ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет334/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   330   331   332   333   334   335   336   337   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

 
Ц 
К.Э. Циолковский көшесі 
Циолковский Константин Эдуардович 17.09.1857 ж Ресей, Рязань губерниясы, Ижевское 
селосында дүниеге келіп, 19.09.1935 ж Калуга қаласында дүниеден озған. Осы заманғы 
космонавтика мен ракеталық техниканың негізін қалаған ғалым. Жас кезінде ауыр 
науқастанып, есту қабілетінен айрылған. 1880 жылы Боровскідегі уездік училищеде 
математика және физика пәндерінен сабақ береді. Басқармалы тұтас металл дирижабльді, 
металл қаңқалы - каркасты ұшақ-монопланды жобалаумен әрі олардың теориялық 
мәселелерімен айналысады. 1897ж. Ресейде тұңғыш рет аэродинамикалық құбырды жасап
қарапайым модельдерді сынақтан өткізеді. Қазан төңкерісінен кейін Циолковскийдің еңбектері 
кеңес өкіметі тарапынан жан-жақты қолдау табады. Негізгі еңбектері реактивті қозғалысқа, 
космонавтиканы және ракета жасауды дамытудың ең тиімді жолдарын анықтауға, көп сатылы 
ракета түрін жасауға, ракеталық отын түрлеріне, сұйық отынды ракеталық қозғалтқыш 
мәселесіне, планетааралық қатынастың даму болашағына арналған. 1924ж. Циолковскийге 
Н.Е.Жуковский атындағы әуе флоты академиясының құрметті профессоры атағы беріледі. 
КСРО ҒА планетааралық қатынас саласындағы үздік еңбектері үшін берілетін 
К.Э.Циолковский атындағы Алтын медалін белгіледі. Айдың көрінбейтін жағындағы кратердің 
бірі Циолковский есімімен аталады.
 
 
Ш 
 
Шалкиіз жырау көшесі- 
Орал қаласының Зачаганск ауылдық округі, «Сарытау» шағын 
ауданындағы жаңа көшеге берілген атау.
Шалкиіз Тіленшіұлы
 
(1465-1560) - ақын, жырау, батыр. Шалкиіз - туындылары орыс 
тіліне аударылған ақын-жыраулардың бірі. Оның шығармашылығын сол дәуірдегі орыс 
оқымыстылары мен зерттеушілері жоғары бағалаған. Темір биге айтқандары әртүрлі жинақтар 
мен басылымдарда бірнеше мәрте басылды. Жыраудың қазақ көне әдебиетіндегі орны ерекше. 
Шалкиіз жырау ғүмырының көп бөлігін Ноғай ордасының билеушісі Темір бидің қол астында 
өткізеді. Турашылдығымен, әділдігімен, даналығымен ел алдында беделді болады. Өмірінің 
соңғы жылдарын Хақназар хан тұсындағы Қазақ мемлекетінде өткізеді.
Шалкиіз жас кезінен-
ақ ер жүрек жауынгер әрі талантты жырау ретінде даңққа бөленеді. Жігіттік шағы Ноғай 
ордасындағы Мұса бидің маңайында өткен. Кейіннен Үлкен Орданың әміршісі, Мансұрұлы 
Темір бидің және ноғайлы Жүсіп бидің төңірегінде, өмірінің соңғы кезін қазақ ханы Хақназар 
маңында өткізеді. Жырау туындылары әсерлі, өткір, аз сөзге көп мағына сыйғызған сұлу сазды 
көркемдігімен ерекшеленеді. Оның шығармаларынан ортағасырлық қарапайым көшпелілердің 
өмірі туралы нанымды, моральдық, этикалы түсініктер көрініс тапқан (“
Асқар, асқар, асқар 
тау 
”, “
Қоғалы көлдер 
”, “
Арғымақ ару аттар 
”, “
Ор, ор қоян, ор қоян 
”, тағы басқа). Шалкиіз 
шығармаларында ерлік рухқа, асқақ романтикаға толы жырлар да жеткілікті. “
Алаштан 
байтақ озбасы 
”, “
Жапырағы жасыл жаутерек 
”, “
Ер Шобан
”, тағы басқа). Шалкиіздің халық 
арасына ең көп тараған шығармалары — “
Би Темірге айтқаны
”, “
Би Темірді қажы сапарынан 
тоқтатуға айтқан
” толғаулары. Ол ертедегі қазақ поэзиясының өлең өрнегін байытқан ақын. 
Шығармалары алғаш 19 ғасырдан қағаз бетіне түсе бастады. 
Қазан төңкерісіне дейін орыс және қазақ тілдерінде 1875 жылы “
Записки Оренбурского 
отдела Императорского Русского географического общества
” жинағында жарияланған. Кейін 
аталған жинақта (1885), “
Астраханский вестник
” газетінде (1893, 1916), Ы.Алтынсариннің 

Қырғыз хрестоматиясында
” (1879, 1906), т.б. жинақтарда, ал Кеңес дәуірінде “
Ертедегі 
әдебиет нұсқалары
” (1967), “
Алдаспан
” (1971) “
15 — 18 ғасырлар қазақ поэзиясы
” (1982), “
Бес 
ғасыр жырлайды
” (1984) жинақтарында жарық көрді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   330   331   332   333   334   335   336   337   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет