіде, сейсенбіде, сәрсенбіде және бейсенбіде
болдым.Ал інім сол аптаның сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі күндерінде
болды. Біз әжем қасында неше күн болдық?
14. Жеті таяқша
Жеті таяқшадан екі бөлме құрастыр.
15. Қай жағында?
Әкем, мен және шешем үшеуміз суретке түстік. Әкем шешемнің сол
жағында, мен ортада отырдым. Мен шешемнің қай жағында отырдым?
16. Бұл қандай сан?
Ондықтарынан бірліктері алтыға артық екі таңбалы санды атау керек.
17. Бөрене кесу
6 метр бөренені бір метрден кесу керек. Неше жерден кесеміз?
18. Шахмат ойыны
Екі бала жиырма минут шахмат ойнаса, әрқайсысы қанша уақыт шахмат
ойнайды?
19. Май шам
7 майшам жанып тұрды. Оның екеуі өшірілсе, нешеуі қалады?
20. Үстел бұрышы
Тозған үстел бетінің бұрышы төртеу. Бір бұрышын кессек, неше бұрышы
болады?
21.Жебе
4- суреттегі жебе тәріздес фигураны бір рет қию арқылы шаршы құрастыру
керек.
3
22. Қандай шар орналасқан?
5- суретте ақ және қара шарлар кезектесіп орналасқан.
Төменгі оныншы қатарда қандай шарлар орналасқан?
23. Үш тақтайша
6- суреттегі тақтайшалардың қайсысы астында, қайсысы үстінде жатыр?
24.Сандарды топтау
Бірден онға дейінгі сандарды цифрларының қосындысы бірдей болатындай
етіп бес топқа жікте.
25. Жаңбыр
Екі күн қатарынан жаңбыр жауа ма?
26. Үш таяқша
Үш таяқшаны төртке айналдыр.
27. Екі таяқша
Екі таяқшадан шаршы құрастыр.
28. Алты орындық.
Алты орындықты бөлменің төрт жағына екі- екіден келетіндей етіп
орналастыру керек.
29. Таяқтың ұшы
4 таяқтың, 5 таяқтың, 5 жарым таяқтың қанша ұшы бар?
30.Терезе
8- суреттегі терезеде неше тіктөртбұрыш бар?
4
31. Шырпы
Жанар бір шырпы сатып алса,бір теңгесі қалады, екі шырпы сатып алса,
бір теңгесі жетпейді. Жанардың неше теңгесі бар?
32. Жалғастыру ойыны
Екі топ кезекпе- кезек ойнайды.
- Егер қызыл қарындаш қара қарындаштан ұзын болса, онда қара
қарындаш...(қызыл қарындаштан қысқа)
- Егер қара тауық ақ тауықтың артында келе жатса, онда ақ тауық қара
тауықтың... (алдында келе жатыр).
33. Екі қарға
Екі қарғаның біреуі оңтүстікке, екіншісі солтүстікке қарап отыр. Олар бір-
біріне:
-Достым, мен сені көріп отырмын,- дейді.
Олар бір- бірін қалай көреді?
34. Жануар
Екі шырпының талын қозғап, 9- суреттегі жануарды артына қарату керек.
35.Көңілсіз жануар
10- суреттегі жануарды алты шырпы талын қозғау арқылы көңілді кейіпке
түсіру керек.
5
2- сынып
1. 2 таңбалы сандардың қосындысына байланысты өрнек құра.Барлық А
әрпінің орнына бірдей сан қой.
1 А+2 А+3 А = 7 А
2.Нәтижесі 100 шығатындай 1,2,3,4,5,6,7 сандарының арасына «+»
таңбасын қойып, өрнек құра.
3. 8 8 8 8 8 8 8 8 8 жазуындағы кейбір сандардың арасына қосу амалын
қойып, қосындының мәні 1000 санына тең болатын өрнек құра.
4. Әр бөліктегі сандардың қосындысы тең болатындай етіп, сағат
циферблатын екі бөлікке бөл. Қосындысын көрсет.
12
11 1
10 2
9 3
8 4
7 5
6
5. Шаршы тәріздес үлескінің қабырғаларының ұзындықтары 10 см
атыздардан тұрады. Осы үлескіні екі бөлікке тең бөлу үшін ұзындығы 100
м су құбырын қалай өткізуге болады ?
6. Ребусты шеш:
А А+ У= У Р Р
Әрбір әріпті цифрға айналдыр.Бірдей әріпке бірдей цифр сәйкес келу
керек.
7. Сиқырлы шаршыны толтыр. Барлық бағыт бойынша нәтижесі 75- ке тең
болу керек.
26
25
24
8.Әжей немерелеріне 16 кәмпит берді. Ол Асхатқа 2 кәмпит артық берді.
Самат пен Асхат қанша кәмпиттен алды ?
6
9. Күнтізбедегі 8,15,22, 29 сандары сенбіге сәйкес келеді. Осы айда
күнтізбедегі қай сандар сейсенбіге сәйкес келеді?
10. Баспалдақ жеті басқыштан тұрады.Қай басқыш баспалдақтың дәл
ортасында орналасқан?
11.Сандарды жазғанда бір сан екі рет қайталанбайтындай 1,2,3 сандарынан
2 таңбалы сандар құрастыр
12.Қораптың тоқашпен қоса алғандағы салмағы 19 килограмм. Тоқаштың
жартысы сатылғаннан кейін таразыға салған кезде 10 кг тартты. Қораптың
салмағы қанша?
13. Қатарды жалғастыр: 1,4,10,19,31,46,64, ...
14. 1280, 740, 600, 60 сандарының арасына «+» не «-»амалдарын қойып,
мәні 0- ге тең болатын өрнек құр. (жақша қоюға болмайды).
15.Бесеу, он бес, екісіз жиырма. Барлығы қанша?
16.1 грамм, 3 грамм және 5 грамм тастар арқылы таразыға 7 грамм затты
өлшеуге бола ма?
17.Ең кіші бір, екі және үш таңбалы сандарды қоссақ, қанша шығады?
18.Суреттегі фигураны бір қию арқылы тіктөртбұрыш құрастыру керек.
19)Қай әріп үлкен ?
А = в+18 Х=у-9
П-4= с К-в= 5
20. Суретте 16 шие бейнеленген. 8- ін сызғанда, әрбір тік және жатық
жолда екі- екіден шие қалатын болсын. Қалай орындаймыз?
21.12 таяқшадан бірдей алты шаршы құрастыру керек.
7
22. Екі ауылдың арасы 10 км. Жолаушы күніне 2 км алға жүріп, 1 км кейін
қайтады.Қырсық жолаушы осы аралықты неше күнде өтеді?
23. Мен үш таңбалы саннан екі таңбалы санды азайтқанда 1 қалды.
Азайғыш пен азайтқышты тап.
24.Қағазға жазылған 86 санын ешбір амал қолданбай қалай 12-ге қалай
арттыруға болады?
25.Үш мүшел толған адам нешеде болады?
26. Домалақ күйінде піскен жұмыртқаны неше минут пісру керек?
27. 21,19,30,25,3,12,9,15,6,27 сандарынан қосындысы 50- ге тең болатын
үш санды тауып ал.
28. Қайсысы жеңіл: 3 кг темір ме, әлде 3 кг мақта ма?
29.
11- суреттегі дөңгелекшелер ішіне 1,2,3,4,5,6,7,8 сандарын түзу
бойынша оқығанда қатар тұрған екі сан көрші болмайтындай етіп
орналастыру керек.
30. Аулада 5 қыз бен 4 ұл бала ойнап жүр.Ойын ойнау үшін жұппен тұру
керек. Ойынға неше ұл мен қыз бала қатысты?
8
3 сынып
1. Асан 300 теңгеге қалам, қалың дәптер, қарындаш және өшіргіш сатып
алды. Қалам, қарындаш, өшіргіштің бағасы 215 т. Қалың дәптер,
қарындаш, өшіргіштің бағасы 170 т. Қалам мен өшіргіштің бағасы 180т. Әр
зат неше теңге тұрады?
2. Оралған ши мен оралмаған ши кезектесіп орналасқан. Шыптада оралған
30 ши болса оралмағаны қанша?
3. Екі ағаштың арасы бес метрден. Он ағаш арасы қанша болады?
4.Қандай екі санның қосындысы мен көбейтіндісі өзара тең?
5.Қандай үш санның қосындысы мен көбейтіндісі өзара тең болады?
6. Амал таңбалары мен алтылықты үш рет пайдаланып, отыз санын жазу
керек.
7. Бір таңбалы ең үлкен сан мен бір таңбалы ең кіші санның көбейтіндісіне
ең кіші екі таңбалы санды қосса неше болады?
8. Екі қайыққа 12 адам отырды, біріншісіне екіншіден екі есе артық
отырды. Әр қайыққа неше адам отырды?
9. Әр машинаға 5 тонна жүк тиелсе, 20 тонна 300 килограмм жүкті тасу
үшін неше машина керек?
10.Дөңгелек бойында қосындысы 39 болатындай етіп 1,2,3,4,5,6,7,8,9
цифрларын суреттегі үшбұрыш қабырғасына орналастыру керек.
11.Екі қолымда 10 саусақ болса, 20 қолда неше саусақ болады?
12.Бір баланың жасы үш жылдан соң бұрынғы жасынан екі есе артық
болады.Ол қанша жаста?
13.Неше есе арттырсақ та өзгермейтін қандай сан бар?
14.Суреттегі ақ дөңгелекшелер орнына 1,5,6 сандарын екі рет пайдаланып,
дөңгелек бойымен де, кесінділер бойымен де есептегенде қосындысы 12
тең болатындай етіп орналастырыңдар.
9
Нұсқау. Оқушылар дөңгелекшелерді қозғап ойнайды.
15. Фигураны бірдей төрт бөлікке бөл.
16. Себетте саны 10- нан аз алма бар. Бұл алмаларды екі немесе үш қызға
тең бөліп беруге болады. Себетте қанша алма бар?
17. Ребусты шеш.
КОК
+ АА
----------
РУУР
18. Оқушы бірінші күні кітаптың 30 пайызын,екінші күні 25 пайызын,
үшінші күні кітаптың қалған 90 бетін оқыды. Оқушы бірінші күні неше
бет оқыды?
19. Бір қатарда 6 стақан мына ретпен орналасқан: алдымен суы бар 3
стақан, кейін суы жоқ 3 стақан. Суы бар стақан мен сусыз стақан
кезектесіп келетіндей етіп орналастыру керек. Егер 1 стақанды ғана
қозғалтуға болса. қалай орындауға болады?
20.Амал таңбаларын және бес цифрын төрт рет пайдаланып, 16 санын жаз.
21. Т+О+Ч+К+А= 350
Егер Т= 0:70 ; К= А*3 ; О= К+А ; А =280:7 белгілі болса,онда әр әріп
қандай санды білдіреді?
22. Қоймада бал толтырылған толық 7 ыдыс, жартылай бал толтырылған
7ыдыс және бос 7 ыдыс бар.3 адамның әрқайсысына ыдыс пен балды қалай
бірдей бөліп беру керек? Балды бір ыдыстан екінші ыдысқа аудармаудың
жолын тап.
23. Амал таңбаларын және үш санын төрт рет пайдаланып, 7 санын
шығар.Бірнеше шешу жолдарын қарастыр.
10
24. Үш ағайынды 29 балық ұстады. Біріншісі - 6, екіншісі -2, үшіншісі -3
балықты тамақ пісіруге қойса, әрқайсысында бірдей мөлшерде балық
қалады. Әрқайсысы қанша балықтан ұстаған?
25. Бес аспаз 5 сағатта 5 торт пісірді.10 аспаз 10 сағатта қанша торт
пісіреді?
26. Атасы, әкесі және оның баласынан: «Жастарыңыз нешеде?» - деп
сұрағанда, атасы: « Біздің үшеуміздің жасымыз 100- де» деп жауап
берді.Ал әкесі: «менің жасым баламның жасымен қосқанда 45- те және
балам менен 25 жас кіші»-деді. Әрқайсысы неше жаста?
27.Марат әкесіне: «бүгін мені мұғалім есепті жақсы шығарғаным үшін
мақтады» -деді.Оны естіген Маржан: «Сені не үшін мақтайды,білмеймін,
ал мен болсам есептеуден ең мықты оқушымын»-деді.Әкесі оларды
тыңдап: «Балалар мақтануға тұрарлық нәрсе болса, әркім мақтана алады»-
деді де, әрқайсысына есеп берді.Марат мынадай есеп оқыды: « Егер менің
ақшама оның жартысын қосса, нәтижесі 81 болады. Менде қанша ақша
болды?»
Ал Маржанның есебі мынадай: «Егер анам сөмкеге оның ішінде жатқан
ақшаның үштен бір бөлігін салса, сөмкеде 68 теңге болады.Сөмкеде қанша
ақша болған? Балалар бұл есептерді шығара алмай,мақтанғандарына қатты
ұялды.Балаларға кім көмектесе алады?
28. Әр бөлігінде 100 шығатындай етіп, 188 цифрын екі бөлікке қалай
бөлуге болады?
29.Серік, Берік, Талғат және Қайрат бақылау жұмысынан «5», «5», «4»
және «3» алды.Серік Талғатқа қарағанда жоғары баға алды, ал Берік пен
Қайраттың бағалары бірдей. Қайсысы үш алды?
30.Ұшып келе жатқан топ қазға қарсы бір қаз кездесті.
-Сәлеметсіңдер ме, 20 қаз!
- Жоқ, біз 20 қаз емеспіз. Егер біз екі есе көбейсек және 3 қаз бен сен
қосылсаң, 20 боламыз. Алғашқыда қанша қаз болған?
11
Жауаптары
1- сынып
1.
Д
7
Әліпби ретімен әріптің орнын анықтау.
2. Үш ағайынды
3. Жасыл,қызыл,қара,ақ.
4.а)суреттегі екі сақина бір- біріне бекітілген.
5. Не торкөз, не ұзынжол
6. Айбек 8, ал Нұрбек 4 балық ұстады.
7. Асқар Асаннан бойшаң.
8. 20 теңге тауып алар еді.
9. Екеуі
10. 10,15,21,... шарлар жиналған.
11. 44 аяқ.
12. Тоғыз, себебі 10-1= 9
13. Алты күн болдық.
14. Алты таяқшадан тік төртбұрыш құрап,бір таяқшамен оны екі бөлу
керек.
15. Мен шешемнің сол жағында отырмын.
16. 17,28,39
17. Бес
18. Жиырма минуттан
19. а) Екеуі, себебі басқасы жанып кетеді.
20. Бесеуі
21. Кетікке жебе ұшын қиып саламыз.
22. Қара шарлар орналасқан.
23. 1- таяқша астында, 2- таяқша үстінде, 3- таяқша екі тақтайша арасында
орналасқан.
24. 1+10, 2+9, 3+8, 4+7, 5+6.
25. Жоқ, себебі ортасында түн бар.
26. Таяқшалардан төрт цифрын құрастырамыз.
27. Шаршы шығатындай етіп, екі таяқшаны дәптер не үстел бұрышына
қоямыз.
12
28. Жауабы суретте
29. Әр таяқтың 2 ұшы бар.
30. Жеті
31. 3 теңгесі бар.
33. Олар бір- біріне бетпе- бет отыр
2- сынып
1. 15+25+35 =75
2. 1+23+4+5+67= 100
3.88+8+8+8+888 = 1000
4.
12
11 1
10 2
9 3
8 4
7 5
6
Мәні 39 – ға тең.
5.
6. 99+1= 100
13
7.
26 21 28
27 25 23
22 29 24
8. 9 және 7
9. 4,11,18,25
10. 4- басқыш
11. 12,21,13,31,23,32
12.9 кг.
13.85, 109.
14.740+600-1280-60 =0
15.(5+15)+(20-2) =20+18= 38
16. Болады, себебі 7=5+3-1
17.1+10+100 =111
18.-
19.А,п,у,к.
20.-
21.Таяқшаларды жатқызып текше құрамыз.
22.Тоғыз күнде өтеді, себебі 8 километрді 8 күнде, қалған 2 километрді
тоғызыншы күнде жүреді.
23. 100-99= 1
24. Санды төңкеріп көрсетеміз.
25. Отыз жеті
26. Оны пісіріп керек жоқ, себебі ол піскен жұмыртқа.
27. 19,25,6.
28. екеуі тең
29.-
30. 4 қыз бен 4 ұл
3- сынып
1. 1) 300-215= 85 (қалың дәптер)
2) 170- 85 =85 (қарындаш, өшіргіш)
3) 215-85= 130 (қалам)
4) 180-130 =50 (өшіргіш)
5)85-50= 35 (қарындаш )
2. 29,30
14
3. Ағаштың орналасуына байланысты. Мысалы, бір түзу бойында
орналасса 45 метр, себебі 5*9
4.2 мен 2- нің, себебі, 2*2 = 2+2
5. 1,2 және3. Есеп шарты бойынша 1*2*3= 1+2+3 болуы керек
6. 6*6-6 =30.
7. (9*0)+10= 10
8. 8 және 4
9.Бес машина
10.-
11.100 саусақ
12. Үште
13. 0
15.
16. 6
17. 979
+ 22
1001
18. 60 бет
19. Суы бар ортасындағы стақанды алып, суы жоқ ортасындағы стақанға
құю керек.
20. 55:5+5 = 16
21. 1)А= 40 2) К =40*3 =120
3)Т =0 4)О =40+120 =160
5) Ч =350-0-160-120-40 =30
22.Қоймада барлығы балы бар толық 7 және жартылай балы бар 7 ыдыс
бар. Барлығы: балы бар 10,5 ыдыс. Ендеше әрқайсысы балы бар 3,5
ыдыстан алу керек.
1- адам: 3 толық, 1 жартылай балы бар және 3 бос ыдыс
2,3 - адам: 2 толық, 3 жартылай балы бар және 2 бос ыдыс алу керек
23. 1)7 =3:3+3+3
2) 7 =3+3+3:3
3) 7 =3+3:3+3
24. 1) 6+2+3= 11(б.)-тамаққа кетті
2) 29-11= 18 (б.) барлық қалған балық
15
3) 18:3= 6(б.)- әрқайсысында қалды
4) 6+6 =12(б)- бірінші ағасында
5) 6+2= 8 (б.) – екінші ағасында
6) 6+3 =9(б.) – үшіншісінде
Біріншісі-12б, екіншісі-8б, үшіншісі-9 б.
25. 10 аспаз 5 сағатта- 10 торт; 10 аспаз 10 сағатта – 20 торт пісіреді.
26. Атасы-55-те, әкесі-35- те, баласы- 10 жаста.
27. Мараттың есебі: әкесінде 54 теңге болған.54+27= 81
Маржанның есебі: сөмкеде 51 теңге болған.51+17= 68
28. 188
29. Серік– «4», Талғат – «3», Берік пен Қайрат- «5» алды.
30. 8 қаз болған.
16
Мазмұны
1.
Алғы сөз.............................................................................1
2.
Ойындар мен логикалық есептер
Бірінші сынып.....................................................................2
Екінші сынып......................................................................6
Үшінші сынып....................................................................14
3.
Қолданылған әдебиеттер......................................................18
17
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Бастауыш мектеп Алматы- 1995 № 9 с. Елубаев, С. Елубаева
2.
Т.В.Шклярова Математика «Сборник упражнении» издательство
грамотей-2007
3.
Линник Р.Р. Математика пәні бойынша тест тапсырмалар жинағы
«Келешек-2030»ЖШС, 2007
4.
Л.Г.Петерсон Математика 3-класс Ювента,2002
5.
Қазіргі кездегі оқытудың педагогикалық технологиялары. Алматы
2006 жыл
18
Достарыңызбен бөлісу: |