ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет318/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

 
Г.Рамаев көшесі - 
(бұрынғы Архитектурная көшесі)
Рамаев Ғаяз Ғалиасқарұлы (1921-1943) – Кеңес Одағының Батыры. Соғыстың алғашқы 
күндерінен бастап майданға аттанып, 72 – атқыштар дивизиясы, 128 – барлаушылар полкін 
басқарған. Сталинград түбіндегі шайқаста батыл да ержүрек командир ретінде ерекше көзге 
түскен. Қызыл Жұлдыз орденімен, «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған. 
В.В.Радлов атындығы көше
Зашаған елді мекенінде орналасқан жаңа көше.
Радлов Виктор Владимирович /Фридрих Вильгельм/ (5.01.1837, Берлин-12.05.1918, 
Петроград) 
Орыс, қазақ, шығыс тілдерін зерттеген, түрколог-ғалым, этнограф, археолог. Петербург 
ғылым академиясының академигі. 1858 жылы Берлин университетін бітірген. Азия 
антропология және этнография музейінің директоры. Орта және Шығыс Азияны зерттеу 
бойынша орыс комитетін құрушылардың бірі. Радлов шығыс тілдерін зерттеген. Отандық 
туркологияның дамуына зор үлес қосқан ғалым. 


222 
Қ.Рысқұлбеков көшесі - 
(бұрынғы Парковая көшесі)
Қайрат Рысқұлбеков 1966 жылы Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында дүниеге 
келген. «Халық қаһарманы», қазақ ұлтының патриот ұлы.
1986 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтына оқуға түсіп, сол жылғы желтоқсан 
оқиғасына белсена қатысқан. 1987 жылы қамауға алынып, сол жылы ату жазасына кесіледі. 
Кейін жазасы 20 жыл бас бостандығынан айыруға ауыстырылады. Бірақ Семей түрмесінде 
белгісіз жағдайда қайтыс болған. 
1992 жылы 21 ақпанда ақталып, «Халық қаһарманы» атағы беріледі.
С 
 
Салық Бабажанов көшесі – 
Орал қаласының Зачаганск ауылдық округі, «Балауса» 
шағын ауданындағы жаңа көшеге берілген атау.
Бабажанов Мұхамед-Салық (1832, Бөкей ордасы - 1871, сонда) — этнограф, қоғам 
қайраткері, ағартушы. 
Әкесі - Жәңгір ханның қайын атасы, Исатай, Махамбет көтерілісінде жиі айтылатын 
Қарауылқожа Бабажанов. Салықтың анасының аты Жәмила, жұбайы Ғазиза атақты күйші 
Дәулеткерейдің қарындасы. 
Ордадағы орыс-қазақ мектебінде бастауыш білім алған (1841-45) соң, Орынбордағы 
Неплюев кадет корпусыныңАзиялық бөлімін бітірген (1851). 
М.Бабажанов есімі белгілі Жәңгір ханның мектебін бітіріп және оның қамқорлығымен 
1845 жылы М.Бекмұхамедов, Ж.Ниязов, М.Жантөриндермен бірге Орынбордағы Неплюев 
атындағы кадет корпусында оқыған 8 жастың бірі. Бұлардың бәрі де кейін ел алдында 
абыройлы қызмет атқарған алғашқы білімді қазақ азаматтарының қатарынан орын алды.1852-
55 ж. Орынбор шекаралық комиссиясының кеңсесінде қызмет етті. 1855 ж. Ішкі Орда 
қазақтарының толқуына қатысты деген желеумен қызметінен қуылып, 2 ай абақтыда 
отырды.1855-61 ж. Ішкі Орданы басқару жөнінде Уақытша кеңестің кеңесшісі болды.1862 ж. 
қызметтен кетіп, 1866 жылға дейін мал шаруашылығымен шұғылданды. 1866-71 ж. Ішкі 
орданың Қамыс-Самар бөлімшесінің басшысы қызметін атқарды. 
Бабажанов қазақтың салт-дәстүрі, шаруашылығы, діни нанымы, аңшылық кәсібі жөнінде 
еңбектер жариялады. Халықтың көне тарихи мұраларын, аңыз-ертегілерін, өлең-жырларын, 
мақал-мәтелдерін жинап, зерттеді. Ресей музейлері мен ғылыми мекемелеріне қазақ тарихы 
мен тұрмысына қатысты археологиялық, этногр. жәдігерлер жіберді. 
1861 ж. Орыс географиялық қоғамының мүшесі болып сайланды. Этнография бөлімінің 
жұмысына елеулі үлес қосқаны үшін 1862 ж. аталмыш қоғамның күміс медалімен 
марапатталды. Бабажанов — ғылыми еңбектері үшін ресми марапатталған тұңғыш қазақ. 
Бабажановтың ғылымға сіңірген еңбегі туралы Ш.Уәлиханов, П.П.Семенов-Тянь-
Шанский, В.В.Григорьев,П.И.Небольсин, А.Харузин, т.б. пікір білдірген. Белгісіз жағдайда 
қаза тапқан. 
Дәулеткерей оған «Салық өлген» күйін арнаған. Сондай-ақ ақын Е.Раушановтың 
Бабажанов туралы «Сарыөзен» атты поэмасы бар. 
1854 жылдан бастап Санкт-Петерборда, Орынборда және іргелес Астрахань 
губерниясында шығып тұратын «Северная пчела», «Санкт-Петербургские ведомости», 
«Деятельность», «Охота», «Волга», «Орыс географиялық қоғамының хабарлары мен 
жазбалары», «Этнографиялық жинақтар» сияқты газет-журналдарды жаздырып алып, оқыды 
және оларға мақалалар жазды. 
Оның әсіресе «Қымыз туралы жаңалық», «Орал казак-орыстары мен Ішкі Орда 
қазақтарының айтысы», «Ішкі қазақ Ордасының жылқылары және оны бағу», «Нарын құмы 
жөніндегі мәліметтер», «Ішкі Бөкей ордасындағы аңшылық» деп аталатын мақалалары мен 
зерттеу еңбектері мән-маңызы өте жоғары еңбектер еді. Әсіресе, мұндағы жылқы, қымыз 
жөніндегі жазбалары күні бүгінге дейін құны жоғалмайтын дүниелер. 
Нарын құмынан табылған әйел мүсініндегі балбал тас үшін ол күміс медальға ие болды. 
«Заметки киргиза о киргизах» («Қазақтың қазақтар туралы жазбалары») 1861 жылы Санкт-
Петерборда басылған. Сонымен бірге ғалымның батыс қазақ жерінің кен байлығы, 
географиялық ерекшеліктері топономика, этнография, тарих саласындағы еңбектері де бар. 


223 
Олардың көпшілігі М.Бабажановтың көзі тірісінде және дүниеден өткеннен кейін де 
жарияланған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет