ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет319/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

 
 
Самар көшесі –
Су нысанын белгілейтін 
 
«Самар» сөзі - көл, су, өзен, құдық сияқты жер- 
су атауларын жасайтын жұрнақ.
Санжар Асфендияров көшесі-
Орал қаласының Зачаганск ауылдық округі, «Балауса» 
шағын ауданындағы жаңа көшеге берілген атау.
Санжар Жапарұлы Аспандияров (20.10.1889, Ташкент –25.02.1938,Алматы) – көрнекті 
мемлекет және қоғам қайраткері, дарынды ғалым-тарихшы, профессор, педагог. 
Әкесі Сейітжапар (Жағыпар, Сейітжағыпар) – сұлтан, Әбілқайыр ханның үлкен ұлы 
Айшуақ ханның ұрпағынан тараған патша әскерінің полковнигі шенінде отставкаға шыққан, 
жарты ғасырдан астам уақыт Түркістан өлкесінде қызмет еткен қазақ қайраткері, анасының 
есімі – Гүландам Қасымова ( Кенесары Қасымовтың ұрпақтарынан тараған). 
Ташкенттегі реалдық училищені (1907), Санкт-Петербургтағы әскери-дәрігерлік 
академияны 1912 жылы бітіріп шығады. Санжар онда әскери министрліктін теңіз 
ведомствосының стипендиясына оқып, 4 жыл қатардағы әскерде қызмет етуге міндеттелінді. 
Артынан 9-шы атқыштар полкының аға дәрігер қызметкерінің міндеттерін уақытша атқарушы 
қызметіне ауысып, Самарқандта және Асхабадта шоғырланған атқыштар поктарында 
дәрігерлік қызметпен айналысады. 1914 жылы тамызда Санжар 5-ші Түркістан атқыштар 
полкының аға дәрігері қызметінде І дүние жүзілік соғыстың Шығыс майданына 
аттандырылады. Осы майданда Шығыс Пруссия территориясында орналасқан) неміс 
қоршауына түсіп, басына ауыр жарақат алған Санжар жау тұтқынына түседі. 1915 жылдың 
аяғында Қызыл Кресттің тұтқындармен алмасу бағытында жүргізген қажырлы еңбегінің 
көмегімен, Балтық теңізі арқылы алдымен Щвеция, сосын темір жол арқылы Санкт-Санкт-
Петербургқа қайтып оралады. 
Астанада неміс тұтқынына амалсыздан түскен жауынгерлерді қатаң бақылауға алға, 
патшаның күзет орындары оларды сенімсіз элементтер ретінде қара тізімге қосты. Арнайы 
медициналық қараудан өтіп, денсаулығы нашар деп танылған Санжар Түркістан әскери-
медициналық басқарманың резервіне жіберіліп, 1919 жылы қаңтардың басында Ташкентке 
қайта оралады. 
Ақпан революциясынан кейін Асфендиярұлы Термездегі жөне Бұхарадағы Кеңестердің 
жұмысына қатысады. 1917 жылы Бұхардағы мұсылман қозғалысына белсене араласты. Сол 
жылғы қараша айындаТүркістан автономиясын жариялаған Мұсылман депутаттарының 
төтенше съезіне қатысты. 1918-19 жылы Аспандияров аштықпен күрес жөніндегі төтенше 
комиссиясының Сырдария облысы бөлімшесін басқарды. 1919 жылы Асфендияров — 
денсаулық сақтау халық комиссары, 1920 жылы Түркістан АКСР көгеріс су шаруашылығының 
халық комиссары болып тағайындалады. Сол жылы қыркүйекте Т.Рысқұловтың шақыруымен 
Ташкентке келіп, Түркістан АКСР-інің Денсаулық сақтау халкомы, жер халкомы, Денсаулық 
сақтау халкомы, Түркістан Компартиясы ОК-нің хатшысы қызметтерін атқарды. Ұлттық-
аумақтық межелу тұсында (1924–25 жылы ) Ортаазиялық Федерация құру идеясын ұстанды. 
1924–25 жылы Қазақ АКСР-інің Өзбек АКСР-і үкіметі жанындағы өкілеті, 1925–28 жылы 
Мәскеуде – БОАК-нің Төралқа мүшесі, хатшысының (А. Енукидзенің) орынбасары, МГУ-дің 
профессор Н Нариманов атындағы Шығыстану институтының директоры болды. 1928 жылдан 
бастап ол Қазақстанда еңбек етті: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 
болып қайта құрылған Қазақ мемлекеттік университеттінің алғашқы ректоры (1928 – 31), Қазақ 
АКСР-і Денсаулық сақтау халкомы, Алматы медецина институтының ұйымдастырушысы және 
тұңғыш ректоры (1931 – 33) қызметтерін атқарды. Аспандияров осы институтта жалпыхимия, 
биология, физика пәндерімен бірге анатомия, қалыпты физиология, ішкі аурулар, гистология, 
микробиология,фармакология, биологиялық-химия, гигиена бөлімдерін және хирург 
кафедралар ашты.
Осы қабілет-біліміне сай 1921 жылдан 1922 жылға дейін Асфендиярұлы Түркістан 
республикасының Мәскеудегі өкілі, сонымен қатар РКФСР Кеңхалкомы үлттық мәселе 
жөніндегі коллегиясының мүшесі болды. Тәжірибелі аграршы ретінде оны БОАК-тің жер 
бөлінісі жөніндегі Айрықша комиссиясының құрамына қосады. 1922 ж. Кеңестердің 


224 
Бүкілресейлік X съезінің делегаты Асфендияров КСРО құру жөніндегі шешімді қолдады. 1923 
жылы Асфендиярұлы Ташкентке қайта оралады, онда ол Халкомденсаулық пен Халкомжердегі 
қызметтерімен қатар, Түркістан Компартиясы ОК хатшысы болады. 1924 жылы — РКП(б) 
Ортаазиялық бюросы құрамына сайланады. 1925 жылы хатшының орынбасары және БОАК 
Президиумының мүшесі.
[3]
Аспандияров Қазақстан тарихының күрделі мәселелерін зерттеген 
белгілі ғылым болды. Қазақ ұлттық мәдениет ғылыми-зертуғанинститутының тарих 
секторының меңгерушісі, КСРО ғылым академиясының Қазақстандық базасы, кейін оның 
бөлімшесі орынбасары (1933 – 37) қызметтерін атқарды. Аспандияровтың Ресейдің 
Қазақстанды жаулап алуы жөнінде ашық айтылған, орташылдықты әшкерелеген тарихи 
шығармаларын оқуға тыйым салынды. Аспандияров – жалған жаламен ату жазасына кесілді. 
Жұбайы Рабиға да ҚарЛАГ-та 5 жыл айдауда болды. Аспандияров 1958 жылы 26 мамырда 
ақталды. 1990 жылы Алматы медецина институтына Аспандияров есімі берілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет