ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы


О  Оқап Қабиғожин көшесі



Pdf көрінісі
бет315/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   311   312   313   314   315   316   317   318   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

О 
Оқап Қабиғожин көшесі
-
Орал қаласының Зачаганск ауылдық округі, «Сарытау» шағын ауданындағы жаңа 
көшеге берілген атау.
Оқап Қабиғожин 
- күйші-домбырашы. Қазақстанның еңбек сіңірген артисі.
1904 жылы Жаңақала ауданында туып, 1942 ж Алматы Алматы қаласында дүнеден 
өткен. 1934ж. Алматыда өткен Қазақстан өнерпаздарының 1-слетінде Құрманғазының 
«Сарыарқасын»
, Жантөренің 
«Шалқымасын»
, Түркештің 
«Байжұмасын» 
аса шеберлікпен 
орындаған. Қазақтың Құрманғазы атындағы академия халық аспаптар оркестрінің 
орындаушысы болды. Халық композиторларының шығармаларын насихаттауға зор үлес 
қосқан өнер иесі. Құрманғазының музыкалық мұрасын насихаттаушы. Құрманғазының шәкірті 
Тоғайбайдан тәлім алып, күйшілік өнерін терең меңгерді. Ол Құрманғазы, Жантөре, Түркеш, 
Соқыр Есжан, Дәулеткерей, сияқты халық сазгерлерінің баға жетпес күйлерін сақтап, 
жаңғыртып музыкалық хорға қосуымен қатар, көптеген жастарды домбырашылық өнерге 
баулыды. 1939 ж Мәскеуде өткен халық таланттарының бүкілодақтық байқауына қатысқан. Ол 
Құрманғазы туралы көптеген деректер, әңгімелер қалдырған. Оның өзі шығарған күйлерінің 
ішіндегі қомақтысы - «Адасқан» атты күйі.
 
 
Орман көшесі
– (бұрынғы Лесная көшесі)- Деркөл кентіндегі жаңа көше.
Орталык көше
– (бұрынғы Центральная көшесі)- Деркөл кентіндегі жаңа көше.
Оңтүстік көше
– (бұрынғы Южная көшесі)
Деркөл кентіндегі жаңа көше. 
 
Е.Орақбаев көшесі - 
(бұрынғы Щорс көшесі)
Орақбаев Есен Шегірейұлы (1922- 2002) – Кеңес Одағының Батыры.
1942 жыл Фурманов пед.училищесінде оқып жүргенде әскер қатарына шақырылады. 
Ростов қаласындағы зеңбірекшілер училищесін бітірген. Чехословакияны, Венгрияны жаудан 
азат ету ұрыстарына қатысады. 1944 жылы взвод командирі Е. Орақбаев Тисса өзенінен өту 
кезінде асқан ерлік көрсетеді. Соғыстан оралғаннан кейін облыстың партия, кеңес 
органдарында жұмыс істейді. Ұзақ жылдар Жаңақала ауданының «Красногор» кеңшарының 
директоры болады. Бірнеше ордендердің иегері. Жаңақала ауданының Қызылоба ауылындағы 
мектепке Орақбаев есімі берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   311   312   313   314   315   316   317   318   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет