ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет324/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   320   321   322   323   324   325   326   327   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

 


227 
«Сайран» шағын ауданы. 
Серебряково ПДП-2

де орналасқан.
 
«Қуаныш», «Шаттық», 
«Сауық-сайран» мағынасындағы абстракты ұғым. 
Н.Сдықов көшесі -
(бұрынғы Железнодорожная көшесі)
Наурызғали Сдықов 1928 жылы 12 наурызда Бөкей Ордасы ауданының Теректі ауылдық 
кеңесінде дүниеге келіп, 1998 ж Орал қаласында қайтыс болады. Журналист, Қазақстанның 
еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. 
Ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін Н.Сыздықов «Құрмет белгісі» орденімен және 
медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің екі мәрте Құрмет грамотасымен марапатталған. 
1961 жылы «Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі» атағы, 1976 жылы «Қазақ КСР 
теледидары мен радиосының үздігі және «Қазақ КСР-іне еңбегі сіңген мәдениет қызметкері» 
құрметті атақтары берілген.
Сейтек көшесі -
(бұрынғы Құрманғазы көшесі) 
Сейтек Оразалыұлы 1861 жылы Орда ауданында дүниеге келген – күйші-композитор, 
қазақтың төкпе күй әдібінің негізін салушы. Алғаш домбыра тартуды ағасынан үйренген. Ауыл 
арасында бала домбырашы атанып, сол кездегі Әлікей Салауаткерей, Тұрып, Мәди сияқты 
домбырашылардың алдын көреді.
Сейтек мүшел жасқа толғанда ата салтымен нағашылап Атырау бойындағы 
Дәулетиярдың ауылына аттанады. Осы сапарында Ұлы күйші Құрманғазының алдын көреді, 
ықыласына бөленіп, тілеуқор лебізін естиді.
Сейтек заман әділетсіздігіне қарсы шыққаны үшін қуғындалып, Орда, Иркутск, 
Астрахан, Мәскеудегі Бутырка түрмелеріне қамалады. Сібірге жер аударылады. Осы кезеңде 
«Айдау», «Түңілдім», «Арман» атты күйлерін шығарады. 1905 жылы каторгадан босап, еліне 
оралады. Мұнда ол анасы мен баласының қайтыс болғанын естіп, өзінің қайғы-қасіретін 
«Жоқтау», «Ғазиз» атты күйлерінде бейнелейді. «Жігер», «Заман-ай» т.б. терең психологиялық 
мазмұнға құрылған күйлері Сейтек шығармаларының жан-жақты өріс алғандығын танытады. 
1923 жылы Мәскеуде өткен Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы көрмесіне қатысып, өнер 
көрсетеді. Ол түрікпен күйлерінде қолданылатын негізгі бас пернені домбыраға пайдаланады. 
Бұл перне қазір де «Сейтек перне» деп аталады. Сейтек ән де шығарған. Оның «Сейтек әнін» 
А.Затаевич «1000 ән» жинағына енгізген. 
Ару қызға деген адал көңіл, ақ тілегінің айғағы «Бұлбұл Айша», қазақ қыздарының 
ақжарқын, бауырмал қасиетіне тәнті болып «Бес қыз» күйін тарту етсе, азаттықты аңсаған асық 
көңілдің күйін «Заман-ай» күйімен білдірген. Әрідегі «Ақсақ құлан», «Ер айрылған» сияқты 
қарт көкірек күйлерден бастап, берідегі ел өмірінің дыбысқа айналған шежіресі сияқты 
күйлеріне дейін жаттап тартып, жүрегіне сіңірумен болады. Оның әділдікті аңсаған “Арпалыс”, 
“Ақ Еділ”, еркіндікті сүйген “Бұлбұл Айша”, “Орытпа”, көңілі таза, ақжарқын, ақпейіл 
жандардың бейнесін көрсететін “Шәрипа”, “Бес қыз”, “Жантаза”, “Қарашаш”, ”Балқаймақ” 
күйлері бар С.Оразалыұлы туралы мәліметтермен мәдени қауымды алғаш таныстырушы 
белгілі музыка маманы А.В.Затаевич болатын. Сейтектің күйлері мен өмірі туралы деректерді 
тұңғыш жинастырушылардың бірі С.Көшекбаев.
2002 жылы Астана қаласының «Күлтегін» баспасынан жарық көрген белгілі ғалым-
зерттеуші Ақселеу Сейдімбектің «Қазақтың күй өнері» атты үлкен монографиясынан Сейтек 
өмірі туралы тың деректер алып, оның «Заман-ай» күйінің нотасын табуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   320   321   322   323   324   325   326   327   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет