ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет340/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   336   337   338   339   340   341   342   343   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

Шұғыла көшесі -
Зашаған
 
кентіндегі жаңа көше. Таңның жаңа атқан кезі 
мағынасындағы абстракты ұғым.
 
А.А. Шурихин көшесі 
Шурихин Александр Автономович - Кеңес Одағының батыры. 1923жылы Ақжайық 
ауданы, Коловертное ауылында дүниеге келген. 2.09.1944 жылы Румынияда қайтыс болған. 
Ұлы Отан соғысы кезінде 2-Украин майданы, 40-армия, 42-атқыштар дивизиясы құрамындағы 
ұрыстарға қатысқан. Шурихин 1944 жылы алдыңғы шепте соғысып, қарамағындағы 
барлаушылармен Днепр және Прут өзенінен өткен. 1944 жылы 13 қыркүйекте оған Батыр 
атағы беріледі. Румыниядағы Франс-Валке мекені маңына жерленген.
Г.Шевцов көшесі - 
(бұрынғы Коммунальная көшесі)
Шевцов Георгий Григорьевич (1905-1945)–Кеңес Одағының Батыры. 1929-1941 жылдары 
Бөрлі ауданының Обловка ауылында тракторшы, трактор бригадасының бригадирі болған. 
Соғыс кезінде 21-гвардиялық Житомир танк бригадасының құрамында Румыния, Венгрия 
елдерін азат етуге қатысқан.
1945 жылы 9-қаңтар күні Венгрия жерінде ерлікпен қаза табады. Туған жері Бөрлі 
ауданының Обловка ауылында Шевцовтың мүсіні орнатылған. 
Ч 
 
Г.Чумаев көшесі - 
(бұрынғы Футбольная көшесі) 
Чумаев Григорий Иванович (1917-1945) – Кеңес Одағының Батыры, барлаушы. Одер 
өзенінің батыс жағалауындағы шайқаста көрсеткен ерекше ерлігі үшін оған Батыр атағы 
берілген. Зеленов ауданындағы Макаров селосының бір көшесі Чумаевтың есімімен аталады.
Х.Д. Чурин көшесі
Чурин Хамит Даулетұлы 1901 жылы 12 қазанда Орда ауданының Қартақай аулында 
дүниеге келіп, 1979 жылы дүниеден өткен. Мемлекет және қоғам қайраткері. Ауыл 
шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген жоғары мектеп 
қызметкері. 1918 жылы Қызыл армия қатарына өз еркімен аттанып, , ақ гвардияшыларға қарсы 
қүреске қатысқан. 1930 жылы Саратовтың ауыл шаруашылығы институтын бітірген.
1919-1932 ж Тарғын уездік кеңесінің төрағасы, Бөкей губерниялық төрағасының 
орынбасары, Бөкей губерниялық партия комитетінің бөлім меңгерушісі, Жымпиты укомның І 
хатшысы, Бүкілодақтық коммунистік партиясы БКП Орал губерниялық бақылау 
комиссиясының төрағасы, Бөкей губерниясы жер басқармасының бастығы, Қазақ КССР жер 
халкоматында бөлім бастығы қызметтерін атқарған. 1932-37 ж Қазақ ауыл шаруашылығы 
институтының ректоры, Бүкілодақтық ауыл шаруашылық Ғылым Академиясының Қазақ 
филиалы төралқасының төрағасы, Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитетінің 
төрағасының орынбасары. 1953ж. Қазақ ауыл шаруашылығы институтының кафедра 
меңгерушісі, 1973жылдан бастап Одақтық дәрежедегі дербес зейнеткер.
Х. Чурин Қазан Ревоюциясының екі рет Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   336   337   338   339   340   341   342   343   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет