ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет308/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   304   305   306   307   308   309   310   311   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

К.Меңдәлиев көшесі - 
(бұрынғы Соболевская көшесі)
Кенжебек Меңдәлиев (1914-1985) қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері. Орал ауыл 
шаруашылық техникумын бітірген. Еңбек жолын 1934 жылы механизаторлықтан бастаған. 
1938-42жж. БҚО атқару комитеті мен облыстық партия комитетінде нұсқаушы, 1941-47жж. 
Қазақстан КП Орал облыстық комитетінде сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1947-62 
жылдары бұрынғы Орда және Чапаев аудандарында партия комитетінің, 1962-78 жылдары 
Жалпақтал аудандық партия комитетінің І-ші хатшысы болған.
Б.Молдашев көшесі - 
(бұрынғы Долинная көшесі)
Молдашев Болат Ғинаятұлы (1935-2004ж.ж.)
 
1977-1995 жылдары «Омега» зауытының 
директоры, «Омега» АҚ-ның президенті, 2001 жылдан бастап «Омеаг» прибор құру зауыты» 


214 
АҚ –ның «Тазасу» жобасының директоры. «Қазан революциясы», «Еңбек Қызыл Ту» 
ордендерімен, «Қажырлы еңбегі үшін» медальімен марапатталған.
Б.Мұхамбетов көшесі - 
(бұрынғы Чувашинская көшесі) Мұхамбетов Бисенғали (1908-
1966)- Даңқ орденінің толық иегері. 1908 жылы Шыңғырлау ауданының Лубенка ауылында 
туған. 1942 жылдың қаңтарында Кеңес армиясы қатарына шақырылады. Оңтүстік-батыс, 3-
Украин және 1-Белорус майдандарында соғысқа қатынасып, Днепр, Висла, Одер өзендерін 
алушылардың қатарында болады. Ұлы Отан соғысын Берлинде жеңіспен аяқтайды.
Бисенғали Мұхамбетов соғыстан соң Шыңғырлау ауданының «Шыңғырлау» совхозында 
еңбек етеді. 1966 жылы қайтыс болған. 
И.Мордасов көшесі - 
(бұрынғы Низовая көшесі)
Мордасов Иван Андреевич (1923-1943) – Кеңес Одағының Батыры.
 
1943 жылы Днепр бойындағы соғыста ерлікпен қаза табады. Мүрдесі Лоев ауданының 
Казероги кентінде жерленген. Қайтыс болғаннан кейін батыр атағы берілген.
Л. Мирзоян көшесі
- (бұрынғы Транспорт көшесі) 
Левон Исаевич Мирзоян (1897-1939) - Кеңес одағы кезіндегі мемлекет және қоғам 
қайраткері. 1897 жылы таулы Қарабахта, Ашан аулында орта шаруа жанұясында дүниеге 
келген. Ұлты - армян. 1919 жылдан партия қызметінде болады. 1926-29 жылдары Азербайджан 
ССР ы Орталық партия комитетінің ІІІ хатшысы болып, 1933-38 жылдары Қазақ ССР ы 
Орталық партия комитетінің өлкелік және кейін І хатшысы болған. Приморья өлкесіндегі 
корей халқын Қазақстанға қүріш өндіруге тұрақтандыру үшін қоныс аударуға 1938 жылы 
Сталиннен рұқсат алған. Ленин орденінің иегері. НКВД жұмысына өзінің келіспейтіндігін 
жеткізгені үшін 1938 жылы ұсталып, түрмеге отырады. 1939 жылы 26 қаңтарда қайтыс болады.
1958 жылы ақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   304   305   306   307   308   309   310   311   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет