240
жариялайды. 1884 ж. Мұхамбетнәжіп Әлиакбарұлы Қазан қаласында «Шора Батырдың» бір
нұсқасын кітап етіп шығарған. 1895 ж. Ә.Диваев Майлықожа ақыннан жазып алған прозалық
нұсқаны орыс тілінде бастырған. «Шора Батыр» жөнінде ең алғаш ғыл. пікір айтқан
Ш.Уәлиханов болды. «Шора Батыр» Оңтүстік Қазақстанда ерте кезден жырланған. Тарихи
негізі Қырым және Қазан хандықтары мен Орыс мемлекеті арасындағы оқиғаларда жатқан
жырды Оңтүстік Қазақстан өлкесіне 16 ғасырдың орта тұсында Еділ бойынан Түркістан,
Сығанақ қалалары төңірегіне қоныс аударған қоңырат тайпаларының үлкен бір бөлігі алып
келген деуге негіз бар. Бұл этникалық топ қазіргі қарақалпақтар мен қазақтар құрамындағы
қоңырат тайпаларының қомақты бөлігін құрайды. Тама руының өкілдері Шораны өз бабалары
деп есептейді. Майкөт Сандыбайұлы жырлаған үлгі де хатқа түсіп, Ә.Диваев тарапынан
орысшаға аударылған. Ол Мәскеу мемлекеттік музейінде сақтаулы тұр.
Достарыңызбен бөлісу: