230
руларды
екіге бөліп, бірін қайын атасына, екіншісін жұртқа зорлық зомбылығымен аты
шыққан саудагер Қарауылқожаға басқартып қоюы жоқшылықтан ашынған шаруалардың ашу
ызасын тудырады. Исатай ханнан Қарауылқожаның озбыр билігіне тиым салуын талап етеді.
Оған жауап ретінде хан бес жүздей әскермен Қарауылқожаны аттандырып, оған Исатайды 200
жігітпен оған қарсы шығарады. Бетпе бет келгенде Исатайдың батыр жігіттеріне шамасы
келмейтінін біліп, Қарауылқожа кейін қайтады. Осыдан кейін Каспий жағалауындағы халық
Қарауылқожа мен Балқы биге бағынудан қашып, Исатай мен Махабеттің төңірегіне тұс тұстан
келіп жинала бастайды. Әртүрлі алым-салықтан күйзелген, жайылым жерден айырылған, казак
әскерлері мен жергілікті феодалдардың екі жақты езгісінен әбден шыдамы таусылған бұқара
халық
қолдарына қару алып, көтеріліске шығады. Оның мақсаты - Жәңгір ханның халыққа
жасап отырған озбырлығына шек қою, шаруалар жағдайын жақсарту, Қарауылқожаны, Балқы
Құдайбергеновті биліктен тайдыру, жер мәселесінде белгілі бір келісімге келу болатын. Исатай
Тайманұлы - осы көтерілістің сардары, көсемі. 1837 жылдың қазан айында Исатай 2000
жауынгермен келіп, хан ордасын қоршап алады. Бірақ көтерілісшілерге қосылғанымен, ханнан
қол үзгісі келмеген билердің ықпалымен Исатай орданы бірден басып алмай, хан мен орыс
полковнигі Геккемен пайдасыз келіссөз жүргізіп уақытты өткізіп алады. Осы уақытта ханға
көмекке жіберілген казак орыс отрядтары ордаға жетіп үлгіреді. Қараша айында Тастөбе деген
жерде шешуші шайқас болады. Қанша ерлікпен шайқасқанымен, көтерілісшілер орыстың отты
қаруына
төтеп бере алмай, жеңіліске ұшырайды. Жазалаушылар көтерілісті аяусыз басады.
Тұтқындарға 500-ден 2000- ға дейін дүре соғып, Сібірге айдайды. Аман қалған жігіттермен
Исатай Жайықтан өтіп кетеді. Хиуаға хан болам деп жүрген Қайыпқали сұлтанмен уақытша
келісім жасап, Исатай 1838 жылы Баймұхаммед сұлтанның ордасына шабуыл жасайды. Осы
шайқаста Исатай жау қоршауында шабуыл жасайды. Осы шайқаста Исатай жау қоршауында
қалып, қаза табады. Бөкей хандығындағы шаруалар қозғалысының жаңғырығы Ресей астанасы
- Санкт-Петербургке де жетеді. Император И.Тайманұлы бастаған "бүлікшілерді" қатаң
жазалауды талап етеді. Махамбет, Үбі, Сегізсері және басқа да батырлардың "хан
ордасын
шабайық" деген ұсынысын байсалды, сақ, ұстамды Исатай қабылдамайды. Себебі, орданы
шапқан күннің өзінде де патша өкіметі оларды тыныштықпен жүргізбейтіндігін, өйткені
Жәңгір ханның артында патша өкіметі мен оның жазалаушы әскерлері тұрғандығын және сол
әскерлерге қарсы тұрарлықтай өзінде күштің жоқтығын ескерген Исатай батыр халық талабын
ханнан бір жағынан айбармен, екінші жағынан келіссөз арқылы орындатуға күш салады.
Исатай батырдың бұл шешімі елдің бүтіндігі мен халықты сақтау жолындағы үлкен көрегендік
екендігін ерекше айтуымыз керек. Хан Жәңгір шақыртқан патша әскерімен Исатай батырдың
іріктелген 500 сарбаздарының арасындағы шешуші ұрыс 1837 жылы 15 қарашада Тастөбе
деген жерде болады. Осы ұрыста
Исатайдың Мылқым деген әйелі, Ақай атты баласы қаза
табады. Тастөбедегі шайқаста көтерілісшілер жағынан 60-қа жуық адам өледі. Исатай
батырдың оң қолына оқ тиіп, астындағы аты жараланады.
Достарыңызбен бөлісу: