220
Өндірістік көшесі
(бұрынғы Промышленная көшесі)
Деркөл кентіндегі жаңа көше.
Өркен -
Орал қаласы 8 шағын аудандағы жаңа көше атауы.
П
Панфилов көшесі.
Панфилов Иван Васильевич –Қызыл ту орденді Батыс фронты 16-шы атқыштар
дивизиясының командирі, гвардия генерал майоры. 1893 жылы 1 (13) январьда Саратов
облысының Петровск қаласында дүниеге келген. Ұлты - орыс. 1920 жылдан ВКП (б) мүшесі.
Анасынан ерте айрылып, 12 жасынан жұмысқа кіріседі. 1915 жылы Орыс империялық
армиясына шақырылады. І дүниежүзілік соғысқа қатысады.
1918-1921 жылдары 25-ші Чапаев атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысады.
Генерал Дутов, Колчак, Деникин басқарған ақтарға қарсы соғысқа қатысады. Азамат соғысы
аяқталған соң, 1923 жылы екі жылдық Киевтегі командирлер мектебін бітірген. 1924 жылы
атқыштар батальонын басқарған.
1935-1937 жылдары Ташкенттегі В.И.Ленин атындағы Әскери училищесінде сабақ
береді.
1937жылдан бастап Ортаазиялық әскери округтің штаб бастығы. 1938 жылы Қырғыз
ССР-ның әскери комиссары қызметіне тағайындалады. 1940 жылы 4 маусымда комиссар
И.В.Панфиловқа генерал-майор атағы беріледі.
1941 жылы шілде айынан Ұлы Отан соғысы майданына аттанып, И.В.Панфилов 316-шы
атқыштар дивизиясын құрып, өзі басқарады. 1941 жылы генерал-майор Панфилов Москва
түбіндегі ұрыста қаза табады. Сол жердегі Новодевичье бейітіне жерленген. 1942 жылы 12
апрельде СССР Жоғарғы Кеңесінің жарлығымен И.В.Панфиловқа Совет Одағының Батыры
атағы беріледі. Ленин орденімен, 3 Қызыл Ту орденімен, бірнеше медальдармен награтталған.
Е.И.Пугачев көшесі
Пугачев Емельян Иванович 1742 жылы Дондағы Зимовенск станицасында дүниеге келіп,
1875 жылы қайтыс болады. Россиядағы 1773-1775 жылы шаруалар соғысының басшысы. 1756-
63 жылы жеті жылдық соғысқа, 1768-70 жылы орыс-түрік соғысына қатысқан. 1770 жылы
хорунжий дәрежесін алады.
1771 жылдың аяғында армияда қызмет етуден бас тартып, 1772 жылы тұтқындалып, одан
қашып құтылады. Сол жылы күзде Ырғыз өзенінің бойында тұрған. Пугачев казак-орыстарды
Кубань сыртындағы еркін жерге қашуға үгіттейді. 1773 жылы январьда тұтқындап Қазанға
әкеледі, май айында одан қашып құтылады.
1773 жылы тамызда ол Жайық әскерлері тұрған жерге келеді. Жайық казак-орыстарымен
байланыс жасап, казак-орыстардың жаңа көтерілісін басқаруға келіседі. Пугачев бастаған
шаруалар соғысы (1773-1775) – Россиядағы феодал-крепостниктік езгіге қарсы шаруалар
көтерілісі. Бұл қозғалысқа 100 мыңдаған белсенді көтерілісшілер – орыс шаруалары, казактар,
басқа халықтар қатысты. 1774 жылы 8 қыркүйекте тұтқындалып, өкімет орындарына
тапсырылады. Сенаттың үкімі бойынша Москвада өлім жазасына кесіледі.
Достарыңызбен бөлісу: