216
Шапырашты Наурызбай, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай бабаларымыз Абылай хан
айналасындағы бас батырлар қатарында бағаланады. Бұқар жырау осы үш
тұлғаның
жанындағы мынадай ірі батырларды атайды: Шақшақұлы Жәнібек, Сіргелі Қара Тілеуке,
Қарақалпақ Қылышбек, Текеден шыққан Сатай мен Бөлек, Қаумен, Дәулет, Жәпек, Сеңкібай,
Шойбек, Таңсыққожа, Мәмбет, Молдабай, Есенқұл және басқалар. Әдеби-тарихи деректер мен
ел есінде сақталған аңыз-әңгімелер Наурызбай батырдың бүкіл халықтың ықыласына бөленіп,
мақтанышқа айналуы 1727-1731 жылдардың шамасы екендігіне мензейді.
Қазақ халқының
жоңғар басқыншыларына қатарынан бірнеше рет қатты соққы беріп, ақыры үлкен жеңіске
жетуі осы уақытқа сәйкес келеді. Алатау
етегінде жоңғарлардың Шамалған, Қаскелең,
Боралдай секілді атышулы батырлары өлім табатын сұрапыл шайқастарда Наурызбай бабамыз
ересен ерлік көрсетеді.Қозыбасыда қалың қол бастап, бас батыр атағына ие болады.
Достарыңызбен бөлісу: