241
Н.Черненко көшесі -
(бұрынғы Ясеневая көшесі)
Черненко Николай Власович (1924-1945) – Кеңес Одағының Батыры.
1942 жылы желтоқсанда Сталинград және Орталық майдандарға қатысқан. Берлин
операциясы кезінде Бранденбург шайқасындағы ерекше ерлігі үшін оған Батыр атағы беріледі.
Елек ауданындағы орта мектеп Черненко есімімен аталады.
А.Чурилин көшесі -
(бұрынғы Районная көшесі)
Чурилин Алексей Павлович (1917-1982) – Кеңес Одағының Батыры, ұшқыш. 1942 жылы
әскери-авиациялық училещесін бітірген. 611- Суворов атындағы полктің құрамында жаумен
шайқасады. Соғыста 273 әскери тапсырманы орындап, 83 рет әуе ұрысына қатысқан адам.
Н.Чуриков көшесі -
(бұрынғы Котельная көшесі)
Чуриков Николай Степанович (1910-1944) – Кеңес Одағының Батыры. Соғысқа дейін
Орал қаласында еңбек етеді. Днепрден өту кезіндегі көрсеткен ерекше ерлігі үшін оған Батыр
атағы берілген. Соғыстан кейін Чуриков туған жеріне оралып, әр түрлі қызметтер атқарады.
243
құрмында жан-жақты қызмет атқаруы негізінде түрлі ономастикалық әдебиеттер мен
зерттелуіде халықтық терминдер, детерминативтер, термин-индикаторлар, топоформанттар
атауларымен беріліп жүргені атап өтіліп, деректерімен нақтыланды.
6.Батыс Қазақстан облысы топономиясын қалыптастыратын негіздер деп географиялық,
этнографиялық, тарихи-әлеуметтік факторлар анықталды. Халықтың тарихи қойнауына кеткен
байырғы тұрмыс-тіршілігі мен солт-дәстүрмен мол мәлімет бере алатын сөздерін өз бойына
жиып, сақтап оны келешек ұрпаққа жеткізе алатын бірден-бір кумулятивтік қызмет ұлттық
топонимдерде анық сақталған. Сондықтан жер-су атауларының этнолингвистикалық сипаты
жан-жақты кешенді қарастырылды. Осының нәтижесінде Батыс Қазақстан облысы
топонимдерінің этнографиялық сипаты, олардың этнос өміріндегі атқаратын рөлі,
гидронимдердің,
этнотопонимдер
мен
генотопонимдердің,
антропотопонимдердің
этнолингвистикалық сипаты Батыс Қазақстан топономиясы матариалдары негізінде
анықталды.
7. Облыс топонимдерінің кейбірінің құрамында бүгінгі тілдік кездеспейтін немесе сирек
көрініс табатын реликтілік (сарқыншақ) құраламдар мен реликтік тұлғалар кездесетіні тілдік
деректермен анықталды.
8. Ғылыми атаулар сөздігіне анықтама берілді.
9. Ономастикалық терминдер сөздігі жасалды.
10.Онимдердің ғылыми тараулары кестемен түсіндірілді.
11.батыс Қазақстан облысы жер-су атауларының сөздігі жасалды.
12. Орал қаласы көше атауларының баяны сөздік бойынша жазылды
.
Достарыңызбен бөлісу: