3.Қарлұқтар 756 жылы түркештерден саяси билікті өз қолдарына алып, Жетісуда мемлекетін құрды. Қарлұқ мемлекеті 940 жылы қашқарлық түріктердің шабуылынан құлады (16 сөз)
Дискриптор: Формула реттілігі тап сол күйі сақталуы міндетті емес. 4 сөздің орнына 5, 8 сөздің орнына 7 немесе 9, 16 сөздің орнына 17-20 аралығында сөзден тұратын сөйлем болса да есептеле береді.
Қорытындылау
Қарлұқ мемлекетін құлатқан ............................ қаласын басып алған ......................................... қарлұқтар.
Қарахан мемлекетін билеуші әулетінің негізін салған ертеректе өмір сүрген .......................... есімді адам болған.
942 жылы таққа отырған қарахан мемлекетінің алғашқы билеушісі ................... хан.
Қала және аймақ тұрғындарынан салық жинау үшін берілетін үлестік жер ......... деп, ал үлес иесін ................................ деп атаймыз.
Діни ұйымдардың меншігіндегі жер .................., жеке меншіктегі жер .......... деп аталады.
Қарахан билеушісі ............... Мұса қаған .............. жылы ............... мемлекеттік дін деп жариялады.
Үйге тапсырма
Кескін картаға 999 жылғы дейінгі және кейінгі Қарахан мемлекетінің территориялық өзгерістерін түсіріп келу
Қарахан мемлекетіндегі жер иелену түрлерін кестеге түсіру
Рефлексия
Рефлексия
Кемеңді боя
(Егер сабақта түсінбеген жайттар көп болса, қызыл түсті, кей нәрселер түсініксіз болса - сары, тақырып түсінікті болса, жасыл түсті желкенді кемені көрсетесіздер)