239
(1939), Социалистік Еңбек Ері (1967). Ауқатты шаруа отбасында дүниеге келген. Шіркеу-
приход мектебінде және гимназияда оқыған. Азамат соғысы жылдары азық-түлік
мекемелерінде істеген. 1922 ж. Мәскеуге келіп, әр түрлі жұмыстар атқарады. 1923 – 24
жылдары алғашқы әңгімелері мен фельетондары баспасөз бетіне жарияланып, кейіннен 1926
жылда шыққан “Дон әңгімелері” және “Мұнарлы дала” жинақтарына енеді. Бұл әңгімелердің
тақырыбы – Дондағы азамат соғысы, орыс деревнясындағы әлеуметтік өзгерістер, адам
санасының өзгеруі, т.б. мәселелер. 1925 жылы ол туған жеріне қайтып оралып, қалған өмірін
сонда өткізеді. Сол жерде Шолохов “Тынық Дон” романын жаза бастады. Бұл роман автордың
есімін дүние жүзіне танытты. Романда бүкіл бір революциялық дәуірдің тарихи оқиғалары
кеңінен қамтылып, орыс әдебиеті жаңа биікке көтерілді. Мұнда адам факторы мен тарих
мәселесі қатар өрілген. Романдағы Г. Мелехов образы – дүние жүзі әдебиетіне үлкен жаңалық
болып енді. Ол әр жағынан толық, терең және барлық қыр-сырымен ашылды. Келесі романы
“Көтерілген тың” 1920 – 30 жылдары болған орыс деревнясы өміріндегі өзгерістерді көркем
баяндап берді. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында Шолохов “Правда” газетінің майдандағы
тілшісі болады. Соғыс жылдары “Олар Отан үшін шайқасты” романының кейбір тараулары
(1943 – 44) жарияланды. 1949 – 69 жылдары қалған тараулары жазылғанмен, бұл роман толық
аяқталмай қалды. Шолоховтың соғыс тақырыбына жазған “Адам тағдыры” әңгімесі дүние жүзі
әдебиетіндегі елеулі құбылыс саналады. Онда соғыс кезіндегі жеке адамның трагедиялы
тарихы баяндалады. Шолоховтың шығармалары сахнаға және киноға көп шықты әрі КСРО мен
шет ел халықтарының барлық негізгі тілдеріне аударылды. Соның ішінде қазақ тілінде де
жазушының Дон әңгімелері”, “Тынық Дон”, “Адам тағдыры”, т.б.шығармалары аударылып,
жарық көрген. Шолохов 40 жылдан аса уақыт Қазақстанмен, қазақ жазушыларымен достық
қарым-қатынаста болады. Ол М. Әуезовтің шығармаларын өте жоғары бағалады, С.
Мұқановпен жақын дос болған. 1954 жылы Қазақстан жазушыларының 3-съезіне қатысып,
қазақ халқына және қазақ әдебиетіне өзінің бауырмалдық көңілін білдіреді. Әдебиеттегі
жетістіктері үшін Шолоховқа КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1941) және Лениндік сыйлық
(1960), ал 1965 жылы Нобель сыйлығы берілген. Көптеген орден-медальдармен марапатталған.
Достарыңызбен бөлісу: