219
Бүкілқазақстандық байқауында бірінші орынға ие болады. 1939 жылы 77 жасында халық
аспаптарын тартатын өнерпаздардың Москвада өткен Бүкілодақтық бірінші байқауында, 1944
жылы 83 жасында Орта Азияның бес республикасынан өнерпаздар қатысқан Ташкенттегі
онкүндікте жүлделі орындарды жеңіп алған. Ташкенттегі онкүндікте Динаның өнерін көзімен
көріп, құлағымен тыңдаған музыка зерттеушісі А.Островский былай деп жазды: «Онкүндік
кезінде халық дарындарының шоқ жұлдыздары көрсеткен өнердің бірде-бір әйгілі
Құрманғазының тамаша шәкірті, қазақтың сексен жастағы домбырашысының шаңына да ілесе
алмады. Оның домбыра тартысының әсері қайталанбайтын керемет, тыңдаушысын билеп
әкетеді» деп жазған екен.
Дина шеше Қазақстанның 20 жылдығына орай шығарған «Тойбастар», Ұлы Отан соғысы
басталғанда хылықты майданға шақыра тартқан «Ана бұйрығы», сол соғыстың жеңіспен
аяқталуына орай «Жеңіс» сияқты күйлерін шығарған. Нұрпейіскеліні Дина дүниеге күй тартып
келіп, сол жарық дүниемен күй тартып қоштасқан жан. 1955 жылы Дина қайтыс боларынан
бірер сағат бұрын домбырасын сұратып алдырып, әлсіз саусақтарымен өмірлік серігін аялай
қағып, Құрманғазының «Қайран шешем» күйіне салып, саусақтары икемге келмей, күйді
көкірегінде жаңғыртып жатып көз жұмады.
Достарыңызбен бөлісу: