ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет336/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   332   333   334   335   336   337   338   339   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

«Қозы Көрпеш Баян сұлу»
жырымен таныс еді.
 1855 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторымен бірге Семей, Аягөз, Қапал арқылы 
Алматыға дейін келіп қайтады. Осы сапарында қазақ, қырғыз, ауыз әдебиетінің үлгілерін, 
тарихы мен этнографиясының материалдарын жинай жүреді. Бұл материалдар негізінде кейін 
ол 
«Тәңірі (құдай)», «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы»
деген еңбектер жазады. Сол 
сапардан кейін оның әскери лауазымы бір сатыға жоғарылап, поручик шенін алады. 
1856 жылы полковник М.М. Хоментовский басқарған әскери-ғылыми Ыстықкөл 
экспедициясына қатысып, қырғыз елін жете зерттейді. Қырғыздар мен Ұлы жүз қазақтарының 
тарихы, этнографиясы жайлы мәліметтер жинайды, ауыз әдебиетінің нұсқаларын жазып алады. 
Әлем ғалымдары арасында тұңғыш рет "Манас" эпосының ең шұрайлы бөлігі "Көкетай ханның 
ертегісі" жырын жазып алады.
 
Осы сапарларда жинаған материалдарды ол 
«Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы 
жазбалар», «Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы», «Ыстықкөл сапарының 
күнделігі», «Қытай империясының батыс өлкесі және Құлжа қаласы»
атты еңбектерін жазуға 
пайдаланады. Табиғатты және ел тұрмысын Шоқан жазушылық шеберлікпен суреттейді. 
Осыдан барып оны орыс достары «Қазақ тақырыбына жазатын орыс жазушысы» деп атаған. 
Тарих, география саласындаы даңқы Петербург ғалымдарына да жетіп, жиырмадан жаңа асқан 
жас Шоқанды Орыс География қоғамының толық мүшесі етіп сайлайды. 
Тамаша білім алып шыққан жас ғалым түрлі ғылыми экспедицияларға белсене қатысты. 
Бұл жөнінде ол Омбыда оқып жүрген жылдарында армандайтын. Қазақ даласын және онымен 
шекаралас жатқан елдердің аумағын, ондағы халықтардың тарихы мен жағдайын жаксы 
білетін Шоқанға орыс зерттеушілері де қатты қызығып, оның көмегіне мұқтаж болатын. 1855 
жылы Шоқан Батыс Сібір генерал-губернаторы Г.Х. Гасфорттың Орталық Қазақстан, 
Тарбағатай мен Жетісу жеріне жасаған сапарына қатысады. Бұл сапарда қарапайым халықтың 
өмірімен танысып, қырғыздардын тарихи аңыз-әңгімелері мен жырларын жазып алды. 
Ш. Уәлиханов 1856 жылы аса көрнекті ғалым, белгілі географ П.С. Семенов-Тян-
Шанскиймен танысты. 1857 жылы П.С. Семенов-Тян-Шанскийдің ұсынуымен Ш. Уәлиханов 
Орыс географиялық қоғамының толық мүшелігіне қабылданды. Шығыс Қазақстан мен 
Жетісуға, қырғыз еліне жасаған сапары Шоқанның ғалым ретіндегі даңқын арттырды. 1857 
жылы Шоқан Алатау қырғыздарына сапар шегіп, оның тарихын, этнографиясын және 
халықтық поэзиясын зерттеді. Кырғыз халқының энциклопедиялық дастаны «Манасты» жазып 
алды. 
1858-1859 жылдары Шоқан атақты Қашғария сапарына барып қайтты. Шоқанға дейін ол 
өлкеде бірде-бір зерттеушінің болып қайтуының сәті түспеген еді. Неміс ғалымы Р. 
Шлагингвейттің еуропалықтар үшін мүлде жабық өлкеге барып қайтпақ болған сапары 
қайғылы аяқталып, ол қатыгездікпен өлім жазасына душар болған-ды. Шоқан аса қиын құпия 
жағдайда өз өміріне қатер төндіре жүріп, Қашғария өлкесінің тарихы, этнографиясы, мәдениеті 


238 
мен геологиясы, географиялық жағдайы жайлы Бұған дейін мүлде белгісіз аса құнды деректер 
жинап қайтты. Соның негізінде «Алтышардың немесе
Патша үкіметі жас ғалымның ғылыми ерлік еңбегін жоғары бағалады. 1860 жылы Санкт-
Петербургте ол орденмен марапатталып, әскери шені де жоғарылатылды. Оны орыс патшасы II 
Александрдің өзі қабылдады. Осы кездесу кезінде Шоқан патшаға орыс шенеуніктерінің қазақ 
халқына жақсы қарауы жайлы өз өтінішін батыл жеткізді. 
Петербургте болған кезінде (1859—1861 жылдары) Шоқан Уәлиханов әр түрлі әскери 
және ғылыми мекемелерде жұмыс істеді. Алайда Петербургтың ылғалды ауа райы оның 
денсаулығына жақпады. Денсаулығының нашарлауына байланысты Отанына оралуға мәжбүр 
болды. Ол Омбыға барып, даладағы жергілікті баскару ісін қайта ұйымдастыру жөніндегі 
шараларға қатысты. Оның негізгі ойлары «Қырдағы мұсылманшылық туралы», 
«Қырғыздардың көші-қоны туралы», «Сот реформасы туралы жазбаларда» баяндалады. 
1864 жылы Шоқан генерал Черняевтың Оңтүстік Қазақстанға жасаған әскери 
экспедициясына қатысады. Бірақ әскери қызметі ұзаққа созылмады, генералдың жергілікті 
халыққа шектен тыс қатыгездік жасауы салдарынан әскер қатарынан өз еркімен кетті. 
1864 жылы наурыз айында Шоқан полковник Черняевтің шақыруымен Әулиеата 
жорығына қосылады. Орыс империясының Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияны Ресей 
қарамағына бағындыру мақсатын көздеген бұл жорыққа аудармашы, жергілікті халықпен 
бейбіт мәмілегерлік келісімдер жасау үшін қатысқан ол, полковник Черняевтің Әулиеатаны 
(қазіргі Таразды) алу кезінде шәһар халқына жасаған жауыздығын көргесін, ренжіп, кейін 
қайтады. Содан Верный (қазіргі Алматы) қаласына келіп, одан әрі Тезек төренің ауылында 
(бұрынғы Талдықорған облысы, жазда Күреңбел жайлауы, қыс кезінде Алтынемел асуының 
күнгейі) тұрақтап қалады. Сонда Тезектің немере қарындасы Айсарыға үйленеді. Сөйтіп 
жүргенде ескі өкпе ауруы қайта қозып, Шоқан 1865 жылдың сәуірінде қайтыс болады. Оның 
сүйегі Алтынемел тауының баурайындағы Көшентоған деген жерге қойылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   332   333   334   335   336   337   338   339   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет