234
С. Тюленин көшесі
Сергей Тюленин Гаврилович 1925 жылы 12 шілдеде Орлов облысы, Новосильский
ауданы, Киселев аулында туылған. 1926 жылы Краснодонға көшеді. Әкесі шахтада жұмыс
істейді, семьяларында 12 адам болады. Сергей ең кіші 10-шы бала екен. Ол М.Горький,
Ворошилов (бүгінде С.Тюленин атында) орта мектептерінде оқиды. 7 класс бітірген соң,
соғысқа аттанып, соғыс жылдары қорғаныс құралдарын шығаратын құрылыста жұмыс істеген.
«Жас гвардияшылар» штабын құрып, фашистерге қарсы листовкалар таратып, комсомол
қатарына өтеді. Берілген тапсырмаларды бұлжытпай орындап, фашистердің жүк тиеген
көліктерін жойып жіберген. Германияға жұмысқа жіберілген жастарды босатып алады. 1943
жылы соғыс фронтына аттанып, бір үлкен ұрыста қолға түседі. Бір қолы жараланып,
қамауданқашып шығып, 25 қаңтарда Краснодонға жетеді, бірақ екі күннен соң сатқындардың
кесірінен полициялардың қолына түседі. Тергеу кезінде адам айтқысыз соққыға жығылса да,
күш-қайратын, ерік жігерін көрсетіп, өзімен бірге болған жас гвардияшылардың біреуінің де
атын атамайды. Денесі Краснодон қаласындағы батырлар жатқан бейітке жерленген. СССР
Жоғарғы Кеңесі Президиумының жарлығымен 1943 жылдың 13 қыркүйегінде «Жас гвардия»
жасырын ұйымының мүшесі Сергей Гавриилович Тюленинге Совет Одағының батыры атағы
берілді.
Достарыңызбен бөлісу: