ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет339/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   335   336   337   338   339   340   341   342   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

В. Шубин көшесі 
(бұрынғы Почтовая көшесі) 
Виктор Шубин (1919-1997) Социалистік Еңбек Ері, 4 мәрте Ленин, Қазан революциясы 
және т.б. ордендермен, бірнеше медальмен марапатталған. Ұлы Отан соғысына қатысқан.Ұзақ 
жылдар ауыл шаруашылығын басқарған адам.
Шора батыр атындағы көше - 
Зашаған кентіндегі жаңа көше. Шора Нәрікұлы - батыр, 
тарихи тұлға. Кіші жүздегі Жетіру тайпалық бірлестігінің тама руынан шыққан. Оның өмірі 
жайлы халық арасында түрлі аңыздар бар, сондай-ақ халық жадында «Шора Батыр», «Нәріктің 
ұлы Шора» атты жыр-дастандар халық жадында сақталып, хатталған. Осы әдеби мұралар мен 
орыс жылнамаларында 15-16 ғасырлар шенінде тама руының Қазан қаласы маңын жайлағаны 
баяндалады. Туысқан татар халқы Шора батыр мен оның әкесін Қазан қаласының тарихына 
елеулі із қалдырған қаһармандар ретінде мақтан тұтады. 
Аңыз, ертегілерде де «Шора Батыр» –үлгісінде қаһармандық жырлар бар. Шора батыр 
жөніндегі жыр Румыния, Түркия, Қырым, Қазан татарлары, ноғайлар, қарақалпақтар
башқұрттар, чуваштар, қырғыздар арасында да кең тараған. Қазақтар арасында «Шора Батыр» 
жыры Батыс Қазақстан мен Оңтүстік Қазақстан аймағында да айтылады. Батыс Қазақстандағы 
нұсқаларда бас қаһарман мерт болса, оңтүстіктегі нұсқалар бақытты финалмен бітеді.
Жырда қарт Нәріктің баласыздығы, басынан өткен қиыншылықтары, Шораның ғажайып 
туылуы, ер жетуі, өзі жоқта ата-анасына зорлық қылған Әлі биді кездейсоқ өлтіруі, соның 
себебінен Қазан қаласына кетуі; Қазанға келген басқыншы жаумен соғысуы, ерліктері 
айтылады. Бұл оқиғалық желі «Шора Батырдың» барлық нұсқаларында кездеседі. 
Шығармадағы оқиғалар мен кейіпкерлердің көбінің тарихи негіздері бар. Бас қаһарманның 
тарихи түп тұлғасы – орыс жылнамаларында аты кездесетін Чура (Чюра) Нарикович деген 
атпен кездеседі. Ол Қазан қаласын орыс басқыншыларынан қорғауда көп ерлік көрсеткен. 
Қазан хандығы үшін болған саяси күресте белсенді қызмет атқарып, ішкі саяси шиеленісті 
жақсартуға, бейбітшілік орнатуға үлкен еңбек сіңірген. «Шора Батыр» жырының жариялану, 
зерттелу тарихы 19 ғасырдың орта кезінен бастала ды. Қазақ даласына жер аударылған поляк 
қайраткері Б.Зелецкий Мырзақай деген кісіден жазып алған нұсқаны 1857 ж. поляк тілінде 


240 
жариялайды. 1884 ж. Мұхамбетнәжіп Әлиакбарұлы Қазан қаласында «Шора Батырдың» бір 
нұсқасын кітап етіп шығарған. 1895 ж. Ә.Диваев Майлықожа ақыннан жазып алған прозалық 
нұсқаны орыс тілінде бастырған. «Шора Батыр» жөнінде ең алғаш ғыл. пікір айтқан 
Ш.Уәлиханов болды. «Шора Батыр» Оңтүстік Қазақстанда ерте кезден жырланған. Тарихи 
негізі Қырым және Қазан хандықтары мен Орыс мемлекеті арасындағы оқиғаларда жатқан 
жырды Оңтүстік Қазақстан өлкесіне 16 ғасырдың орта тұсында Еділ бойынан Түркістан, 
Сығанақ қалалары төңірегіне қоныс аударған қоңырат тайпаларының үлкен бір бөлігі алып 
келген деуге негіз бар. Бұл этникалық топ қазіргі қарақалпақтар мен қазақтар құрамындағы 
қоңырат тайпаларының қомақты бөлігін құрайды. Тама руының өкілдері Шораны өз бабалары 
деп есептейді. Майкөт Сандыбайұлы жырлаған үлгі де хатқа түсіп, Ә.Диваев тарапынан 
орысшаға аударылған. Ол Мәскеу мемлекеттік музейінде сақтаулы тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   335   336   337   338   339   340   341   342   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет