Т.
Масин көшесі
Масин Темир Жантекеұлы – 1906 ж 28 декабрьде Батыс Қазақстан облысы, Орда
ауданының Жиенқұм аулында кедей шаруның семьясында дүниеге келген.
Ұлты - қазақ. 1928 жылы Букей педагогикалық училищесін бітірген. Ауыл мұғалімі,
мектеп директоры, аудандық білім басқармасының меңгерушісі , аудандық саясат бөлімінде
орынбасар қызметтерін атқарған. 1930 жылдан ВКП(б) мүшесі.
1941 жылдың шілдесінен Қызыл Армия қатарында болған. Сол жылдың тамызында
соғысқа аттанған. Офицер, кіші лейтенант қызметтерін атқарып, Батыс, Солтүстік Батыс, І
Белорусь майдандарына қатынасқан. Қызыл Ту орденді Александра Невский атындағы 922-ші
8- ші атқыштар ротасының командирі, Қызыл Ту орденді Суворов дивизиясының капитаны.
1944 жылдың 1 шілдесінде капитан Т.Масин басқарған атқыштар ротасы Могилёв-Минск
тас жолын кесіп, немістердің сегіз қарсылығына тойтарыс берген. 74 автомашина, 31
мотоцикл, сегіз жүздей фашист басқыншыларын жойған. Осы ұрыста өзі жараланады.
СССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен 1945 жылы 24 мартта атқыштар
ротасын дұрыс басқарғаны үшін және әскери тапсырмаларды табысты орындағаны үшін,
басқыншылармен қарсыластықта қайрат пен ерлік қөрсеткені үшін Масин Темир
Жантекеұлына Совет Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені мен «Алтын жұлдыз»
медалі қоса берілді.
1945 жылдан Масин Темир Джантикеевич запаста. Орал облысы Тайпақ ауданын
басқарған. 1947 ж 8 шілде күні колхоз жұмысында жүріп, өрт сөндіру үстінде қаза тапқан.
Орал қаласында жерленген. Қазір Бөкей Орда ауданының Бисен аулындағы орта мектеп осы
азаматтың есімімен аталады. Үйіне ескерткіш тақта орнатылып, көше атауы берілді.
Мәдениет көшесі -
(бұрынғы Советская көшесі)- Деркөл кентіндегі жаңа көше.
Мектеп көшесі
- Деркөл кенттік округіндегі жаңа көше.
Қ.Миханова көшесі -
(бұрынғы Лиманная көшесі)
Миханова Қайша – (1907-1980ж.ж). 1907 жылы Жалпақтал ауданында дүниеге келген.
Аға шопан, Социалистік Еңбек Ері. 1943 жылдан Талдыапан қой кеңшарында шопан болып
жұмыс жасаған. Қазақстанның мал шаруашылығына еңбегі сіңген адам. Жыл сайын малды
шығынсыз бағып, төл алуда жоғары көрсеткіштерге жеткені үшін оған ең мәртебелі атақ
берілді. Миханова Қайша есімі бұрынғы шаруашылықтағы бөлімше орталығына, сондай-ақ
балалар комбинатына беріліп, туған аулында ескерткіш –мүсіні қойылған.
Достарыңызбен бөлісу: |