ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет327/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   323   324   325   326   327   328   329   330   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

Ғ. Тоқай көшесі
Тоқай Ғабдолла Мұхаммедғарифұлы 1886 жылы 26 апрельде Татар республикасы, Арск 
ауданы, Қушлауш аулында дүниеге келіп, 1913 ж 15 апрельде Қазан қаласында қайтыс болған. 
Татар реалистік әдебиетінің негізін салушы. 1895 ж Орал қаласындағы Мұтыгея медресесінде 
оқыған. Алғашқы туындыларын 1992 жылдан бастап жаза бастаған 
 
«Пікір» газетінде «Әл-ғасыр, әл жадид» «Оқтар» журналдарында өлеңдері мен 
фелетондары жарық көрген. 1908 жылы қазан қаласында Г.Камалмен бірге «Яшен» атты 
тұңғыш сатиралық журнал шығаруға қатынасқан. 1910 жылы «Ялт-йолт» журналында қызмет 
істеп, «Ауыл жырлары» атты жинағын бастырып, онда патша саясатына қарсылық білдірген. 
Балалар әдебиетінің дамуына үлес қосқан. Қарапайым халықтың өмірін, әл-ауқатын шынайы 
суреттеген «Заводта» «Күзгі желдер» «Боран» атты өлеңдерін шығарған. 
И. Тайманов көшесі.
Халық батыры Исатай Тайманов 1791 жылы қазіргі Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, 
Тайсойған құмындағы "Тайман жалы" деген жерде дүниеге келген. 1836-38 жылдары Батыс 
Қазақстанда болған халық көтерілісінің саяси көсемі, қайсар қолбасшысы, халық батыры. Кіші 
жүз Байұлының беріш руынан. Жоңғар шапқыншылығы кезінде атағы шыққан Ағатай 
батырдың ұрпағы. Исатайдың жастық шағында оған ықпал жасап, қамқорлық еткен әкесі, 
Тайманның інісі - Жабал Бегәліұлы. 1808 жылы Жабал бастаған Бегәлі ауылы Бақсай бекінісі 
тұсынан Жайықтан өтіп, Бөкей ханның қарауына кіреді. Хан орысша сауатты, саясаттан 
хабары бар, халық алдында беделді Жабалды беріш аулына старшина етіп қояды. Жабал 
қайтыс болғаннан кейін, оның орнына старшина етіп И.Тайманұлын қоюды сұрап, хан Бөкей 
1812 жылы 12 наурызда Орынбордағы Шекара коммссиясына ұсыныс жасайды. Генерал 
губернатор Г.С.Волконский 1814 жылы 12-қарашада Исатайды старшиналыққа бекіту туралы 
құжатқа қол қояды. Бас аяғы 4-5 жылдың ішінде бірінде старшын Өтеміс Құлманиязовты 
тонады деген, екіншісінде кісі өлтірді деген жаламен түрмеге қамалады. Оның алғашқысынан 
ақша беріп құтылса, екіншісінен Орынборға конвоймен айдалап бара жатқан жерінде, есебін 
тауып, қашып кетеді. Бұл кезде Қазақ хандығының ішкі ісіне тікелей араласа бастаған Ресей 
отаршылары қазақтардың құнарлы жерлерін тартып алып, өздерін сыртқа қуады. Орал казак 
орыстары Жайық бойын иемденіп алады. Осы кезде Жәңгір ханның Жайық бойындағы 


230 
руларды екіге бөліп, бірін қайын атасына, екіншісін жұртқа зорлық зомбылығымен аты 
шыққан саудагер Қарауылқожаға басқартып қоюы жоқшылықтан ашынған шаруалардың ашу 
ызасын тудырады. Исатай ханнан Қарауылқожаның озбыр билігіне тиым салуын талап етеді. 
Оған жауап ретінде хан бес жүздей әскермен Қарауылқожаны аттандырып, оған Исатайды 200 
жігітпен оған қарсы шығарады. Бетпе бет келгенде Исатайдың батыр жігіттеріне шамасы 
келмейтінін біліп, Қарауылқожа кейін қайтады. Осыдан кейін Каспий жағалауындағы халық 
Қарауылқожа мен Балқы биге бағынудан қашып, Исатай мен Махабеттің төңірегіне тұс тұстан 
келіп жинала бастайды. Әртүрлі алым-салықтан күйзелген, жайылым жерден айырылған, казак 
әскерлері мен жергілікті феодалдардың екі жақты езгісінен әбден шыдамы таусылған бұқара 
халық қолдарына қару алып, көтеріліске шығады. Оның мақсаты - Жәңгір ханның халыққа 
жасап отырған озбырлығына шек қою, шаруалар жағдайын жақсарту, Қарауылқожаны, Балқы 
Құдайбергеновті биліктен тайдыру, жер мәселесінде белгілі бір келісімге келу болатын. Исатай 
Тайманұлы - осы көтерілістің сардары, көсемі. 1837 жылдың қазан айында Исатай 2000 
жауынгермен келіп, хан ордасын қоршап алады. Бірақ көтерілісшілерге қосылғанымен, ханнан 
қол үзгісі келмеген билердің ықпалымен Исатай орданы бірден басып алмай, хан мен орыс 
полковнигі Геккемен пайдасыз келіссөз жүргізіп уақытты өткізіп алады. Осы уақытта ханға 
көмекке жіберілген казак орыс отрядтары ордаға жетіп үлгіреді. Қараша айында Тастөбе деген 
жерде шешуші шайқас болады. Қанша ерлікпен шайқасқанымен, көтерілісшілер орыстың отты 
қаруына төтеп бере алмай, жеңіліске ұшырайды. Жазалаушылар көтерілісті аяусыз басады. 
Тұтқындарға 500-ден 2000- ға дейін дүре соғып, Сібірге айдайды. Аман қалған жігіттермен 
Исатай Жайықтан өтіп кетеді. Хиуаға хан болам деп жүрген Қайыпқали сұлтанмен уақытша 
келісім жасап, Исатай 1838 жылы Баймұхаммед сұлтанның ордасына шабуыл жасайды. Осы 
шайқаста Исатай жау қоршауында шабуыл жасайды. Осы шайқаста Исатай жау қоршауында 
қалып, қаза табады. Бөкей хандығындағы шаруалар қозғалысының жаңғырығы Ресей астанасы 
- Санкт-Петербургке де жетеді. Император И.Тайманұлы бастаған "бүлікшілерді" қатаң 
жазалауды талап етеді. Махамбет, Үбі, Сегізсері және басқа да батырлардың "хан ордасын 
шабайық" деген ұсынысын байсалды, сақ, ұстамды Исатай қабылдамайды. Себебі, орданы 
шапқан күннің өзінде де патша өкіметі оларды тыныштықпен жүргізбейтіндігін, өйткені 
Жәңгір ханның артында патша өкіметі мен оның жазалаушы әскерлері тұрғандығын және сол 
әскерлерге қарсы тұрарлықтай өзінде күштің жоқтығын ескерген Исатай батыр халық талабын 
ханнан бір жағынан айбармен, екінші жағынан келіссөз арқылы орындатуға күш салады. 
Исатай батырдың бұл шешімі елдің бүтіндігі мен халықты сақтау жолындағы үлкен көрегендік 
екендігін ерекше айтуымыз керек. Хан Жәңгір шақыртқан патша әскерімен Исатай батырдың 
іріктелген 500 сарбаздарының арасындағы шешуші ұрыс 1837 жылы 15 қарашада Тастөбе 
деген жерде болады. Осы ұрыста Исатайдың Мылқым деген әйелі, Ақай атты баласы қаза 
табады. Тастөбедегі шайқаста көтерілісшілер жағынан 60-қа жуық адам өледі. Исатай 
батырдың оң қолына оқ тиіп, астындағы аты жараланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   323   324   325   326   327   328   329   330   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет