ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет312/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   308   309   310   311   312   313   314   315   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

Е.Ниетқалиев көшесі
- (бұрынғы Высотная көшесі)
Ниетқалиев Ерденбек (1914-1945) – Кеңес Одағының Батыры. Бөкей Орда жерінде 
дүниеге келген.
1936 жылы Алматы малдәрігерлік институтын бітіріп, соғысқа дейін Қызылорда 
облысында жұмыс істеген. Ұлы Отан соғысында, 12-гвардиялық атты әскерлер полкінің 
құрамында эскадрон командирі болады. Майдан жолымен 1945 жылы Германияға жетеді. 31 
қаңтарағы қиян-кескі шайқаста Ниетқалиев асқан шеберлік көрсетеді. Осы ұрыста қаза тапқан 
оған Батыр атағы берілген. Ленин және Қызыл Ту, «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен 
марапталған. Ұрпақтары тараз қаласында тұрады.
Г.Наумов көшесі - 
(бұрынғы Дружная көшесі)
Наумов Георгий Васильевич (1904-1944) – Кеңес Одағының Батыры. Кіші лейтенанттар 
даярлайтын курсты бітіріп, 276-гвардиялық атқыштар полкінің взвод командирі болған. 1943 
жылы 92-гвардиялық атқыштар дивизиясының лейтенанты Наумовқа Днепр өзенінің оң 
жағалауына өтіп, полктің команда пунктімен байланысты қамтамасыз ету жөнінде тапсырма 
беріледі. Сол ұрыста ауыр жарақаттанғанына қарамастан, үзіліп қалған байланыс сымын 
жалғап, ерлік көрсетеді. Оның есімімен Ресейдің Орынбор облысындағы Теплое селосында 
көше бар, ол тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылған. 
Нұғыман Залиев көшесі
 -
Орал қаласының Зачаганск ауылдық округі, «Балауса» шағын 
ауданындағы жаңа көшеге берілген атау. 
Нұғыман Залиев (5.5.
1889 жыл, Астрахан губерниясы, Қамыс-Самар уезі, Жаңақала 
(Сетекбай-тоғай) а. - 15.2.1938 жыл, Ақтөбе) - алғашқы халық мұғалімдерінің бірі, қоғам 
қайраткері. 
Тегі — Байұлына жататын масқар руының жәдік бөлімі. Әкесі Зал Асанұлы орта 
шаруалы, мұсылманша сауатты кісі болған.
Әкесінен оқып, сауатын ашқаннан кейін 
Қамыс-Самар
 бастауыш қазақ-орыс мектебін 
(1898-1902)
Орда
 қалалық орыс-қазақ Романов училищесін, училище жанындағы 
педогогикалық курсты бітірді (1905). 
Сол жылы Қазан мұғалімдер семинариясының тындаушылары, жерлестері 
М.Сәрсембиев,С.Меңдешевтің ақылымен Қазан мұғалімдер семинариясына қазына есебінен 20 
сом стипендиямен оқуға қабылданды. Осында жұріп И.Қашқынбаев, Ғ.Бердиев, Ә. Иманбаев 
сияқты қазақ студенттеімен, М.Уахитов, Н.Никольский, В.Охотников тәрізді татар, чуаш, мары 
ұлты өкілдерімен бірге Алафузов фабрикасы жанынан құрылған РСДРП ұйымының оқушылар 
ұясына кіргені үшін 1906-07 жылы полицияның жасырын бақылауына ілінді. 
Семинарияны 1909 жылы бітіргеннен кейін Ғұмар Қараш, Ғ.Мұсағалиев сияқты белгілі 
ағартушылар ашқан Тіленшісай мектебінде (қазіргі Казталов ауданындағы Қараоба маңында) 
жағырафия, тіршіліктану пәндерінен сабақ берді. 
Меңдешев бастаған халық мұғалімдері тобы ұйымдастырған жартылай бейресми «Халық 
мұғалімдері қоғамыньң» жұмысына қатысты. 1911 жылы.Астрахан, Қазан қаласынан келген 
полиция қызметкерлері саяси сенімсіз адам ретінде үйіне тінту жүргізді. Хан ордасында 1911 
жылы Е.Бұйрин, Ғұмар Қарапттардың ұйытқы болуымен жарық көрген түбегейлі 
демократиялық бағыттағы «Қазақстан» газетін шығаруға қатысты. 


217 
1916 жылы қазақ жігіттерін тыл жұмысына алу дүрбелеңі тұсында Меңдешев, 
М.Сәрсенбиндермен бірге жұмысшы жасақтарына адам алуды шаруа жағдайына байланысты 
шегере тұруды талап етті. Сол жылы тамыз айында Хан ордасына келген Астрахан 
губерниясының губернаторы Соколовскийдің қабылдауына Меңдешевпен бірге кіріп, жағдайы 
төмен, күнкөрісі қиын отбасынан шыққан жігіттерге жеңілдік жасауды сұрады. Патшаның 
маусым жарлығына (1916) наразылығы үшін губернатор бұйрығымен Меңдешев екеуі бірге 
тұтқындалып, Астрахан түрмесіне қамалды. 
Абақтыдан 1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін шығып, Бөкей өңіріндегі Залиев 
төңкеріске қызу араласты. 
жылы 28 қазанда РК(б)П мүшелігіне кандидат, 1919 жылы 28 қазанда мүше болды.
1918 жылы өткен Бөкей облысы Кеңесі 1-съезінің, Бөкей өңірі мұғалімдерінің 1- және 2-
съезінің делегаты,1919 жылы қаңтардан Бөкей облысы атқару комитетінің жанындағы 
халық ағарту бөлімінің төралқа мүшесі, осы бөлім жанындағы ұлттық мектептер 
секциясыньң мүшесі. Сол жылғы тамызда Меңдешевтің орнына халық ағарту бөлімінің 
меңгерушісі болып тағайындалды. 
1920 жылы қаңтарда Ақтөбеде өткен қазақ қызметкерлері конференциясына Бөкей 
коммунистері атынан қатысқан делегат. Бөкей облысы 4-съезінде 1-Бүкілқазақ Кеңестер 
Құрылтай съезіне делегат болып сайланды. 
Қазақтың тұңғыш 297 педогогикалық басылымы «Мұғалім» журналының (1919, Орда) 
авторы.1920 жылы Қамыс-Самар уездік атқару комитетінің төрағасы. 1922 жылдан 2-Өлкелік 
Бүкілқазақ конференциясында ҚАКСР халық ағарту комиссариатының төрағасы, кейін 
Кеңестердің 3-4 съездерінде ОАК-іне мүше болды. Шалғай ауыл-аудандарда мектеп ашу
мектеп жүйесін оқулықтармен, әдістемелік құралдармен жабдықтау, қазақша оқу құралдарын 
шығару ісін ұйымдастырды. В.Ленин шығармаларын қазақ тіліне аудару жөніндегі мемлекетік 
комиссияның төрағасы болды. 1924 жылы Гурьев уездік РК(б)П комитетінің хатшысы, 1925 
жылы ақпанда уездік атқару комитетінің төрағасы болып сайланды. Атырау жерінде мұнай, 
борат кәсіпшілігін, балық және мал шаруашылығын өркендетуге елеулі үлес қосты. Осында 
алғашқы мойынсеріктер, қосшы одақтарын ұйымдастыру, мәдени-ағарту саласын жолға қою ісі 
де оның есімімен байланысты. 1925-26 жылы Гурьев-Доссор тар табанды теміржолы 
басшылығымен салынды. 1927 жылы сәуірде Орал губерниясының атқару комитетіне төраға 
болып жоғарылатылды. 
1930-35
жылы Қостанай, Ақтөбе губерниясының Халық ағарту басқармаларының 
бастығы, 1936-37 жылы Орынбордағы қазақ мұғалімдер курсының директоры. 
1937 ж. 22 қыркүйекте ІІХК органдары тарапынан тұтқындалып, 1938 ж. 15 ақпанда 
КСРО Жоғарғы соты Әскери коллегиясы «үштігінің» қаулысымен Ақтөбе қаласында 57 
адамдық топпен бірге атылды. Бейіті Ақтөбе қаласынан 25 шақырым жердегі Түйетөбе 
мекенінде

Соңыңда Нариман, Манал есімді ұл-қыз қалды. Зайыбы Аппақ Нұғыманньң Зеленов 
ауданындағы туысы Залиев Дәулеткерейді сағалап барған, 1938 жылы қайтыс болды. Балалары 
жетімдер үйінде өсті. Нариман 
Ұлы Отан соғысында
 қаза тапты, қызы Манал ҚазПИ-ді (Абай 
атындағы Қазақ Ұлттық Педагогика Университеті) бітірді, өмір бойы 
Алматы
қаласында 
жалғызілікті өмір сүріп, 1982 ж. қайтыс болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   308   309   310   311   312   313   314   315   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет