ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет310/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

Муса Жалел көшесі - 
Орал қаласының Зачаганск ауылдық округі, «Кең дала» шағын 
ауданындағы жаңа көшеге берілген атау.


215 
Мұса Жәлил 
-
татар ақыны және күрескер. Ол кеңес үкіметінің екі ең жоғарғы 
марапатын: Кеңес Одағы Батыры атағын (жеке басының ерлігі үшін) және Ленин 
сыйлығын(
Моабит дәптерлері
шығармасы үшін) екеуімен де қайтыс болғанынан кейін 
марапатталды.
Мұса Жәлил 1906 жылы 15 ақпанда Орынбор губерниясындағы Мустафино ауылында 
ескі заттарды сатумен айналысатын кәсіпшінің отбасында дүниеге келіп, 1944 жылы 25 
тамызда дүниеден өткен. Ол Орынбордағы Хұсайния медресесін бітірген. Алғашқы өлеңдері 
революция тақырыбына арналады. Жәлилдің ең алғашқы еңбектерінен түркі ақындық өнеріне 
тән «аруз» дәстүрінің әсерін байқауға болады. 1919 жылы ол сол кездері ақтардың билігінде 
болған. Орынбордың астыртын комсомол ұйымына мүше болады. Содан соң Жәлил азамат 
соғысына қатысады, бірақ жасы келмегендіктен майданда әскери қимылдарға қатысқан жоқ, 
ақтарды жақтайтын қарулы
топтармен күресуге ат салысады. 1920 жылы Жәлил өзінің туған 
ауылына қайтып оралып, онда «Қызыл гүл» атты жас коммунист ұйымын ашады. Ол 
Мустафинода комсомол белсендісі болады. Губерниялық комсомол конференциясында өз 
ауылынан делегат болып барады.
Н 
 
Нарын -
Зашаған кентіндегі жаңа көше. Қазақстандағы тарихи жер атауы. Батыс 
Қазақстан облысының оңтүстік - батысындағы үлкен құм мен өзен. Бұл атау, әсіресе, Нарын 
құмына байланысты кеңінен тараған. Нарын алқабы облыстың оңтүстік - батысында 
орналасқан Бөкей ордасы ауданының территориясына кіреді. Барлық көлемінің 2 процентін 
құмдақ шөлейттер құрайтын Батыс Қазақстан облысындағы ең үлкен құмның бірі. Нарын сөзі - 
қазақ даласына кең тараған атау. Сондай-ақ, Нарын атты өзен Қырғызстанда, Тува 
республикасында, Чита облысында Нарынқопа, Нарынқұдық, атаулары Наманқан облысы мен 
Калмыкияда кездеседі. Бұл атаудың моңғол тілінен енгендігін айта отырып, ғалымдар оның 
этимологиясы төңірегінде бір пікірге келе бермейді. «Моңғолша- қазақша» сөздікте: «Нарын»- 
күн, күнгей ұғымын береді десе, Э.Мурзаев оны моңғолдың «Нарийн» -жіңішке, нәзік сөзінен 
шыққан деп түсіндіреді. Шынында да, нарын сөзінің беретін мағынасы көп. 1) Жіңішке; 2) 
жинақы, ұқыпты, 3) шебер, қу, айлакер; 4) сараң, қатты мағыналарын береді. Нарын 
топониміне жақын келетіні - біріншісі, өйткені, Нарын құмының көлемі Қарақұм, 
қызылқұмдарға қарағанда кішкене, шағын және сусыған нәзік құм. Сондықтан Нарын сөзі күн, 
күнгей мағынасынана гөрі, аумақ, көлем өлшемін білдіретін моңғолдың «Нарийн» сөзінен 
шыққан деген жорамал дұрыс. (Ұ.Р.Ержанова)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет