В. И. Шубин атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Габдолов Гарифолла Мүтиғоллаұлы 11. ХҮіі-хүііі ғ ғ Иран. Сабақ



Дата09.08.2017
өлшемі42,65 Kb.
#23047
түріСабақ
В.И.Шубин атындағы жалпы

білім беретін орта мектебінің

тарих пәні мұғалімі

Габдолов Гарифолла Мүтиғоллаұлы

11. ХҮІІ-ХҮІІІ ғ ғ Иран.
Сабақ мақсаты: ХҮІІ-ХҮІІІ ғ.ғ. Ирандағы Сефевидтер әулеті билеген кездегі елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын баяндай отырып, халықтың феодалдық езгіге ұшырап, монархиялық тәртіптің орнағандығы туралы баяндау. Оқушылардың тіл байлығын, өой-өрісін дамыту.

Сабақ жоспары:


  1. ХҮІІ ғ Ирандағы Сефевид мемлекеті

  2. Нәдір шах тұсындағы Иранның ішкі және сыртқы жағдайы

  3. Иранда Каджар әулетінің билікке келуі.

ХҮІІ ғ Иран Седевидтер әулеті билеген феодалдық аграрлық ел болды. Оның құрамына Иран жерінен басқа ХҮІ-ХҮІІ ғ.ғ. жаулап алған Закавказье, Кавказдың бір бөлігі, Мерв қаласына дейінгі Орта Азияның бір бөлігі, Ауғанстанның Герат, Фаррах және Қандағар, бүкіл Белуджистан түгел кірді. Иранның негізгі кәсібі мал шаруашылығы, егіншілік пен қолөнер болды.

Мал шаруашылығында – қой мен ешкі өсірді. Онымен күрд, лур, белудж, түркімен, кашкай тайпалары айналысты.

Егіншілікте – бидай, арпа, күріш, техникалық дақылдардан – мақта, темекі, зығыр т.б. өсірді. Жемі-жидек, жүзім шаруашылығы дамыды.

Қолөнерде – кілем тоқу, мата жасау өркендеді. Сондай-ақ фосфор, фаянс, қыш бұйымдар, зергерлік өнер жақсы дамыды.

Сефевид мемлекеті

Шах (шексіз билеуші) ұлы уәзір

Ұлы уәзір (үкіметті басқарушы)




Мемлекеттік меншіктегі жер (дивани)







Отбасының меншігіндегі жер (хассэ)



ХҮІІ ғ Иранда жерге, суға

феодалдық меншік орнады






Ірі феодалдардың уақытша қызметі үшін берілетін жерлер (джагир)


Дін орындарының жер иеліктері

(уакф, мульк, арбаби)



Шаруашылықтары

Мал шаруашылығымен айналысатындар

(иляттар)





Егін шаруашылығымен айналысатындар

(райяттар)



Сефевидтік Иран І Аббас (1587-1629) шахтың кезінде аса қуатты елге айналды. Орталық билікті нығайтытты, бағынбаған хандарды дарға асты, ағылшын нұсқаушы-лары көмегімен армия құрып, отты қару-жарақ , артиллерия пайда болды.

Астанасы Исфаханда 500 мың халық тұрды.


ХҮІІ ғ соңы мен ХҮІІІ ғ басындағы сефевидтердің соңғы шахы Сұлтан Хосейн (1694-1722)


Жылы

Қай жерге жорық жүргізді

Нәтижесі

1729 ж.

Ауған басқыншыларына

Иран жерінен қуады

1730-1735 ж.ж.

Түріктерге қарсы шықты

Иран жерінен қуады

1736-1739 ж.ж.

Үндістанға жорық жасады. Орта Азияға, Дағыстан жеріне Қосөзенді басып алу мақсатымен Түркияға қарсы шығады. Дилиді талқандады.

Дели тоналды.

Барлығы сәтсіз аяқталды


ХҮІІІ ғ басында Иранды түріктердің афшар тайпасынан шыққан Нәдір басқарды. 1729 ж Нәдір ауғандарды Ираннан қуып шықты. 1730-1735 ж.ж. Нәдір әскері елден түріктерді қуып тастады. 1736 ж Нәдір феодал ақсүйектер мен дінбасыларының құрылтайын шақыртты. Сөйтіп өзін Иранның шахы деп жариялатты. Сефевид ақсүйектері мен шиит дінін ұстаушыларға қысымшылық көрсетті. Шаруаларға салынатын салықты көбейтті.

1736-1739 ж.ж. Нәдір шах Үндістанға жорық жасап, Делиді тонады. Сондай-ақ Орта Азияға, Дағыстан жеріне, Қосөзенді басып алу мақсатымен Түркияға жорық жасады. Бірақ бұл жорықтардың барлығы сәтсіз аяқталды. Үздіксіз соғыстар, ауыр салықтар халықтың көтерілісіне алып келді. 1747 ж Нәдір шахты Хорасанда бүлікшілер өлтірді. Ол өлген соң оның құрған державасы ыдырай бастады.

ХҮІІІ ғ.

Ирандағы билік



1796 ж. – Каджар әулеті шахы – Аға Мұхамед хан

Астанасы - Тегеран

Әкімшілік жағынан

Вилаеттер

(облыс),


Хакім

Эялеттер

(провинция)

Шахзада

Бекіту сұрақтары:



  1. Сефевид мемлекетінің территориясын көрсетіңдер.

  2. Ирандағы феодалдық қатынастар туралы әңгімелеңдер.

  3. Нәдір шахтың ішкі, сыртқы саясаты қандай болды?

  4. Каджар әулеті билікке қашан, қалай келді?

  5. Иранда ислам дінінің ықпалы қандай болды?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет