ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет333/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   329   330   331   332   333   334   335   336   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

Сымбат көшесі
– «Бәйтерек» шағын ауданындағы жаңа көше. Сыртқы көрініс, мүсін, 
тұлға мағынасындағы абстракты ұғым. 
Ұ 
 
Ұзақ күйші көшесі-
Орал қаласының Зачаганск ауылдық округі, «Сарытау» шағын 
ауданындағы жаңа көшеге берілген атау.
Ұзақ (шамамен 18 ғ-дың аяғы мен 19 ғ-дың 1-жартысында қазіргі Орал облысында өмір 
сүрген) - қазақтың халық күйшісі. Құрманғазының жолын ашқан ұлық ұстазы осы Ұзақ күйші, 
Ұзақтың ұстазы Боғда деп есептелінеді. Ұзақ сол кезеңдегі күйлердің көпшілігін жете 
меңгеріп, өте шебер орындаған; күй тарту жарыстарына қатысып, үздік орындаушылық 
қабілетімен атағы шыққан. Ол « Ұзақ», «Ақжелең» атты күйлердің авторы. Қазіргі батыс 
Қазақстан облысы, Сырым ауданында күйшіге арналып, кесене тұрғызылды. 
 
Ұшқыш көшесі –
Орал қаласының Зачаганск ауылдық округі, «Кең дала» шағын 
ауданындағы жаңа көшеге берілген атау. Патриоттық рух беретін абстракты жалпы ұғымды 
береді.
 
Ү 
 
Үркер көшесі
– «Бәйтерек» шағын ауданындағы жаңа көше. Торпақ жұлдызының 
құрамына енетін топтанған жұлдыз шоғыры мағынасындағы абстракты ұғым. 
Үміт ауылы –
Деркөл кенттік округіндегі жаңа кент атауы 
 
Ы 
М.Ықсанов көшесі – 
(бұрынғы Батурин көшесі)
 
Ықсанов Мұстахым Біләлұлы (30.03.1926 – 20.11.1991) – мемлекет және қоғам 
қайраткері. 1975-86 ж. Батыс Қазақстан облысы партия комитетінің 1-хатшысы болады. Осы 
жылдарда ол облыс экономикасы мен мәдениетін өркендетуге, әсіресе күрделі құрылысты 
дамытуда, сан алуан шаруашылық, оқу-ағарту, денсаулық, мәдениет салаларын дамытуға үлкен 
үлес қосады. Ленин, Октябрь революциясы, Еңбек Қызыл ту ордендері және бірнеше 
медальдармен марапатталған. 
Х 
 
Б.Хитев көшесі 
(бұрынғы Черноморская көшесі) 


235 
Хитев Борис Никитович (1909-1943) – Кеңес Одағының Батыры. Днепрден өту кезіндегі 
ерекше ерлігі үшін Батыр атағы беріледі. Оған Мәскеу облысның Коломна қаласында бюст 
орнатылған. Чернигов облысындағы Гайворон селосының бір көшесі де Хитеев есімімен 
аталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   329   330   331   332   333   334   335   336   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет