ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет330/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   326   327   328   329   330   331   332   333   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

Тігінші көшесі - 
(бұрынғы Сергей Лазо көшесі) 
Деркөл кентіндегі жаңа көше.
А.Тихоненко көшесі - 
(бұрынғы Коммерческая көшесі)
Тихоненко Андрей (1912 жылы Шыңғырлау ауданының Лубенка ауылында туған. Кеңес 
Одағының Батыры. 1941 жылы 24 маусымда армия қатарына алынады. Москва түбіндегі 
шайқасқа, Литваны азат етуге қатысады. Нева өзенінен өтер кезде көрсеткен ерлігі үшін 
қатардағы жауынгер А.Тихоненкоға қаза тапқаннан кейін Батыр атағы беріледі. А.Я.Тихоненко 
1945 жылы Алитус қаласында қайтыс болып, сонда жерленеді.
М.Тынышбаев көшесі -
Зашаған
 
кентіндегі
 
жаңа көше атауы.
Мұхаметжан Тынышбаев 1879 жылы 12 мамырда Талдықорған облысының Қапал 
ауданында дүниеге келген. Ұстаз, тарихшы, қоғам қайраткері. Вернен гимназиясын алтын 
медальмен (1900) бітіріп, Петербург инженерлер мен көлік институтында оқыған. Революция-
қоғамдық қозғалыстарына белсене араласқан. 1917 жылдың желтоқсанында М.Тынышбаев 
«Алаш Орда» үкіметінің құрамына кіреді. Қазақ педагогикалық институтында мұғалім болып 
жұмыс істеген. 1926 жылы Түріксиб жобасын жасау мен құрылысына қатысқан. Білімнің әр 
түрлі саласында ғылыми зерттеулермен айналысқан. Тұтқынға алынып, қуғынға ұшыраған, 
1944ж қайтыс болғаннан кейін ақталған. 
 
Томирис (Тұмар ханым) көшесі - 
Зашаған
 
кентіндегі 
 
жаңа көше атауы.
 
Тұмар ханым (шамамен б.д.д. 570-520 жж) - Күнгей түркі сақ халықтарының байырғы 
заманда ел билеген атақты әйел патшаларының бірі. Сақтар көсемі Ішпақайдың ұрпағы. Тұмар 
ханым туған жеріне шапқан жауға қарсы қол бастаған батырлығымен көзге түскен, беделді, 
үлкен басшылық өнері бар патшайым болған. Аты халық арасында аңызға айналған. Грек 
жазбаларында оның елін «массагет» деп атайды. Тұмар ханша есімінің тарихқа еніп, әлемге 
танылуы - ол Ахемен әулетінен шыққан, «төрт құбыланың тұтас билеушісі» атанған парсының 
әйгілі патшасы Кирдің (ж.ж.с.д. 558 – 530) Орта Азияға басқыншылық жорықпен келген, 
«жеңілуді білмейді» деп дәріптелген әскерін ашық шайқаста тас талқанын шығарып жеңуімен 
тікелей байланысты. Герадоттың естелігінше, Парсы патшасы Кир Томириспен соғыста қаза 
болған. Сөйтіп түркі сақ еліне елші аттандырып, олардың ханшасы, сол кезде күйеуі өліп 
жесір отырған Тұмардың (Томириске) өзіне тұрмысқа шығуын сұрайды. Бұл Кирдің түркі 
сақтармен соғысуға желеу іздеуі еді. Тұмар ханша Кирдің ұсынысын қабылдамайды. Осыны 
желеу еткен Кир өзінің жауынгерлерін шығысқа қарай қаптатады. Өздерін жаулап алуға келген 
парсылардың әр қадамын алыстан бақылап, біліп отырған Тұмар ханша олардың дариядан өту 
үшін әуреленіп, көпір салғалы жатқанын естіп, Кирге арнайы жаушы жібереді. - 
Мидиялықтардың патшасы! Ниетіңнен қайт. Салып жатқан көпірлеріңнің игілігін көрер 
көрмесіңді өзің де білмейсің. Өнбес істі қума. Өз патшалығыңа бар да, өз билігіңді жүргізе бер, 
бізді күндеме. Ал егер соғыспай қоймаймын десең, онда көпір салып, уақыт өткізіп, әуре 
болма. Дарияның біз жақ бетіне шығып соғысамын десең, біз үш күншілік жерге кетіп, жол 
ашайық, ал дарияның өз жағыңда соғысамын десең, сен үш күншілік жерге шегін. Қалауына 
қарай өзің шеш,- деген екен. Тұмардың ұсынысын Кир әскери кеңеске салады да, дарияның 
түркі сақтар жағында соғысуды ұйғарып, шешімдерін Тұмарға хабарлайды.Түркі сақтар 
уәделерінде тұрып, үш күншілік жерге шегініп кетеді. Олардың кеткеніне анық көз 
жеткізгеннен кейін Кир бүкіл әскерін дарияның арғы бетіне өткізіп, түркі сақтардың 
шабылдаушы тобын алдап қолға түсіріп, түгел қырғынға ұшыратады. Осы шабуылшы топтың 
басшысы, Тұмар ханшаның ұлы Спаргапты (Спаргапис) тұтқынға алады.Сүйікті ұлы мен шеп 
бұзар жауынгерлерінің қайғылы хабарын алған Тұмар Кирге жаушы жіберіп, оған өзінің соңғы 
сөзін жеткізеді.Қанқұмар Кир! Жеңіске желікпе. Сен менің ұлымды ашық айқаста қару 
құдіретімен жеңген жоқсың. Шарап ішкізіп, алдап барып, пенде еттің. Енді менің мына 
ақылымды ал. Айла амалмен біраз жауынгерімді опат еткеніңді қанағат тұтып, менің ұлымды 
өзіме қайтарып бер де, есен сауыңда жөніңді тап. Егер өйтпесең, Тәңірі атымен ант етіп 
айтайын, қанға қаншама тойымсыз болсаң да, адам қанын сусының қанғанша ішкізермін!Бар 
аңсары біреудің елін шауып, олжаға батып, атағын шығаруға ауған Кир ханша ақылын 
тыңдамай, өзінің шайқасатынын айтып, Тұмардың жаушысын кері қайтарады.Тұтқынға түскен 
Тұмардың ұлы өзінің қандай күйге ұшырағанын мастығы айығып, есі кірген кезде ғана бір ақ 
біледі. Кирден аяқ қолын босатуын өтінеді. Қолдан бұғау, аяқтан кісен алынысымен, ол 


233 
қасында тұрған парсы жауынгерінің қаруын жұлып алып, өзін өзі өлтіреді.Келесі күні екі 
жақтың арасында бұрын соңды көз көріп, құлақ естімеген сұрапыл қырғын соғыс басталады. 
Ақырында далалық ұрыс тәсілін тиімді пайдаланған түркі сақтар парсылардың әскерін түгел 
дерлік жусатып салады. Қоршауға түсіп, бас сауғалар мүмкіндігінен айырылған Кирдің өзі де 
жауынгерлерімен бірге айқас алаңында қаза табады.Тұмар ханша шайқас аяқталған соң, 
сарбаздарына Кирдің денесін таптырып алып, басын кестіріп, қан толтырылған меске салып 
тұрып: «Әйтеуір тірі қалдым, сені жеңіп шықтым демесем, жан дегендегі жалғыз ұлымды 
аярлықпен қолға түсіріп, сен менің түбіме жеттің, жауыз! Енді Тәңірге берген сертімді 
орындап, басыңды қанға бөктіріп, сусыныңды қандырғаннан басқа амалым жоқ» 
дейді.Осылайша күнгей түркі сақтар өздерін жаулауға жасанып келген басқыншылардан елінің 
тәуелсіздігін сақтап қалады. Осылайша Тұмар ханша елбасылық ұлы тұлғасымен, 
қолбасшылық асқан ерлігімен тарихқа енеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   326   327   328   329   330   331   332   333   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет