229
Тәттімбет талай-талай додалы күй айтыстарына түсіп, қарсыласын тосылту үшін,
домбырада қалыс, шалыс, теріс, қосақ бұрауларын көп қолданған. Бұл дәстүрдің орнығуына
мұрындық болған. Абайдың анасы Ұлжанға апа болып келетін Малқара қыз, Шұбыртпалыдан
шыққан Итаяқ, Найман ішіндегі Шашақ сияқты дәулескер домбырашылармен Тәттімбет күй
айтысына түскенд, домбыраны бірде башпайымен қағып, келесіде ұстарамен тартып, енді бірде
пернелерін қиып тастап тартып өнер көрсеткені туралы қызықты әңгімелер ел ішінде күні
бүгінге дейін айтылады. Домбырашылық өнер арғы ата-тегінен дарыған. Алғаш домбыра
тартуды әкесі Қазанғаптың інісі Әлиден үйреніп, анасы Ақбөпеден тәрбие алған. Тәттімбеттің
әр түрлі тақырыпты қамтитын 40-тан астам күйі бар.
1855 жылы 24 наурызда Ресей патшасы Александр ҚҚ-нің таққа отыру тойына Тәттімбет
өнерпаз ретінде Сарыарқа қазақтарының өкілдерімен бірге Санкт-Петербургға барған. Осы
сапарында өзінің тамылжыта тартқан күйлері арқылы Ресей астанасының өнер сүйер
қауымының назарын аударып, күміс медальға ие болды. Сол медалі Егіндібұлақ ауданы
“Қаратау” кеңшарының тұрғыны Тәттімбеттің шөбересі Өзек Кәбішұлында сақталып қалған.
Қазақ композиторларының камералық-аспаптық, симфониялық және опералық
туындыларында Тәттімбеттің көптеген күйлері пайдаланылды. Мысалы, Евгений
Брусиловскийдің “Қыз Жібек” операсында “Былқылдақ”, “Қос басар”; “Жамбыл” фильмінде
“Сары жайлау” күйлері орындалады. М.Сағатов Тәттімбеттің “Сылқылдақ” күйін эстрада
оркестрінің сүйемелімен трубаға арнап пьеса жазды.
Тәттімбеттің жалпы бізге белгілі 40-тан астам күйі бар:
“Қосбасар”, “Сары
жайлау”,“Сары
өзен”,“Теріс
қақпай”,,“Сылқылдақ”,,“Былқылдақ”,
Бестөре”,
“Азамат”,“Алшағыр”,“Азына”,“Көкей кесті”,,“Боз торғай”,,“Қорамжан”,,“Боз айғыр”,,“Ерке
атан”,,“Ноғай-қазақ”,,“Кер киік”,,“Қашқан қалмақ”,,“Қара жорға”,,“Балбырауын”,,“Жетім
қыз”,,“Сал қоңыр”,,“Көш жанаған”,,“Сары қамыс”, “Шәйір қалды”.
Достарыңызбен бөлісу: