ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет332/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   328   329   330   331   332   333   334   335   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

М. Тілеужанов көшесі
- (бұрынғы Упорная көшесі) 
Мәтжан Тілеужанов (1927-1995) - атақты ғалым, филология ғылымдарының докторы, 
профессор. Қаратөбе ауданының тумысы. Өмірінің соңына дейін ұстаздық етіп, факультет 
деканы, кафедра меңгерушісі болып, жүздеген шәкірт тәрбиелеген адам, қоғам қайраткері. 
«Қазақ тілі» қоғамын құру идеясының, алғашқы мемлекеттік тіл туралы пікірдің авторы. 
Республикада тұңғыш рет «Этнопедагогика және фольклор» бөлмесін ұйымдастырып, 
ұлтымыздың қолөнер туындыларын жинаған адам. 
 
 
 


234 
С. Тюленин көшесі 
Сергей Тюленин Гаврилович 1925 жылы 12 шілдеде Орлов облысы, Новосильский 
ауданы, Киселев аулында туылған. 1926 жылы Краснодонға көшеді. Әкесі шахтада жұмыс 
істейді, семьяларында 12 адам болады. Сергей ең кіші 10-шы бала екен. Ол М.Горький, 
Ворошилов (бүгінде С.Тюленин атында) орта мектептерінде оқиды. 7 класс бітірген соң, 
соғысқа аттанып, соғыс жылдары қорғаныс құралдарын шығаратын құрылыста жұмыс істеген. 
«Жас гвардияшылар» штабын құрып, фашистерге қарсы листовкалар таратып, комсомол 
қатарына өтеді. Берілген тапсырмаларды бұлжытпай орындап, фашистердің жүк тиеген 
көліктерін жойып жіберген. Германияға жұмысқа жіберілген жастарды босатып алады. 1943 
жылы соғыс фронтына аттанып, бір үлкен ұрыста қолға түседі. Бір қолы жараланып, 
қамауданқашып шығып, 25 қаңтарда Краснодонға жетеді, бірақ екі күннен соң сатқындардың 
кесірінен полициялардың қолына түседі. Тергеу кезінде адам айтқысыз соққыға жығылса да, 
күш-қайратын, ерік жігерін көрсетіп, өзімен бірге болған жас гвардияшылардың біреуінің де 
атын атамайды. Денесі Краснодон қаласындағы батырлар жатқан бейітке жерленген. СССР 
Жоғарғы Кеңесі Президиумының жарлығымен 1943 жылдың 13 қыркүйегінде «Жас гвардия» 
жасырын ұйымының мүшесі Сергей Гавриилович Тюленинге Совет Одағының батыры атағы 
берілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   328   329   330   331   332   333   334   335   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет