226
көтерілісінің қарқынын үдете түседі. Бұл уақытта патшаға қарсы бас көтеруден қорыққан
Нұралы Сырымға қарсы шығып, Ресейді көмек беруге шақырады. Осы кезден бастап Сырым
батырға екі жаумен бірдей шайқасуға тура келеді. 1784 жылы Сырым Сағыз өзенінің бойында
Нұралы ханға шабуыл
жасағанда, ол орыс-казак бекіністеріне қашып құтылды.
1783-1785 жылдары қазақтың байбақты, табын және тама руларының жайылымдық
жерлерін
казактар басып алған соң, қиян-кескі ұрыстар болған.
Олар Жайық пен Ембі өзендері арасында көшіп-қонып жүрген руларды да қамтыды. Бір
жағынан, бұл саясат қазақ даласындагы хандықты жою мақсатында жүргізілді.
1792 жылы хандық билік қайта күшіне енген соң, Сырым Датұлы бастаған халықтық
жаппай бас көтеру кезеңі басталады. Бұл кезеңде көтеріліске қатысқан көптеген сұлтандар мен
билер күресті одан әрі жүргізуден бас тартқан соң, Сырым батыр партизандық соғысқа көшті.
Сонымен бірге, ел ішінде орын алған келеңсіз жағдайлар да көтерілістің
жалғаса беруіне
себепкер болды. 1797 жылы Кіші жүз ханы Есім көтерілісшілер қолынан қаза табады да,
Сырым Датұлы көтерілісгі тоқтату туралы шешім қабылдайды. Ол хандық кеңестің құрамына
енген болатын, алайда оны сұлтандар қудалағандықтан, Хиуаға қашуға мәжбүр болады.
.
Достарыңызбен бөлісу: