ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы


Науша батыр атындағы көше -



Pdf көрінісі
бет311/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   307   308   309   310   311   312   313   314   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

 
Науша батыр атындағы көше -
Зашаған кентіндегі жаңа көше.
Науша Қаржауұлы - батыр, тарихи тұлға.19 ғасырдың 1-жартысында өмір сүрген батыр. 
Тегі – байбақты руынан. 1827 жылы көктемде Бөкей ордасын шарпыған толқуға қатысады. 
Олар Қараторғай батыр Мәметұлы бастаған алаша руының көтерілісшілеріне қосылып, Жәңгір 
ханға Астархан және Орал казак орыстарының озбырлықтарын қорғап, таласты жер мәселесін 
шешуді, алым-салықтар мөлшерін азайтуды т.б. талап етеді. Белгілі тарихшы-ғалым 
И.Кенжалиев Науша батырдың ғұмырнамалық деректерін іздестіріп, танымдық-зерттеу 
мақалаларын жариялаған 
Наурызбай батыр көшесі
- Орал қаласының Зачаганск ауылдық округі, «Болашақ» 
шағын ауданындағы жаңа көшеге берілген атау.
Шапырашты 
Наурызбай 
Құттымбетұлы-
аты 
аңызға 
айналған 
ержүрек 
батырларымыздың бірі, XVIII ғасырдағы Қазақ елінің жоңғарларға қарсы ұлт-азаттық 
соғысындағы көрнекті қаһарман. Құттымбетұлы Наурызбай 1706 жылы Жетісу жерінде, 
Алатаудыңбаурайында дүниеге келген. Бұл кезде 
Ӏ
ле, Талас, Алатау мен Қаратауаралығындағы 
қазақ пен қырғыз жоңғарларға тәуелді еді. Батырдың көзін ашқаннан естігені батырлар тұралы 
жырлар, аңыз әңгімелер болып, теңдессіз бай рухани ортада өсті. Екінші жағынан елге 
үстемдігін жүргізген басқыншы жаудың зорлығы мен зомбылығын да көрді. Мұның өзі 
жүрегінде оты бар жасты туған елін, атамекенін жаудан азат ету тұралы арманға жетеледі, 
батыр болуға құлшындырды. Наурызбай батырдың өмірі туралы бүгінгі күнгі деректерде 


216 
Шапырашты Наурызбай, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай бабаларымыз Абылай хан 
айналасындағы бас батырлар қатарында бағаланады. Бұқар жырау осы үш тұлғаның 
жанындағы мынадай ірі батырларды атайды: Шақшақұлы Жәнібек, Сіргелі Қара Тілеуке, 
Қарақалпақ Қылышбек, Текеден шыққан Сатай мен Бөлек, Қаумен, Дәулет, Жәпек, Сеңкібай, 
Шойбек, Таңсыққожа, Мәмбет, Молдабай, Есенқұл және басқалар. Әдеби-тарихи деректер мен 
ел есінде сақталған аңыз-әңгімелер Наурызбай батырдың бүкіл халықтың ықыласына бөленіп, 
мақтанышқа айналуы 1727-1731 жылдардың шамасы екендігіне мензейді. Қазақ халқының 
жоңғар басқыншыларына қатарынан бірнеше рет қатты соққы беріп, ақыры үлкен жеңіске 
жетуі осы уақытқа сәйкес келеді. Алатау етегінде жоңғарлардың Шамалған, Қаскелең,
Боралдай секілді атышулы батырлары өлім табатын сұрапыл шайқастарда Наурызбай бабамыз 
ересен ерлік көрсетеді.Қозыбасыда қалың қол бастап, бас батыр атағына ие болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   307   308   309   310   311   312   313   314   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет