ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет335/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   331   332   333   334   335   336   337   338   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

 
 
 


236 
М.Шамов көшесі 
(бұрынғы Монетная көшесі)
Шамов Михаил Михаилович (1912-1972)–Даңқ орденінің толық иегері. 12-13 жасынан 
еңбекке араласып, «Жаңа өмір» ұжымшарына мүше болады. Семиглавый Мар МТС-ы 
жанындағы тракторшылар курсын бітірген. 1941 жылы Шамов неміс басқыншыларына қарсы 
соғысқа аттанады. 86-шы ауыр артиллерия бригада құрамында Курск жерінен Берлинге дейін 
барады. Соғыста көрсеткен ерліктері үшін ол Даңқ орденінің толық иегері болады, 2 Қызыл 
Жұлдыз орденімен және бірнеше медальмен марапатталады. Соғыстан кейінгі жылдары ол 
Тасқала ауданының Ленин атындағы шаруашылығында 25 жылдай еңбек етті. Оған ауданның 
құрметті азаматы атағы берілген. 
Ж.Шанин атындағы көше
- Зашаған
 
кентіндегі жаңа көше атауы.Жұмат Шанин - 
режиссер, драматург, актер, ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам 
және театр қайраткері, Қазақ КСР Халық әртісі. 1936-37 ж.ж. Орал музыкалық-драмалық қазақ 
театрын ұйымдастырып, оған басшылық жасаған.
Шағала көшесі -
Круглоозерное кентіндегі жаңа көше атауы. Құс аты. 
Шаруашылық көшесі- 
Деркөл кентіндегі жаңа көше.
М. Шамсутдинов көшесі
Шамсуддинов Мингазетдин
 
(1893, Орал қаласы – 1919 ж ) Жайық өңіріне белгілі саяси 
қайраткер. Курени татары. 1919ж қаңтарда Оралға Қызыл армия келгеннен кейін Орал облысы 
ревкомының ұлт ісі жөніндегі коллегиясының хабар бөлімінде қызмет атқарады. Кейін әскери 
– саяси комиссар болады. Оның бөлімшесі облыстың солтүстік бөлігінде, Оралдың оңтүстік – 
шығысында соғысқан. Қаланың Курени жағында оның есімімен аталатын көше бар. 
Шоқан Уәлиханов көшесі
- Орал қаласының Зачаганск ауылдық округі, «Балауса» 
шағын ауданындағы жаңа көшеге берілген атау.
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов - 1835 жылдың қараша айында Құсмұрын бекетінде 
қазіргі Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы Құсмұрын жерінде атақты аға сұлтан 
Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген. Әкесі Шыңғыс Уәлиханұлы сол кезде 
Аманқарағай дуанының (орталығы Қараоба мекені) аға сұлтаны болған. Шоқанның өз атасы 
Уәли Орта жүздің ханы болған. Арғы атасы Қазақ Ордасының Ұлық ханы Абылай, Шоқан 
оның шөбересі. Шоқанның балалық шағы қыс кезінде Обаған бойындағы Күнтимес ордасында, 
жазда Есілдің оң саласы Аққанбұрлық алабындағы ата жайлауда өткен. Әжесі Айғаным 
тұратын Сырымбеттегі хан ордасында да балдәурен күндерін өткізген. «Жеті жұрттың тілін 
білуге тиісті» хан тұқымы болғандықтан, Күнтимес ордасындағы әкесі ашқан ауыл мектебінде 
хат таныған Шоқан сол мектепте ортағасырлық қыпшақ-шағатай тілін меңгереді, парсыша, 
арабша тіл сындырады. Шоқан 12 жасына дейін Құсмұрындағы мектепте оқып, мұсылман діні 
ілімімен танысты. Шоқан ауылдық бастауыш мектепте оқып жүріп-ақ араб, парсы, шағатай 
тілдерінің негізін үйреніп алды. 
Шоқанның әкесі - Шыңғыс Уәлиханов білімді адам болған. Ол 1834 жылы Омбыда 
Сібірдің казак әскери училищесін бітіріп, орыс армиясында жоғары әскери шен - полковник 
атағын алды және Қазақстанды басқару аппаратында бірсыпыра жауапты қызметтер атқарды: 
Құсмұрын округінің аға сұлтаны, Сібір қырғыздарының облыстық басқармасының кеңесшісі, 
Көкшетау округінің аға сұлтаны болды. Россияның алдында сіңірген еңбегі үшін оған өмірлік 
мұра ретінде дворян атағы берілді. Шоқаннын анасы жағынан туыс нағашылары — Баянауыл 
өлкесіндегі атақты Шормановтар әулеті болатын. Шорманов Мұса орыс армиясының 
полковнигі, белгілі қазақ биі, Баянауылсыртқы округының аға сұлтаны еді. 
1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі сол кездегі ең таңдаулы оқу орны болып есептелген 
Сібір кадеті корпусына оқуға орналастырады. Шоқанның бүкіл келешегі мен ғылым, өнер 
жолындағы талантын ашуда бұл оқу орнының маңызы ерекше болды. Мұнда жабық әскери оқу 
орны болғанымен, көптеген пәндер әскери сабақтарға қоса орыс, батыс әдебиеті, географиясы 
мен тарихы, философия, физика, математика негіздері, шетел тілдері оқытылып, орыстың озық 
ойлы интеллигенттерінің өкілдері сабақ берген. Оқытушылар құрамында білімді және 


237 
прогресшіл ой-пікірлі адамдар көп болған. Ол Косоплецкий, Тонеевский сияқты (орыс әдебиеті 
мен тілі, тарих пәні) оқытушыларының игі ықпалымен өзінің жоғары қабілеті мен 
дарындылығының арқасында орыс және дүние жүзі әдебиетінің озық үлгілерін оқып танысып, 
ғылыми пайымдау, тұжырымдар жасай білді. Оның зерттеушілік қабілеті де осы корпуста оқып 
жүргенде біртіндеп қалыптасып, дами түсті. Ол, әсіресе, жазғы демалыс кездерінде ел ішіндегі 
халық жырлары мен дастандарын жазып алып, аңыз-әңгімелерді жинауға қызықты. Мысалы, 
"Қозы Көрпеш-Баян сұлу жыры Шоқанның алғашқы жазған шығармаларының бірі болды. 
Шоқан жинаған қазақтың ауыз әдебиеті үлгілері нұсқаларын, "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" 
жырын көрнекті шығыс зерттеушісі, Петербург университетінің профессоры И.И.Березин бұл 
зерттеулерге назар аударып, жазып алған.
Кадет корпусын 1853 жылы он жеті жасында бітірген Шоқан Батыс Сібір генерал 
губернаторының кеңсесінде қызметке қалдырылады. Бір жылдан кейін Батыс Сібір мен 
Қазақстанның солтүстік шығыс аудандарын басқаратын генерал губернатор Гасфорттың 
адьютанты болып тағайындалады. Осы қызметті атқара жүріп, ол Орта Азия халықтарының 
тарихын, этнографиясы мен жағрафиясын зерттеуге белсене араласады. 1854 жылы кадет 
корпусындағы ұстазы Костылецкийдің өтініші бойынша көрнекті шығыстанушы, Қазан 
университетінің профессорыН.И.Березиннің тапсырмаларын орындайды. Березин Шоқан 
жинаған қазақтың ауыз әдебиеті нұсқалары, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   331   332   333   334   335   336   337   338   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет